БҚО Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы
МКҚК «Балбұлақ»бөбекжайының тәрбиешісі
Сарсенгалиева Жансулу Амангелдиевна
Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Бөлімі: Жаратылыстану
Мақсаты: Балаларды жабайы аңдармен таныстыру. Аңдар туралы мағлұмат беру.
Аңдардың өмір сүру ортасын, олардың немен қоректенетінін айтып түсіндіру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып,оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге үйрету.
Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Ертегі айту, жұмбақтар жасыру, аңдар туралы тақпақтар айтқызу.
Қажетті көрнекі құралдар: Суреттер, аңдардың макеты.
Қостілділік компонент: Орман-лес, аю-медведь, қоян-заяц, түлкі-лиса, қасқыр-волк.
Жылулық шеңбері
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған нұрлы күн
Сәлем саған жер ана
Аман-есен болайық
Бейбітшілік қалайық
Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта. Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі. Бүгінгі оқу қызметінде табиғаттағы тіршілік иелерінің бірі жабайы аңдармен танысамыз.
Суретпен жұмыс
Қасқырдың суреті
Балалар мына аңды қасқыр деп атаймыз. Ол күшті, батыр, ержүрек,ақыл айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң. Қасқыр жан-жануарлармен, құстармен қоректенеді. Үй жануарлары кездесе қалса жеп қояды. Оның баласын – бөлтірік деп айтамыз. Қасқыр-волк.
Аюдың суреті.
Ал мына аң аю деп аталады. Ол денесі ірі,икемсіз жыртқыш аң. Аю судан балық аулап,жидек теріп, құстарды аулап жейді. Олар қыс бойы ұйқыда жатады. Оның баласын қонжық деп атайды. Аю-медведь.
Түлкінің суреті.
Бұл аң түлкі деп аталады.Оның денесі қасқырға ұқсас болып келеді,бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзындау болады.Түсі қызғылт болады.Терісі бағалы.Ол түрлі құстарды,құстың жұмыртқасын,балық аулап жейді.Түлкінің баласын түлкішек деп атайды.Түлкі-лиса.
Қоянның суреті
Бұл қоян. Қоян шөпқоректі жануар. Оның денесі ұзын, қарғуға, секіруге икемді, құйрығы қысқа, екі ұзын құлағы бар, қорқақа жануар. Қоянның түсі қыста ақ болады, ал басқа жыл мезгілдерінде оның түсі сұр болады. Оның баласын көжек деп атайды. Қоян-заяц.
Есік қағып бауырсақ келеді.
— Бауырсақ сен біздің балабақшамызда қайдан жүрсің?
— Мен сіздерден көмек сұрай келдім. Атам мен әжемнен адасып қалдым, маған атам мен әжемді табуға көмектесіңіздерші.
— Балалар бауырсаққа көмектесемізбе?
— Ия
— Ендеше бәріміз орманға барайық.
— Балалар қазір қай жыл мезгілі?
— Күз мезгілі
— Қараңыздаршы ағаштарда не өзгерістер бар?
— Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр
— Ал мына ағаштар шырша деп аталады. Ол қысы жазы жасыл түсті болады. (Қоянның даусы естіледі)
— Балалар бұл ненің даусы? (Қоян келеді.)
— Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін
— Жемеші мені
Онда сен менің тапсырмамды орында,маған қоян туралы өлең айтып бер
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Қасқырдың дауысы естіледі.
— Балалар бұл ненің даусы? Қасқыр келеді.
— Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін
— Жемеші мені
— Онда менің сендерге қояр жұмбақтарым бар, шешімін тауып беріңдер.
Жұмбақтар
Сыбдыр шықса қашады
Қырдан бірақ асады. (қоян)
Қорбаң қорбаң етеді
Орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап
Қыста ұйқыға кетеді. (аю)
Өзі бір қу,жүрген жері айқай шу. (түлкі)
Аюдың дауысы естіледі.
— Балалар бұл ненің даусы? Аю келеді.
— Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін
— Жемеші мені
Мен шаршап отырмын, қане менің көңілімді көтеріп,бойымды сергітіп тастаңдарша, мүмкін сонда сендерді жіберермін.
Балалар қане сергіту жаттығуын жасайық, аюды ортаға алып.
Сергіту сәті
Тәрбиеші аюдың
Ақылы көп басында
Ынтымақпен аңдар жүр
Тірлігін жасап қасында.
Қасқыр отын жарады
Түлкі кілем қағады
Елік тамақ пісіріп
Қоян нанды жабады.
Кірпі көйлек тоқиды
Тиін сабақ оқиды.
Ия балалар көп рахмет сендерге бойым жазылып,көңілім көтеріліп серігіп қалдым. Бар беріңдер.
Түлкінің дауысы естіледі.
— Балалар бұл ненің даусы? Түлкі келеді.
— Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін
— Жемеші мені
— Ендеше менімен ойын ойнаңдар
Ойын: «Анасын тап»
Қасқыр-бөлтірік
Қоян-көжек
Аю-қонжық
Түлкі-түлкішек
Жарайсыңдар балалар. Мен сендерге ризамын. Рахмет сендерге. Сау болыңдар.
Ата мен әже кездеседі.
— Ата әже мен сендерді таба алмай адасып қалдым
— Сәлеметсіңдерме балалар, ия бауырсақ біз сені іздеп жүрміз.
— Балалар мен атам мен әжемді таптым, сіздерге көп рахмет. Сендер өте білімді,адамгершілігі мол балаларсыңдар, мені аңдардан құтқарып қалдыңдар. Сау болыңдар,рахмет сендерге.
— Балаларым біз ризамыз сендерге, ал мына бауырсақтарды сіздерге сыйлағымыз кеп тұр.
Бауырсақ ата әжесімен қауышады.
Балалар біз енді балабашамызға қайтайық.
Қорытындылау.
Біз қайда бардық?
Орманда қандай аңдар кездесті?
Балалар біз түрлі аңдармен кездестікҚане сол аңдардың жүрісін тауып көрейікші
Ойын: «Қай аңның жүрісі»
Қоян: (Қос аяқтап,қолдарын алдарына қойып секіреді)
Қасқыр: (Аяғын аңдып басып, тістерін ақситады.)
Аю: (Қолдарын жанына алып қорбаңдар жүреді)
Түлкі: (Құйрығын бұлғаңдатып, майысып жүреді)
Жарайсыздар балалар, бүгін сіздер бауырсақты аңдардан құтқарып көмек көрсеттіңіздер.
Табиғатты қолдай біл
Аң құсын да қорғай жүр
Білуіміз керек оны біз
Бізде табиғаттың ұлымыз
Табиғат бөлек демеңіз
Сол үшін жауап береміз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі