Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№9 жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Еңбек түбі-береке.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үйрету,оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Дамытушылық: оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: бір-бірінің пікірін тыңдауға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Ресурстар: оқулық, сөздік, карточка, бағалау парағы, интербелсенді тақта, маркер, стикер.
Күтілетін нәтиже: Жаңа сөздердің аудармасын біледі. Еңбекке байланысты мақал-мәтелдерді біледі. Топты әділ бағалау, топпен жұмыс жасай біледі.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің әрекеті
1.Амандасу.
2.Психологиялық дайындық. Тренинг «Тілек айту» Шарты: қол алысып бір-біріне жақсы тілек айту.
3.Сыныптағы кезекшімен сұхбат жүргізу.
Бүгін сыныпта кезекші кім?
Бүгін нешесі? Аптаның күні қандай? Қазір жыл мезгілі қандай?
Күз айларын ата.
4.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушының әрекеті
Оқушылар қол алысып бір-біріне тілек айтады.
Кезекші сұрақтарға жауап береді.
Кіріспе бөлімі.
Қызығушылықты ояту.
Білу
Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.
Мақал –мәтелді оқыту арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
Бұл мақал– мәтел не туралы? Мұнда не туралы айтылған? Мақал– мәтелдің тақырыбы қандай?
Сұрақтарға жауап беру.
Мақал –мәтелді оқу.
Тақырыбын ашу.
Сұрақтарға жауап беру.
Мағынаны тану
Түсіну
Мұғалімнің әрекеті.
Мақал-мәтелдерді оқыту.
Еңбек – адамның екінші анасы.
Ерінбеген етікші болады.
Керек тастың ауырлығы жоқ.
Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Оқушының әрекеті
Мақал-мәтелдерді оқу. Таныс емес сөздерді сөздік дәптеріне жазып алу.
Қолдану.
Мұғалімнің әрекеті
Ексең егін,…
Етік тіге алмаған,…
Көсеуі қысқаның,….
Берген – алар,….
Еңбек етсең ерінбей,….
Керекті сөздер: ішерсің тегін, біз таңдайды, қолы күйер, еккен- орар, тояды қарның тіленбей.
Оқушының әрекеті.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Талдау.
Интербелсенді тақта арқылы суреттерді көрсету.
Оқушының әрекеті.
Топтық жұмыс.
Берілген суреттерді пайдаланып әңгіме құрастыру. Суретке ат қою.
Синтез
Мұғалімнің әрекеті.
Карточка тарату.
Мақал -мәтелдер беру.
Бірлік болмай тірлік болмас.
Байлық байлық емес, бірлік байлық.
Ер қадірін білмеген Ел қадірін білмейді. Еңбек адамның екінші анасы.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Оқушының әрекеті.
Мақал -мәтелдің ішінен еңбек тақырыбына байланыстысын теріп жазу.
Сергіту сәті
Бала,бала, баламыз
Орнымыздан тұрамыз.
Жоғары қолды көтеріп,
Алақынды ұрамыз.
Бір отырып,бір тұрып,
Біз демалып аламыз.
Қорытындылау
Бүгін біз не өттік? Қандай жаңа сөздер үйрендік? Не білдік? Не білдім? Не білгім келеді ? Нені білемін ? сұрақтарына жауап беру үшін стикер толтыртады.
Бағалау
Үй жұмысы
Мақал -мәтелдерді жаттау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі