Өлең, жыр, ақындар

Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік

Ұйымдастырылған оқу қызмет картасы

 

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік.

Мақсаты:

  1. Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру.
  2. Үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту.
  3. Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: қауіпті жағдайлар туралы слайдтар, суреттер, жұмыс дәптері, ойыншық немесе құрал-саймандар (балға, балта, шеге, қайшы).

Сөздік жұмыс: қауіпсіздік.

Билингвальді компонент: қауіпсіздік ережелері-правила безопасности, жүгіруге болмайды-нельзя бегать, сөйлеуге болмайды-нельзя разговаривать.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрады.

«Танысайық» ойыны.

Жүргізуші допты бір балаға лақтырып, атын сұрайды:

-Мына баланың аты кім? Балалармен хормен баланың атын айтады. Осылай, кезекпен ойын жалғаса береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Қонаққа «Сақтаныш» келеді.

Қолын таңп алған.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Менің атым-Сақтаныш. Мен балабақшада қатты жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым.

-Балалар, біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не?

-Ия, балалар, сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін. Бүгін біз, егер сондай жағдайларға ұшырасаңдар, одан қалай шығуға болатын жағдайларды қарастырамыз.

-Өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін?

Демонстрациялық материалдармен жұмыс.

-Мына суреттерден көріп тұрғаңдарыңдай, барлық жерде әртүрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін.

Әртүрлі жағдаяттарды шешу.

Билингвальды компонент

Қауіпсіздік ережелері-правила безопасности, жүгіруге болмайды-нельзя бегать, сөйлеуге болмайды-нельзя разговаривать.

-Көз алдарыңа елестетіңдер, сендер үйде жалғыз отырсыңдар. Танымайтын бір әйел есікті қағып, ашуды өтінді. Сендер не айтасыңдар?

-Қайсы жауап дұрыс деп ойлайсыңдар?

-Сендер үйде отырғанда, кенет өрт шықты. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады?

-Сақтаныш:

-Апай, мен айтайыңшы.

-Сақтаныш, айта ғой. 

-Төсектің астына тығылып қаламын.

-Балалар, Сақтаныштың жауабы дұрыс па?

Тәрбиеші  үстел үстіне құрал-саймандарды: балға, балта, шеге, біз, қайшы, сіріңке қояды.

«Жақсы-жаман» ойыны.

Шарты: құрал-саймандардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Бұл заттардан зардап шекпес үшін не істеу керек?

-Ал сақтаныш, сен қалай қолыңды жараладың?

-Не үшін жүгірдің?

-Асығу қауіпті. Біз баратын жерімізге жүгірмей, жай жүрсек те жетеміз.

-Ал, Сақтаныш, балабақшада қай уақытта жүгіруге болады?

-Балалар, мүмкін сендер білесіңдер?

-Сендер балабақшадағы қауіпсіздік ережелерін білесіңдер.

Тәрбиеші апайларың күнде қайталайды, әрбір уақытта естеріңе салып отырады.

Сол ережелерді Сақтанышқа айтып беріңдер, ол да біліп жүрсін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, бұл ережелерді тек балабақшада сақтау керек пе?

Сақтаныш тәрбиешінің құлағына сыбырлайды.

-Балалар, Сақтаныш сендерге өлең оқып бергісі келіп тұр.

Ойна, балам, болмай алаң

Ештеңеден қауіптенбей.

Бала болғын жалындаған

Жайнай түссін, бейне гүлдей!

Қауіпсіздік ережесін

Барлық жерде, сақтай білгей!!

Сергіту сәтін өткізу.

Сақтаныш балалармен бірге сергіту жаттығуын жасап, балалармен қоштасады.

.

Балалар Сақтанышпен амандасып, қолына не болғанынсұрайды.

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы:

-Қауіпсіздік деген-өзіңді қорғау және сақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар суреттердегі жағдайларды әңгімелейді.

-Үйден өрт шығуы мүмкін.

-Қатты жүгірсең, құлайсың.

-Сынған әйнекке аяғыңды жаралап аласың.

-Жылан шағып алуы мүмкін.

Жағдаятты балалар педагогтің көмегімен сахналайды.

Балалар әртүрлі жауап айтуы мүмкін.

-Анам үйде жоқ, қазір келеді.

-Есікті ашып, әйелді кіргіземін. Үндемей отырамын.

Балалар дұрыс жауапты таңдап, оны талқыға салады.

-Телефонмен 101 нөміріне хабарласып, үйдің мекенжайын, нөмірін толық хабарлау керек.

Балалар ойыншық телефоннан 101 нөмірін қалай теру керек екенін көрсетеді.

Балалар құрал-саймаңдардың не үшін, қалай пайдалынатынын түсіндіреді. Құрал-саймаңдардың пайдалы жағын және қауіпті жағын айтады.

-Балға жақсы.Онымен шеге қағады. Қолды ұрып алғанда жаман.

-Балта жақсы, онымен отын жарады. Балта жаман, оқыста қолыңды шауып алуың мүмкін.

-Шеге жақсы, онымен екі затты біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң, денені жарақаттайды.

-Қайшы жақсы, керек бұйымды қияды, қайшы жаман, дұрыс пайдаланбасаң, қолыңды, көзіңді жарақаттауың мүмкін.

-Сіріңке жақсы, онымен оттұтамыз, жаман-өрт шығуы мүмкін.

-Құрал-саймандарды ұқыпты пайдалану керек.

-Мен апайды тыңдамай, жүгіремін деп құладым.

-Асықтым.   

 

Ойланып қиналады.

-Дене шынықтыру сабағында, серуенге шыққанда, ойнағанда жүгіруге болады.

Балалар ережелерді естеріне түсіріп, Сақтанышқа айтып береді.

 

 

-Қол жуатын жерде ойнап, бір-бірін итеруге болмайды, себебі тайып құлауың мүмкін.

-Апайдың рұқсатынсыз жүгіруге болмайды, жарақаттанасың.

-Тамақ ішкенде сөйлеуге болмайды, қақалып қалуың мүмкін.

-Қол еңбегімен айналысқанда қайшыны ұқыпты пайдалану керек.

-Биік орындыққа, шкафқа, терезенің ернеуіне шығуға болмайды.

-Есікпен ойнауға болмайды, қолыңды қысып қалуы мүмкін.

-Бұл ережелерді үйде де сақтау қажет.

 

 

 

Сақтаныш:

-Балалар, сендерге рақмет, мен бұл жерден көп нәрсені үйрендім, енді апайды, үлкендерді тыңдап, жақсы бала боламын деп уәде беремін. Сау болыңдар!

 

 

 

 

 

.

Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардан «Сақтықта-қорлық жоқ» деген мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.

Балалар тәрбиешінің көмегімен қай жерде болмасын сақтық керектігін, сонда ешқандай қауіп болмайтындығын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қиын жағдайлардан шығудың дұрыс жолдарын іздейді, өзіне-өзі көмек беру дағдысын;

Түсінеді: қоршаған ортаға бейімделу және әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін;

Қолданады: тиісті орындарда қауіпсіздік ережелерін.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз