Өлең, жыр, ақындар

Дарабоз интеллектуалды сайысы

Сыныптан тыс оқу қызметінің тақырыбы:

«Дарабоз» интеллектуалды сайысы.

Мақсаты: интеллектуалды ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, дұрыс сөйлеу дағдысын  қалыптастыру. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

-Құрметті сайыс қонақтары мен балалар! Біздің «Дарабоз» атты интеллектуалды сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.

-Сайыскерлерді бір-бірден ортаға шақыру.

1. Талғат Сафия Қанатқызы

2. Бақтыбек Бексұлтан Асланұлы

3. Мергенбай Маханбет Сәкенұлы

4. Тулеу Еңлік Ерланқызы

5. Серікхан Саян Нариманұлы

6. Әкімғали Махаббат Мұхамедқалиқызы

7. Надірбек Алдияр Бейнұрұлы

-Ал, балалар, қонақтармен амандасып алайық.

(3 тілде амандасады)

Әр сайыскер өз орнына отырады.

Әділ-қазы алқасын сайлау:

Ал, құрметті халайық,

Жарысты енді көріңіз.

Әділ – қазы алқасы

Әділ баға беріңіз.

 

 

Кезеңдері:

1.Таныстыру

Сайысқа қатысып жатқан балалар өздерін таныстырады.

 

2. «Кім жылдам?»

Балалар тақтада берілген тапсырма бойынша есептер шығарады.

 

3. «Кім көп біледі?»

Сұрақтарға жауап береді.

 

4. «Кім өнерлі?»

Өз өнерлерін көрсетеді.

 

5. «Кім тапқыр?»

Жұмбақтардың шешуін табады.

 

6. «Сөз құра, тез құра...»

Кеспе әріптерден сөз құрайды.

 

7. «Кім шебер?»

Берілген ағаш бұтағын тездетіп өңдейді.

 

8. «Кім епті?»

Пазлды тез құрастырып, не бейнеленгенін  тауып  айтады.

 

Ал олай болса сайысымыздың 1 кезеңін бастаймыз. Таныстыру.

1 шумақ өлең жолымен сайыскер өзін таныстыруы керек.

 

2 кезеңіне де кезек келіп жетті. «Кім жылдам?»

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын күшті тындырар күшің барда

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер,

Алға қойған мақсатың, ісің барда – дей отырып, балалар тақтадағы берілген есептерді тездетіп шығарамыз.

  1. Сайыскер – саңырауқұлақ жинау.
  2. Сайыскер – жапырақ жинау.
  3. Сайыскер – жаңғақ жинау.
  4. Сайыскер – алма теру.
  5. Сайыскер – қырыққабат жинау.
  6. Сайыскер – апельсин жинау.
  7. Сайыскер – балық аулау.

 

3 кезең «Кім көп біледі?»

Әр сайыскерге 5 сұрақтан қойылады. Тездетіп жауап берулері керек.

1 сайыскер:

1.Бір аптада неше күн бар?

2.Геометриялық фигураларды ата.

3.Жабайы жануарларға қандай жануарлар жатады?

4.Елбасымыз кім?

5.Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

 

2 сайыскер:

1.Бағдаршамның көздерінің түсі қандай?

2. «С» қандай дыбыс?

3.Біз қай жерде тұрамыз?

4.Мемлекеттік рәміздерді ата.

5.Үй құстарына қандай құстарды жатқызамыз?

 

3 сайыскер:

1.Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

2.16 желтоқсан қандай мереке?

3.Үй жануарларын ата.

4. «Т» қандай дыбыс?

5.Ғарышкердің киімі қалай аталады?

 

4 сайыскер:

1.Біз қай Республикада тұрамыз?

2.Жылдың неше мезгілі бар?

3.Қыста қандай мерекені тойлаймыз?

4. «О» қандай дыбыс?

5.Шеңбердің неше бұрышы бар?

 

5 сайыскер:

1. «Дәрігер» сөзін үш тілде айтып бер.

2.Көліктің неше түрі бар?

3.Көкөністер қайда өседі?

4.Қандай ыдыс түрлерін білесің?

5.Еңбек құралдарына нені жатқызамыз?

 

6 сайыскер:

1.Үйдің төбесі неге ұқсайды?

2. «Мұғалім» сөзін үш тілде айтып бер.

3.Қыста қардан не жасаймыз?

4. «Д» қандай дыбыс?

5.Үй жануарларын ата.

 

7 сайыскер:

1.Қыс айларын ата.

2.Жемістер қайда өседі?

3.Қандай ертегілерді білесің?

4. «П» қандай дыбыс?

5. «Балалар» сөзін үш тілде айтып бер.

 

4 кезең «Кім өнерлі?»

Сайыскерлер өздерінің өнерлерін көрсетеді.

Өнерге биік сеніңіз,

Сайысқа баға беріңіз.

Әділ-қазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз.

 

5 кезең «Кім тапқыр?»

Әр сайыскерге 4 жұмбақтан жасырылады:

1 сайыскер:

1.Жуынамын деп жазғаны-ай,

Күннен күнге азғаны-ай... (сабын)

2.Оңға да бұрады,

Солға да бұрады.

Тәртіп сақтап әрқашан

Жолды нұсқап тұрады. (бағдаршам)

3.Таудан түссем тоқтауды білмейді,

Таңға тартсам өмірі жүрмейді. (шана)

4.Ашылып-жабылады,

Әр үйден табылады. (есік)

 

2 сайыскер:

1.Жазда үйде тыныс алып тұрады,

Қыстай ағаш, көмір асап шығады. (пеш)

2.Кесе-кесе мұқалды,

Жони-жони жұқарды. (пышақ)

3.Таста бар,

Бір арба келіншек,

Әр келіншектің басында,

Бір-бір түйіншек. (сіріңке)

4.Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастарқан)

 

3 сайыскер:

1.Алыстағы қоянды

Алдыңа әкеліп қояды. (дүрбі)

2.Бес балаға бір бешпент

Бірге киіп, бірге шешпек. (қолғап)

3.Арқасында ауыл жүр

Ала тайым шауып жүр. (автобус)

4.Адамның сәні

Онысыз жоқ мәні. (киім)

 

4 сайыскер:

1.Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жүрмейтұғын жері жоқ. (хат)

2.Төбесінен бу шығады,

Аузынан су шығады. (самаурын)

3.Жүріп келем, жүріп келем,

Сол жүріспен төбеге шығып келем. (баспалдақ)

4.Құрама темір,

Қол қабысы көп

Ғұлама темір. (робот)

 

5 сайыскер:

1.Ағайынды төрт батыр,

Көтергені бір шатыр. (үстел)

2.Кірш-кірш етеді,

Ішіне кіріп кетеді. (ине)

3.Алақанымен үй ішін аялайды,

Бірақ, кір-қоқысты аямайды. (сыпырғыш)

4.Күн ашықта құр тұрамын,

Бұлтты күні қыдырамын. (қолшатыр)

 

6 сайыскер:

1.Қалады жерге түсіп шайнағаны (қайшы)

2.Төрт бұрышты, бір ауызды (сандық)

3.Ақ тақырда қара дән... (ақ парақ пен жазу)

4.Су астында ірімейді,

Жер астында шірімейді. (алтын)

 

7 сайыскер:

1.Базардан алғанда қап-қара,

Үйге әкелгенде қып-қызыл (көмір)

2.Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды,

Алмайды бір тағат,

Оның аты .... (сағат)

3.Белі бүкір, алысқа түкір (мылтық)

4.Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам)

 

6 кезең «Сөз құра, тез құра...»

Берілген кеспе әріптерден сөздер құрастырады.

1 сайыскер – АЛМҰРТ

2 сайыскер – БАНАН

3 сайыскер – АНАНАС

4 сайыскер – АЛМА

5 сайыскер – АЛША

6 сайыскер – АНАР

7 сайыскер – ЛИМОН

 

7 кезең «Кім шебер?»

Берілген ағаш бұтақтарын өңдейді. Шапшаңдық керек...

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Балаларға әділ баға беріңіз

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

 

1 сайыскер – «Алма» ағашы

2 сайыскер – «Алмұрт» ағашы

3 сайыскер – «Күз» мезгілі

4 сайыскер – «Көктем» мезгілі

5 сайыскер – «Қыс» мезгілі

6 сайыскер – «Қара өрік» ағашы

7 сайыскер – «Шие» ағашы

 

8 кезең «Кім епті?»

Берілген қиындылардан пазлдар құрастырады. Қандай бейнені құрағанын тауып айтады.

 

Міне, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Олай болса, әділ-қазылар алқасының шешімін тыңдайық.

 

Ал құрметті қонақтар мен балалар бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды. Жеңімпаздарды құттықтаймын!!!

Келгендеріңізге көп-көп рақмет. Көріскенше қош сау болыңыздар!


Пікірлер (3)

Кулзия Акімбайқызы

Өте керемет жарайсыңдар

Кулзия Акімбайқызы

Сынып сағаты өте жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер