Мұғалім: Теміралы М.Н.
Класы: 4 «Б»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Мақсаты: оқушыларға етістік туралы білімдерін кеңейте түсу.
1.Оқушылардың білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу;
2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
3.Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық
Ұйымдастыру кезеңі:
Қазір бізде қазақ тілі сабағы. Күндегіден өзгеше, өйткені сабаққа қонақтар қатысуда.
Түстерді таңдау арқылы үш топқа бөліндік.
Оқушылар түрлі -түсті қағаздарды таңдау арқылы үш топтарға бөлінеміз. Әр оқушы таңдаған түсі арқылы топқа жайғасамыз.
(жасыл, қызыл, көк)
І-топ. Жасыл түс.(қағаз)
ІІ-топ. Қызыл түс. (қағаз)
ІІІ-топ. Көк түс.(қағаз)
түстер бойынша орналасып болсақ, зат есім туралы алған білімдерімізді еске түсіреміз.
ІІ. Өткенді еске түсіру
-зат есім туралы алған білімдерімізді еске түсіреміз.
-зат есім дегеніміз не?/ заттың атын білдіретін сөздер/ е
-оларға қандай сұрақтар қойылады?/ кім? не? кімдер? нелер? сұрақтары қойылады./ т
-қазақ тілінде неше септік бар? / 7 / і
-зат есімге қандай жалғаулар жалғанады? /көптік, септік, тәуелдік, жіктік / с
- оқушымын сөзін сөз қүрамына талда./ түбірі оку, шы жұрнақ, мын жіктік жалғауы / т
-кітапты сөзінде қай септік жалғауы жалғанған? / түбірі кітап, ты табыс септік жалғауы / і
-әже сөзін тәуелде./1-жақ менің әжем, 2-жақ сенің әжең, 3-жақ оның әжесі./к
Сонымен оқушылар зат есім туралы алған мәліметтерді қайталадық. Бізде қандай сөз шықты?
- Етістік. Олай болса бүгінгі сабақта етістік туралы алған білімізді толықтырып, еске түсіреміз және жаттығу жұмыстарын жазамыз.
Еске түсіру үшін алдымен кестеге қарайық.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
мағынасы /заттың қимылын білдіретін сөздер
сұрақтары/ не істеді? неқылды? қайтті?
дара / бір сөзден болған етістік
күрделі/ екі не оадан да көп сөзден болған етістіктер/ ойнап отыр, жүріп
болымды / айт, жүр, тұр
болымсыз/ тұрма, жүрме, айтпа
негізгі / айт, жүр, тұр
туынды/ төрле, ақылдас, ойлан.
Олай болса балалар дәптерімізді ашып бүгінгі күннін жадын жазайық.
а) дәптермен жұмыс.
Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ее Ее Есет бір жасқа есейді.
ә) оқулықпен жұмыс.
Оқушылар кітабымыздың 146-бетіндегі 2 - жаттығуға қарайық.
2-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап.
Суда қалқиды,
Жылыда балқиды. (мұз)
Оқушыларды түсті қағаздар арқылы топтарға бөлу.
(жасыл,қызыл,сары)
І-топ. Жасыл түс.(қағаз)
Етістіктердің астын сыз.
ІІ-топ. Қызыл түс. (қағаз)
Дара немесе күрделі екенін айт.
ІІІ-топ. Сары түс.(қағаз)
Шешуін қатыстырып сөйлем құрайды.
3-жаттығу. Берілген етістіктердің ішінен туынды етістіктерді теріп жазамыз.
І-топ. Жасыл түс.(қағаз)
Туынды етістіктерді оқиды.
ІІ-топ. Қызыл түс. (қағаз)
Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.
ІІІ-топ. Сары түс.(қағаз)
Неліктен туынды етістік екенін дәлелде.
Дәлелдеу үлгісі: Ақта- туынды етістік , өйткені оның түбірі - ақ. " Ақ" сөзі - сын есім, оған - та жұрнағы жалғанғада қимылды білждіріп тұр. Сондықтан ол туынды етістік болады.
Сергіту сәтті:
6-жаттығу Етістіктерді оқып, мағынасын түсіндіру.
Әр топ екі сөзден алып, болымсыз етістік жасап жазады жіне сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.
Сыз , теже , тұса , үз , мүжі , күл , еге.
* Етістіктердің болымды, болымсыз түрін қатар жаз.
Үлгі : сыз - сызба, теже - тежеме, тұса -тұсама, үз - үзбе, мүжі -мүжіме, күл - күлме, еге- егеме.
І топ
ІІ топ
ІІІ топ Тест тапсырмасын орындайды.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? в) 9
2. Сөйлемдегі етістікті көрсет.Бүгінгі жиналыста Ажар өз ойын айта салды. в) айта салды.
3.Не істеді ? Сұрағына жауап беретін сөзді белгіле. с) апарды.
4. Етістіктің сұрақтарын көрсет. а) не істеді ?
5. Мақалды етістікпен толықтыр. Оқу инемен құдық.... с) қазғандай.
Бекіту: Ребус шешу.
Үйге тапсырма: 4 - жаттығу, ереже.
Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі