Өлең, жыр, ақындар

Қылқанды жапырақты ағаштармен танысу

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасының
тәрбиешісі Салатова Эльмира Турегалиевна

Тақырыбы: «Қылқанды жапырақты ағаштармен танысу»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды ағаштармен таныстыру. Соның ішінде шырша ағашымен таныстыру. Жаңа жылдық шыршаны құрастыруға үйрету. Шырша бейнесін геометриялық фигуралардан құрастыру.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Слайд, жасанды шырша, фетрден алдын ала дайындалған пішіндер

Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болғалы тұр. Бізге бүгін қонақтар келіпті. Қане, шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбер:

Бәрін білу салтымыз

Аман болсын халқымыз

Келген қонақ сіздерге

Сәлем бердік жалпымыз

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі-Зима

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: 3 ай бар

Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Ендеше айларын атап берейік

Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан – декабрь, январь, февраль

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Балалар: Қар жауады, аяз болады, боран соғады

Тәрбиеші: Қыста қандай мерекені тойлаймыз?

Балалар: Жаңа жыл

Тәрбиеші: Жаңа жыл мерекесінде нені әсемдейміз?

Балалар: Шыршаны

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі өтетін ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Қылқанды жапырақты ағаштармен танысу».

Балалар сендер тау бөктеріне барғыларың келеме?

- Ия

Ендеше мынау сиқырлы айналмақ. Біз осы сиқырлы айналмақ арқылы қалаған жерімізге баратын боламыз.

- 1-2-3

Жинап алдық күш

Айналады айналмақ

Ғажайыптар көп болмақ

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біз тау бөктеріне келдік. Балалар, айнала аппақ, даланың ауасы қандай керемет. Қыста ауа таза болады. Көптеген шыршалар бар екен. Шырша таулы аймақтарда, орман да өседі. Шыршалар аласа- төмен болып өсіп тұр екен  тау бөктерінде. Шыршаның түсі қандай? Жасыл.

Балалар осы шыршамен жақын танысу үшін мына сиқырлы экранымызға көңіл аударайық.

Мынау шырша ағашы. Мынау діңі. Оның инелері болады. Шыршаның жемісі жаңғақ деп аталады. Ол қысы -жазы бір түсте болады. Шыршаның адамдарға тигізетін пайдасы өте көп екен. Одан түрлі дәрі-дәрмектер, тұнбалар жасайды. Сонымен қатар тәтті пряниктер салып  жүрген мына коробкаларды да осы шыршадан жасайды екен. Міне, балалар біз каншама шырша туралы білдік.

Балалар шыршаны қандай мерекеде қолданамыз?

Балалар: Жаңа жыл

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, сендерді қуанту үшін адамдар тау бөктерінен шыршаны кесіп әкеледі екен. Балалар сендерді қуантқанмен, табиғатқа зиянымызды тигізіп жатыр екенбіз. Яғни, шыршаның саны азайып жатыр екен. Ендеше балалар, шыршаның санын көбейткіңіз келеме?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Ендеше, тау бөктеріне өзіміз арнайы шыршаны отырғызып, көбейтіп кетейік. Ол үшін шыршаны құрастыр дидактикалық ойынын ойнап жіберейік. Қане бері жақындай қойыңдар. Алдымен, маған қараймыз. Әр баланың алдында бөліктер берілген. Шыршаның бөліктерін  көлеміне қарай орналастырамыз.

Жеке жұмыс. «Шыршаны құрастыру» дидактикалық ойыны.

Шарты: Әр баланың алдына көлемдері әртүрлі үшбұрыш фигуралар беріледі. Сол фигураларды  көлеміне қарай орналастыру керек. Тапсырманы тәрбиеші тақтаға көрсетеді.

Балалар шыршамызда көбейді, ендеше шыршаларымызды тау бөктеріне орналастырайық.

Балалар қараңдаршы не жауып тұр?

Қар жауып тұр. Қыс мезгілінде  қар жауады, төрт мезгілде де жап жасыл болып тұратын шыршаны қар басады.

Қар ұшқыны аспанда

Қиыршықтап ұшады

Қанатты аппақ құстардай

Жердің бетін құшады

Қане алақанымызбен шыршадағы қарды алып, таза ауада терең тыныс алып,  қарды үрлейік. Балалар осы қардан не жасаймыз?

Балалар: Аққала

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, аққала жасаймыз

Тәрбиеші: Ал, енді аққала туралы ән білесіңдерме? Осы әнді айта отырып, бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті: «Аққала» (музыка ырғағымен қимылдар жасайды)

Денеміз бар ақ қардан

Мұрынымыз сәбізден

Қалпағымыз шелектен

Көзіміз бар көмірден

Кел достарым, келіңдер

Би билейік шаттана

Үйреніңдер, көріңдер

Қардан соқтық аққала

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар көңілдерің көтеріліп, сергідіңдерме?

Балалар: Ия

Балалар біздің кететін уақытымыз болған сияқты. Қане балабақшамызға оралайық. Балалар бір дауыс естілетін сияқты. Ой, балалар қараңдаршы мынау тиін ғой. Балалар тиін орманда тіршілік етеді. Ормандағы шыршада өмір сүреді және шыршаның жаңғағымен қоректенеді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе, тиін

Тиін: Сәлеметсіңдерме, балалар. Мен өзімнің азығымды жинап жүр едім, қасқырдан қорқып жаңғақтарымның бәрін төгіп алдым. Маған жаңғақтарымды жинауға көмектесесіңдерме?

Тәрбиеші: Балалар, тиінге көмектесемізбе?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар біз көмектескенді жақсы көреміз ия

Жаңғақтарды жинап тиінге көмектесейік.

Ұжымдық жұмыс: Ол үшін екіге бөлінеміз. Екі себетке жинаймыз

Тәрбиеші: Ал енді біздің кететін уақытымыз болды. Тобымызға оралайық. Тиін қош бол.

Сиқырлы  айналмақ арқылы тобымызға оралайық.

1-2-3

Жинап алдық күш.

Айналады айналмақ

Ғажайыптар көп болмақ

Ал мінекей тобызға келдік.

Балалар қараңдаршы тиін бізге сыйлық беріп жіберіпті.

Тәрбиеші: Қайда барып едік?

Балалар: Тау бөктеріне

Тәрбиеші: Нені көрдік?

Балалар: Шыршаны

Тәрбиеші: Шыршаның түсі қандай?

Балалар: Жасыл

Тәрбиеші: Шырша қандай пішінге ұқсайды?

Балалар: Үшбұрыш

Тәрбиеші: Алма ағашында алма болған сияқты, шыршаның жемісі не екен?

Балалар: Жаңғақ

Тәрбиеші: Біз нені көбейттік?

Балалар: Шыршаны

Тәрбиеші: Кімге көмектестік?

Балалар: Тиінге

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Ендеше, балалар келген қонақтармен келесі кездескенше қоштасайық


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз