Өлең, жыр, ақындар

Есепті теңдеу құру арқылы шығару.

Мұғалім: Теміралы М.Н

Класы: 4 «б»

Пәні: Математика

Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.

Мақсаты: теңдеу құру арқылы есептер шығару жолдарын пысықтау.

1. Балалардың есептерді арифметикалық және теңдеу құру арқылы шығару сияқты тәсілдері жөнінде білімдерін қорыту.

2. Есептеу дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.

3.Талдау, салыстыру, қорытынды жасай білуге баулу.

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену

Көрнекілігі: плакаттағы суреттер,сызба, кестелер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасын тексеру.

№ 9, ауызша тексеру.

Өткенді пысықтау. Теңдеу дегеніміз не?

Белгісіз санды немен белгілейміз?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Көркем жазу.

2 2 =4 2 3 =

Оқулықпен жұмыс № 1.

Есепті оқу, талдау, шартын құру, периметрін өрнек түрінде жазу.

а) Тік төртбұрыш ә) Тік төртбұрыш

1-ші қабырғасы – х см Ұзындығы а—х см

2-ші қабырғасы -4 см Ені -- в -2 см

3-ші қабырғалары -.3см Р -? См

4-ші қабырғасы -3 см

Р- ? см Шешуі. Р=( х см +2 см) *2

Шешуі. Р= Х см+ 4см +3см+3см=Х см+10 см

№2

Есепті оқу, талдау, шартын құру, екі тәсілмен шығару.

Алманың бағасы -210 тг -бұл картоптан 3 есе қымбат

Картоптың бағасы - ? тг немесе х тг

Шешуі. а) 210:3=70 тг ә) х *3=210

Х=210:3

Х=70

Жауабы. Картоптың бағасы -70теңге

№3

Есепті оқу, талдау, шығару.

Тік төртбұрыш

Р -32 см

в-? См - х

а -? 3есе артық -х *3

Шешуі.

Есепті теңдеу құрып шығару.

Р= ( а+в) *2

32=( Х *3 + Х) *2

32:2=( х*3+х) *2:2

16= х*3+х мұндағы х=4 х*3= 4*3=12

Жауабы. Тік төртбұрыштың ені- 4см, ұзындығы 12 см

№4

Есепті оқу, талдау, шартын құру, есепті теңдеу құрып шығару.

1-ші табаққа 3кг –нан -?қап ұн

2-ші табақта -10 кг +2кг -?қап ұн

Шешуі. Х*3 =10+2

Х=12:3

Х=4

Жауабы.4 қапшық ұн.

№5

Есепті теңдеу құрып шығару.

Тік төртбұрыш

Р -192 см

1-ші қабырғасы – 56 см

2-ші қабырғасы - ? см

Шешуі. Р =( а + в) *2

192=( 56 + х) *2

56+х =192:2

56+х=96

Х=96-56

Х=40

Жауабы. 2-ші қабырғасы – 40 см

№6

Есепті теңдеу құрып шығару.

Қыз бала – х *20 тг

Ер бала - 300 тг +100 тг

Шешуі. Х *20 = 300+100

Х *20= 400

Х= 400:20

Х=20

Жауабы. Қыз баланың 20 – 20теңгелігі болған.

№7

а) Сурет бойынша есеп құрастыру, оны ауызша есептеу.

Машина 100 км жолға 9 литр бензин жұмсайды.Машина 200 км жолға неше литр бензин жұмсайды? 300 литрге ше? 400 литрге ше? 500 литрге ше?

100 км -9 л

200 км-?л Шешуі. 200:100 *9=2*9=18 л

300 км -? Л Шешуі. 300:100 *9=3 *9=27 л

400 км -?л Шешуі. 400:100 *9= 4*9= 36 л

500км -? Л Шешуі. 500:100 *9= 5*9=45 л

Жауабы. 200 км-18 л, 300 км- 27 л, 400 км- 36 л, 500 км- 45 л.

ә) 10 домбыраға – 20 шек

6 домбыраға -? Шек

Шешуі . 20: 10= 2 ш

  1. *2 = 12 ш

Жауабы. 6 домбыраға 12 шек қажет.

Шығармашылық тапсырманың жауабы. 48 *2=56 цифр қажет.

Бекіту: бүгінгі сабақта не істедік, неге үйрендік?

Үйге тапсырма: №8, № 9. 127- бет.

Бағалау.

 


Пікірлер (2)

Бибіайша

Мұғалімдерге өте тиімді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз