Өлең, жыр, ақындар

Е.Жүніс «Менің атым- Тәуелсіздік»

Бөлім:Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Cабақ тақырыбы:

Е.Жүніс «Менің атым- Тәуелсіздік»

Мектеп:Хромтау қаласы, №4 Хромтау орта мектебі

Күні: 11.04.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Ермеккарина Гульзат Калдыбайкызы

СЫНЫП: 6

Қатысқандар:25

Қатыспағандар:0

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

(мақсаттары)

 

ТЖ2 6.1.2.2 Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

 

Сабақ

мақсаттары

 

Барлық оқушылар орындай алады:Шығарманың негізгі идеясын түсіндіреді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:Әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы негізінде сыни пікір білдіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Әдеби шығарманың негізгі идеясын анықтайды,өзара түсіндіреді, көтерілген мәселені талқылайды,сыни пікір білдіреді.

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология: Тәуелсіздік, аманат, алып тәж, құрсау болған,темір  бұғау

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің ойымша, себебі, оны мен дәлелдей аламын, осыған байланысты...

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Өлеңде қандай әлеуметтік мәселе көтерілді?

- Автор тарих өткелдерін қалай сипаттайды?

Бағалау критерийлері

 

*Шығарманың идеясын түсіну;

*Әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтау;

*Сыни пікір білдіру;

Құндылыққа баулу

Ынтымақтастық, құрмет, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі,Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану

 

Алдыңғы оқу

3 минут

«Блум түймедағы»әдісі арқылы оқушылардың алдыңғы білімін пысықтаймын.

1.Қарапайым сұрақ. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

2.Анықтаушы сұрақ. Егер мен қателеспесем, Алматы қаласында болды ма?

3. Талқылау. Желтоқсан оқиғасы неліктен болды?

4. Шығармашылық. Қалай ойлайсыңдар, желтоқсан оқиғасы болмағанда, боздақтарымыз қыршын кетер ме еді?

5. Бағалаушы. Жастардың әрекетін қалай бағалайсың?

6.Қолданбалы.  Қазіргі қоғамда Қайрат, Ләззат, Сабира сынды жастар кездесе ме?

 

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

    Ресурстар

Басталуы

5 минут

Ой шақыру. «Мені түсін» әдісі арқылы ой қозғау.

Еркіндік, азаттық, бостандық сөздерінің мағынасын ашу.

Топқа бөлу.Осы сөздер бойынша топқа бөлемін.

1 -топ Еркіндік

2 -топБостандық

3- топ Азаттық

 

 

Ортасы

20 минут

1- тапсырма.«Мені тыңда» стратегиясы Ж.Ж.

Шығармадағы басты ой анықта, негізгі идеяны түсіндір.

Дескриптор:

-шығарманың негізгі ойын анықтайды;

-негізгі идеяны түсіндіреді;

Кері байланыс. «Конверттегі сұрақ» әдісі. Конвертке тақырыпқа қатысты сұрақтар салынады.Оқушылар сұрақты алып жауап береді. (өзара бағалау)

2- тапсырма. Т.Ж. «Балық қаңқасы» тәсілі

Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықта, талда, өзіндік пікіріңді айт.

  1. Идеясы – Тәуелсіздік
  2. Дәлелдер – Алып таулардың құлағанын көрдім;

                          Халықтың жылағаны;

Империяның көз жасы;

Жесірлік салған қайғы-мұң;

Анасының кісен, құлдық туралы айтпауы;

3.Себептер – Халықтың бодандықта болуы;

6 жасар баланың қиындықты сезінуі, үнсіз түсінуі;

4.Қорытынды.Тәуелсіздік – еліміздің таңы. Анасының ездікке емес, ерлікке тәрбиелеуі.Тәуелсіздік жолындағы қиыншылықтар.

Дескриптор:

-шығармада көтерілген әлеуметтік мәселені анықтайды;

-топта талдайды;

-өзіндік пікір айтады;

Кері байланыс «Үш сөйлем» стратегиясы(топтық бағалау)

*1-сөйлем – жетістік

*2-сөйлем – кедергі

*3-сөйлем – қорытынды ой

 

 

Оқулық

Кесте, сызба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

10 минут

 

 

 

 

 

Бекіту. «Әріптер сөйлейді»  «Тарих» сөзіндегі әр әріпке Тәуелсіздікке байланысты түйінді ой айту.

Т- Тәуелсіздік – елім тірегім!

А – ата-бабамыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен алып берген дархан даласы

Р – руы күшті батыр ел

И-игілікті істің нәтижесі

Х – халықтың асыл арманы

Рефлексия

«Табыс сатысы» стратегиясы

Сатының 1-ші баспалдағы

Мен ..........білемін,

2-ші баспалдағы

Мен ......... түсінемін,

3-ші баспалдағы

Мен.......... жасай аламын.

 

т

а

р

и

х

 

 

 

 

 

Қосымша ақрапат

«Тәуелсіздік – ел тірегі» реферат жазу

 

       

 

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға қандай тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс
(тәрбие әлементі)

Берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліген сай, тілі жеңіл, түсінікті қолданамын.Қабілеті жоғары оқушыларға проблемалық, жетелеуші  сұрақтар көбірек беремін. Кері байланыс парағын толтыру арқылы білімдерін нақтылаймын.Оқушылардың деңгейлеріне сай тапсырмалар мен дескерипторлар құрамын.Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.

Оқушылардың ойын жүйелі жеткізу қабілеттерін білдірген өзіндік пікірлері , кестедегі берілген үзіндіге сай көтерілген әлеуметтік мәселені анықтатамынмын, шығарманың негізгі идеясын, себебін, фактілерге сүйене отырып, дәлелдер келтіріп қорытындылауға үйретемін. 

 

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын  негізге ала отырып,

оқушы бойында ынтымақтастық, құрмет дағдыларын қалыптастыру. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу

 

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

 

Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

 

Сабақ мақсатына жетті. Белгіленген оқу масқсаттары орындалды. Бүгінгі сабақта оқушылар бұған дейін алған білімдерін нақтылап, ой жинақтады. Шығарманың негізгі идеясын түсініп, ата-бабамыздың басынан кешкен ауыр заматты, әлеуметтік қиыншылықтарды өлеңді оқи отырып түсінді, саралады.Ой елегінен өткізіп,өзіндік пікір білдірді.Тапсырмалар алгаритмдік қадаммен беріліп, дескриптормен балалар өзіндік бағалау жүргізді.Жоспарланған саралау жүйелі орындалды. Берілген тапсырмалар нақты, түсінікті жинақы болды. Уақытты ұтымды пайдаландым. Жоспардан ауытқушылық болған жоқ. Келесі сабағымда тапсырмаларды күрделендіре түсемін. Мәнерлі, шешен сөйлеу дағдыларын жетілдіремін.

           

Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі нәрсе  (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. «Блум түймедағы» стратегиясы жеңілден күрделіге қарай қойылған сұрақтар ой шақырып, сабақтың тақырыбын сәтті болжады.

2.Кесте толтыру арқылы шығармадағы көтерілген ақпаратты анықтап, өзіндік пікір білдірді.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. «Рафт» стратегиясы – оқушы рольге еніп, өз ойын жазады. Бала айтатын ойын қағаз түрінде жазып, келесі оқушы жалғастырады.

2. «Геометриялық фигуралар» стратегиясы – түрлі геометриялық пішіндерге көтерілген мәселе туралы өз ойларын жазып, бір-біріне таратып, пікір алмасады.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

1.Келесі сабағымда «Жылдар сөйлейді» әдісі арқылы сабағымды тарихпен байланыстырып, ой қозғау жүргіземін.

2.Тапсырмалаларды күрделендіре түсемін.

 

 

 

 

 

 

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (2)

Ханифа

Идея жокпа

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз