Өлең, жыр, ақындар

Дауыссыз К мен Г

Орал қаласы, №40 ЖОББМ
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Байдильдина Венира Айбулатовна



Пәні: Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз К мен Г
Сабақтың мақсаты:а) Оқушыларға к мен гдыбыстарының қалай айтылатыны, қай буындарда жазылатыны, к әрпінен кейін дауысты дыбыс келсе, өзгеретіні туралы түсіндіру.
ә) Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.
б)Оқушыларға адамгершілік ақыл-ой тәрбиесін беру.
Көркем сауатты жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, топшама
Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту


Поэзия минуты


Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.
Болашағым,бақытым,дара тілім.


-Міне,балалар қазір,кемеңгер ғұлама ақындарымыздың туған тілі,біздің тіліміз-қазақ тілі сабағы.
Үй тапсырмасын тексеру
4-жаттығу 72 бет
Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.Қ дыбысына аяқталатын сөздерге дыбыстық талдау жасау.Осы сөздерге дауысты дыбысты жалғап айт.4 оқушыдан сұрау.


II.Мағынаны тану
Шеңберге тұрғызу.Бір-біріне жүрек беріп,тілек айту.
-Ал,балалар біз бір-бірімізге тілегімізді білдірдік.
-Мынау не ?
-Жүрек.
-Неше буынды сөз?
-Қандай дыбыспен аяқталған?
-К қандай дыбыс?
-Осы сөздің соңына дауысты дыбыс қосып айтайық.
- Жүрек-жүрегі
-Қандай өзгерісті байқадыңдар?
-К дыбысына яқталатын сөздерге кім мысал келтіреді?
3-5 оқушыға мысал айтқызу.
Қорытынды жасайық.
Г әрпі сөз соңында жазылмайды.К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе,к дыбысы г дыбысына айналады.
-Өз білімімізді әрі қарай жетілдіру үшін, орнымызға отырайық.
-Балалар, сабақтағы мақсатымыз не ?
-Білім алу.
-Міндетіміз:еңбектену.5-ке қолды жеткізу.
Дәптермен жұмыс
Күннің жады.Тақырыбы:Дауыссыз к мен г
Көркем жазу минуты
Кк Кк Кк
Көбелек-көбелегі,көкек-көкегі,көрік-көрігі.
Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. (ауызша) Сөздерді оқып,мағынасын түсіндір.К дыбысы қай буындарда кездесіп тұр? Г дыбысы ше? К,г қандай дыбыстар.
2-жаттығу.(тақтаға) Санамақты жатқа оқы.К дыбысына яқталған сөздерге і дыбысын қосып жаз.Саусақтардың атын біліп ал.Оларды тағы қалай атайды?
(2 оқушы орындайды) Үйрек-үйрегі,терек-терегі,шүмек-шүмегі,бөбек-бөбегі.


Сергіту сәті
Қатағ,ұяң,үнді.
Жұмбақ шешу.
Иесі оның сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй Шешуі: бесік


І дыбысын қосып айт.
3-жаттығу.(өзіндік жұмыс) Суреттегі заттардың атын жаз.Сөздерге і дыбысын қосып айт.Сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналды?
Көршілес жұмыстарын тексеру.(өздеріне бағалату.)
4-жаттығу. Сөздердің аяғына у әрпін қосып жаз.Сөздерді үлгіде көрсетілгіндей түрлендіріп оқы.(3 қатардан ,3 оқушы орындайды.)
Үлгі:
1.Төк-төгу,төгілді,төгеді.
2.Ек-егу,егілді,егеді.
3.Тік-тігу,тігілді,тігеді.
4.Бүк-бүгу,бүгіледі,бүгеді.
5.Сөк-сөгу,сөгілді,сөгеді.


III.Ой толғаныс


1-қатар Анаграмма К
1.Кісінің аты.
2.Ұя салмайтын құс.
3.Жаңғыш пайдалы қазба.
4.Тағам түрі.
5.... білім бұлағы.
6.Жер қазатын құрал.
7.Қыста ұйықтайтын жануар.
8.Спорт түрі.
9.Жәрдем жасау.
10.Машина,автобус,трамвайдың жалпы атауы.
Жауабы:Күлән,көкек,көмір,кеспе,кітап,күрек,кірпі,күрес,көмек,көлік.
2- қатар «Көлік» сөзіне 5 жолды тұжырымдама жасау.
1.Бір зат есім.Көлік
2.Екі сын есім.Ақ,жеңіл
3.Үш етістік.Жүреді,зулайды,тұрады.
4.Төрт сөзді сөйлем.Біздің үйде көлік бар.
5.Бір синоним.Машина
3 -қатар
«Көбелек» тақырыбына эссе жазу.
-Сонымен балалар ,біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
Дауыссыз к мен г
К мен г туралы қандай дыбыстар?
Өз ойларын айтқызу.


IV.Бағалау


V.Үйге тапсырма 5-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз