Тақырыбы: Ел қамқоры - Елбасы!
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
Мұғалім: Сәлеметсіңдерме, балалар! Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!
|
Мұғалім: Бүгінгі мерекеміз Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
Мұғалім: Бүгінгі мерекемізді әнұран мен ашайық.
Әнұран айтылады.
Мұғалім:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміз дей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөп шектеріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Мұғалім:
Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Мұғалім:
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қоспырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Мұғалім:
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.
|
Мұғалім:
Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Мұғалім:
Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылған дай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
- Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер.
Келістікпе?
- Иә!
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
2. Біздің Елбасымыз кім?
3. ҚазақстанРеспубликасының бас қаласы қай қала?
4. Біздің тіліміз қандай?
5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?
|
(Балалар сөзжұмбақты шешеді).
Мұғалім:
Нұрсылтанға рух берген – кәрі тарих парағы.
Дара шыңы қазақтың,
Дана басып тудың, халық – алыптан.
Топырағы ол туған жердің киелі.
Мұғалім:
Тұратұғын болашақтың үнікеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
- Балалар, бүгінгі мерекемізді «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқтайық.
Ән: «Жаса, Қазақстан!»
Мұғалім: Балалар, Елбасы күніне арналған мерекеміз аяқталды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі