Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Байдуанова Кулпарчин Агабековна
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет».
Оқу қызметі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы!»
Мақсаты: Қоршаған ортаның жан-жантылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар, мамандық арқылы кеңейту. Туынды кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау. Туынды кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білімін дамыту.
Көрнекіліктер: Мамандық түрлерінің суреттері.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотевациялық қозғаушылық
|
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңбер құрайық. Кел, балалар ортаға, Үлкен шеңбер құрайық. - Қонақтармен бүгінгі Амандасып алайық. -Ал, енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын. -Бүгінгі оқу қызметімізде ақы Музафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы!» өлеңімен танысамыз. |
Шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады.
|
Ұйыдастырушылық ізденушілік
|
Кіріспе. Әңгіме. - Ақын Музафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы!» өлеңін оқып беру. Құрылысшы: Қолда темір қалағым, Содан сарай қаладым. Алматыдан аумайтын, Әсем қала саламын.
Шахтер: Орны бөлек елдегі, Шахтердің көп еңбегі. Тау-тау болып үйілген, Оның қазған кендері.
Ұстаз: Оқу білім ордасы, Ұстаз оның арнасы. Ұстаздық деген ұлы іс, Адамдардың айнасы.
Ғарышкер: Тұңғышты – ғарышты, Тұнып тұрған алысты. Орындалып арманы, Ғарышкерлер шарлады.
- Балалар өлең шумағында не жайлы айтылған? - Кім балаларға білім береді? - Автобусты кім айдайды? - Тұрғын үйлерді кім салады? - Балаларды кім емдейді? Сурет бойынша әңгімелесу: - Балалар қараңдаршы суреттен нені көріп отырсыңдар? - Бұл дәрігер.
- Шаштараз.
- Аспазшы.
- Өрт сөндіруші өрт сөндіріп жатыр? - Міне балалар бұларды біз жұмыс жасайтын мамандық иелері деп атаймыз. Балалар бұл мамандықтың иелерінің атқаратын қызметіне қарай құрал-жабдықтары да әр түрлі болады. Құрал-жабдықтармен таныстыру. Ғажайып сәт: Топқа аспазшы, полиция қызметкерінің киімдерін киген балалар кіріп келеді. - Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті. - Қонақтар бізге жұмбақ ала келіпті. -Балалар сендер ойланып жұмбақтың шешуін айтыңдар. Аспазшы: Қалпағы ақ қарасақ, Дәрігер емес бірақ ол. Дәм мәзірін қаласақ, Алға ұсынып тұрады ол.
Полиция қызметкері: Алатаяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам.
- Балалар орнымыздан тұрып бойымызды жазып, денемізді сергітіп алайық. Сергіту сәті: Іш ауырса, тіс ауырса, Анам дәрі береді. Барлық бала, барлық ана, Оны жақсы көреді. Дидактикалық ойын: «Орнын тап». Ойын шарты: Балаларға мамандық иелерінің керекті құрал- жабдықтарын тауып орнына қою. Көрнекілігі: аспазшы, шашатараз, дәрігер, және мұғалім суреттері мен оларға керекті құрал-жабдықтарының суреттері. |
Балалар мұқият тыңдайды.
- Ұстаз. - Жүргізуші - Құрылысшы - Дәрігер
Балалар әңгімеге қатысып сұрақтарға жауап береді. Суреттер бойынша өздері білетін мамандық иелері туралы әңгімелейді.
Балалар жұмбақтың шешуін айтады.
- Полиция қызметкері.
Қимыл–қозғалыс әрекеттерін жасайды.
Балалар ойынға қатысады. Керекті суреттерді тауып орнына қояды. |
Рефлекциялық түзетушілік
|
Қорытындылау. - Балалар оқылған сөздің ортасындағы айтылмай қалған сөздерді тауып айтуларың керек. Мұқият тыңдаңдар. Тамақты ... дайындайды. (аспазшы) Ауруды ... емдейді. (дәрігер) Балаларды ... оқытады. (мұғалім) Тәртіпті ... сақтайды. (полиция) Киімді ... тігеді. (тігінші) Шашты ... қысқартады. ( шаштараз) - Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер? - Сендер өскенде кім болғыларың келеді? Балаларды мақтап мадақтау. |
Балалар айтылмай қалған сөздерді табады.
- аспазшы - дәрігер - мұғалім - полиция - тігінші - шаштараз
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Мамандық иелерін;
Түсінеді: Мамандықтардың ерекшеліктерін;
Меңгереді: Мамандық иелерін ажырата алады, көрсетеді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі