Өскемен қаласы әкімдігінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Қытанов Талғат Болатұлы
Дене шынықтыру ашық сабақ жоспары.
Сынып: 4 сынып
Өткізілген жері: Спорт зал
Өткізілген күні:
Құрал-жабдықтар: Сықырғыш, интерактивный тақта, үн таспа, гимнастикалық таяқша, арқан, доп, секундамер.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары. «Тышқан мен қақпан», «Арынды арқан», «Дауысыңнан таны».
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ұлттық және қимыл-қозғалыстық ойынға деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ұлттық ойындар арқылы білімдерін жинақтау, бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерін ұлттық ойындар арқылы жан-жақты дамыту, денсаулықтарын нығайту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ұлтжандыққа, ұлтының салт–дәстүрін құрметтеуге және де отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мазмұны |
Уақыт мөлшері |
Әдістемелік нұсқаулар |
Дайындық бөлімі |
10′ |
|
1.Сапқа тұрғызу. Амандасу Тізім бойынша тексеру Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар — сапқа тұру, бұрылулар, «ОҢ-ҒА»!, «СОЛ-ҒА»!, «АЙ-НАЛ»!. саптық адымдар.
3.Жүру жаттығулар. Аяқ ұшымен Өкшемен жартылай отырып толық отырып Саптық жүріс Жүгіру барысындағы жаттығулар. жай жүгіру аяқты алға сермеп тізені жоғары көтеріп өкшені жамбасқа лақтырып оң жақ қапталға тіркемей адым сол жақ қапталға тіркемей адым арқамен жүгіру жылдамдыққа тынысты қалыпқа келтіру.
4. Жалпы дамыту жаттығулар 1.Б.қ аяқ иық көлемінде таяқша желке тұсында алдыға артқа иілу. 5-6 рет 2. Б.қ аяқ иық көлемінде таяқша кеуде тұсында қолдың басын жоғары төмен түсіру 5-6 рет 3. Б.қ таяқша кеуде тұсында 1-таяқшаны жинау 2- созу 5-6 рет 4. Б.қ таяқша желкеде оңға солға бұрылу 5-6 рет 5. Б.қ таяқша жоғарыда аяқ иық көлемінде оңға солға иілу 5-6 рет 6. Б.қ аяқ иық көлемінде 1-таяқшаны жоғары көтеру 2-еңкею 3-отыру 4-Б.қ келу 5-6 рет 7. Б.қ аяқ бірге таяқша кеуде тұсында отырып тұру 7-8 рет 8. Б.қ аяқ алшақ таяқша кеуде тұсында оңға солға аяқты созу 5-6 рет 9. Б.қ аяқ бірге секіру жаттығулары (оң аяқ, сол аяқ, қос аяқ) |
1′
2′
2′
5′ |
Сап түзел,тік тұр, Кезекші рапорты: Рет-ретімен санау 1,2 санал, 1,2,3 санал Техника қауіпсіздігі. Сабақ кезіндегі тәртіпті қатаң сақтау: — бойды қыздыру кезіндегі бірін-бірін қорғау және бірінші көмек көрсету — спорттық форманы қарау
Қол жанында, арқасын түзу ұстау,алға еңкеймеу
Аяқты тік ұстау керек және дененің артқа шалқаймау Денені алға қатты шалқайтпау керек Дене тік,тізенің жоғары көтеруін қадағалау Жай, тездете, жай.
Жаттығуларды бірдей жасау. Ара қашықтықты сақтау.
|
Негізгі бөлім |
25′ |
|
Қазақтың ұлттық ойындары. «Тышқан мен қақпан» «Арынды арқан» «Дауысыңнан таны»
|
|
Арынды арқан ойыны. Балалар шеңбер бойымен дөңгелене тұрады,ойын бастаушы ортаға шығып қолындағы арқанды немесе жіпті әуелі қысқа сосын бірте-бірте ұзартып шеңбер бойымен айналдырады.Ойыншы айналған арқан өзінің тұсына келгенде секіріп арқанды өткізіп жіберуі керек. 1.Ұтқан және ұтылған бала есепке алынады. 2. Ойын ұзақтығы балалардың қалауы бойынша ойналады. Тышқан мен қақпан ойыны Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ ойыншылары қолдарынан ұстап шеңбер қақпан жасайды. Екінші топ ойыншылары тышқандар болады.Олар шеңбердің сыртында тұрады. Қақпан болып жүрген ойыншылар, қол ұсатап шеңбер бойымен жүреді. Мұғалім белгі берісімен қолдарын жаздырмастан жоғары көтеріп тұра қалады, осы кезде тышқан ойыншылар шеңбердің ішіне кіріп шығуы керек.Төрешінің белгісімен ойыншылар қолдарын түсіреді. Осы кезде шеңбердің ішінде қалған тышқандар ұсталған болып саналады. Дауысыңнан таны ойыны Ойнаушылар қол ұстасып, шеңбер бойымен дөңгелене тұрады. Шеңбердің сыртына шығарып бір ойыншының көзін байлайды да қолына таяқ ұстатып, шеңбердің ішіне кіргізеді. Көзі байлаулы ойыншы шеңбердің ортасына келген соң, қолындағы таяғын өзіне карсы тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да «дауысыңнан таны» дейді. Осылайша ойын жалғаса береді. |
Қорытынды бөлім |
5′ |
|
Қалыпқа келу Сапқа тұрғызу Рефлексия
Бағалау, үйге тапсырма беру. Қоштасу киінуге жіберу. |
|
Мұрынмен демалу ауызбен шығару. Сапта түзел тік тұр. Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Қандай ойындар ойнадық?
Әркімнің қателігіне қарай. |
zhaina395
Өте тамаша! керемет жоспар!