Астана қаласы №61 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Ракулова Гульнур Асановна
САБАҚ: Табиғат пен адам Лепті сөйлем |
Мектеп: 61 |
||||
Күні: 28.11.2018 |
Мұғалімнің есімі: Ракулова Г. А
|
||||
СЫНЫП: 2 Г |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: 0 |
|||
Сабақ негізделген оқу мақсаты |
22.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.7.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі). |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
Лепті сөйлем туралы біледі |
|||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||||
Лепті сөйлемді ажырыта алады. Тыныс белгісін қоя алады. |
|||||
Кейбір оқушылар: |
|||||
Хабарлы, сұраулы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдыра алады. |
|||||
Бағалау критерийі |
Лепті сөйлем туралы білді. Лепті сөйлемді ажырыта алды. Тыныс белгісін қоя алды. Хабарлы, сұраулы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдыра алды. |
||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі, тарих. |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
Басталуы 5 минут
|
Оқушылар топтасып отырады Психологиялық ахуал қалыптастыру: Ал балалар, қазір қазақ тілі пәні, сабаққа дайынбыз ба? Бүгінгі сабақ ерекше болайын деп тұр, өйткені бізге қонақтар келіпті. Олай болса бар білімімізді ортаға салайық. Қазақ тілім, бабам тілі -өз тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, Бақытым дара тілім. Балалар сабақты бастамас бұрын, білетін ережелерді қайталап көрейік. Ол үшін «Мен бастайын, сен жалғастыр» ойынын ойнап көрейік. Мен сөйлемнің басын бастаймын сендер аяқтайсыңдар. 1. Сөйлем аяқталған (ойды білдіреді) |
|
|||
Ортасы 18 минут |
Өлеңді түсініп, оқы. Жалпыға арналған тапсырма: «Интервью» әдісі Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады.Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Өлең не туралы? Табиғатқа нелер жатады? Бізді қоршаған орта не деп аталады? Жақсы балалар енді өлеңге ат қояйықшы «Отанымның табиғаты» керемет Сурет бойынша білетіндеріңді айтып көріңдерші Суреттегілердің бәрін қалай айтуға болады? Табиғат Көп нуктенің орнына әр топтан бір оқушыдан шығып, қажетті сөздерді өздерің тауып жазыңдар. Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхатқа шығайық. Олай болса интербелсеңді тақтаға назар аударайық. Өзімізді осы табиғат аясында жүргендей сезінейік! Қалай, ұнады ма? Біз сезімдерімізді қалай білдіреміз. Өздеріңнің көңіл-күйлеріңді сөйлемдер арқылы білдіріңдерші. Қандай керемет! Табиғат неткен тамаша! Қараңдаршы, мына гүлдердің әдемісін-ай! Елімнің табиғаты керемет екен! Балалар, осы сөйлемдерге назар аударайықшы. Бұл сөйлемдерден біз нені байқаймыз? Олар қалай оқылады? Сөйлемдердің соңына қандай белгі қойылады екен? Леп белгісі ! Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Лепті сөйлем. Сабағымыздың мақсаты. Лепті сөйлем туралы білу. Лепті сөйлемді құрастыру. Тыныс белгісін қою. .Тақтадағы сөйлемдерге қарап қандай ереже құрастыруға болады екен? Лепті сөйлем адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді. Олар көтеріңкі дуыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады. Ережені бірнеше рет қайталаймыз. «Келісемін, келіспеймін» ойынын ойнайық. Хабарлы сөйлем тиянақты ойды білдіреді. Хабарлы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады. Лепті сөйлем көтеріңкі көңіл-күйді білдіреді. Сұраулы сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады. Сұраулы сөйлем жауап алу мақсатында айтылады. Лепті сөйлемнен кейін нүкте қойылады. Топтық жұмыс: Үш топқа үш конверт беріледі,олар топпен сол конверттегі қиылған суретті құрастырып сурет шығару керек .Сол сөзді қолданып хабарлы, сұраулы және лепті сөйлем құрастырады. Ал, қазір біз не істедік? Хабарлы сөйлем , сұраулы сөйлем және лепті сөйлем құрастырдык. Бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданды..Енді түстер арқылы бір-бірімізді бағалайық.Жасыл түс тапсырманы дұрыс орындады, сары түс аздап ойлану керек, қызыл түс орындай алмады. |
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. «Интервью» әдісі
Бейнежазба «Табиғат әседігі» |
|||
Сергіту сәті 2 минут |
Қыздар: -Бақа-бақа, балпақ. Басың неге жалпақ? Ұлдар: -Темір телпек көп киіп, Басым содан жалпақ Қыздар: -Бақа-бақа, балпақ. Көзің неге тостақ? Ұлдар: -Көрінгенге көп қарап Көзім содан тостақ Қыздар: -Бақа-бақа, балпақ. Бұтың неге талтақ? Ұлдар: Су ішінде көп жүзіп Бұтым содан талтақ Ал, көңіл күйіміз қалай? Тыныс белгісі арқылы көрсетеміз |
|
|||
Аяқталуы 15 минут |
Жұптық жұмыс Сұраулы, хабарлы сөйлемдерді, лепті сөйлемдерге айналдырамыз. Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе? Сыныпта өнерлі оқушылар сондай көп! Мектеп ауласында әдемі гүлдер егілген бе? Мектеп ауласына сондай, әдемі гүлдер егілген! Әкем шаңғы әкелді.Алақай, әкем шаңғы әкелді! Қар қалың жауды. Қардың қалың жаууын-ай! Ертең ауылға қуыршақ театры келеді .Алақай, ертең ауылға қуыршақ театры келеді! Сенің күлкің әдемі. Сенің күлкің сондай әдемі! Ия,бұл тапсырманы да орындадық. Яғни хабарлы, сұраулы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырдық, тыныс белгілерін дұрыс қойдық. Өз-өзімізді түстермен бағалайық. Ал қазір, «Тез ойлан» ойынын ойнайық. Мұғалім сөйлемдерді оқиды, балалар тыныс белгілерін көтереді. 1. Бәйтеректің басына сен шықтың ба? 2. Ыстық қой шіркін туған жер! 3. Алақай, мен Астанаға баратын болдым! 4. Райхан апай көйлек тікті. 5. Ертең киноға барасың ба? Өз үйін тап ойыны. Тақтаға үш оқушы шығады. Кеспе қағазға жазылған сөйлемді оқиды.Сөйлемнің түріне ажыратып, тыныс белгілері жазылған үйлерге қоныстандырады. Жеке жұмыс: 4-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Тиісті дауыс ырғағымен оқы. Алақай, алақай! Күн шықты, кун шықты, Жер үстіне нұр шықты! Өлең шумағы сенің көңіл күйіңе қалай әсер етті? Сонымен балалар, лепті сөйлемнің ережесін қайталайық. Әр оқушы өз бетімен 3 лепті сөйлем құрастырады.Оқиды Балалар, сендерге бүгінгі сабақ түсінікті болды ма? Тыныс белгісімен көрсетейік. |
Оқушылар кестемен жұмыс жасайды |
|||
Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 101-бетте. |
|||||
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
«Менің көңіл-күйім баспалдағы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
|
||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі