Өлең, жыр, ақындар

Информатика патшалығы

Тақырыбы: Информатика патшалығы

 

Мақсаты:

1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.

2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.

3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта,
Қатысушылар: 5,6 сынып оқушылары.
 

Жүргізуші: 
Әділқазылар мүшелері: Физика информатика пән мұғалімдерінен құралған мүше.

Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика патшалығы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.


Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Оқушылар үш топқа бөлінді.

 

Компьютерде келешек,
Ұғып, білгіш елгезек.
Әр кластың білгірлері,
«Принтерге» бер кезек,- деп ортаға «Принтер тобын» шақырамыз.


Информатика пәнінен,
Көрсетер бізге алғырлық.
Ой толғайтын жүйелі
«Сканер» тобын шақыралық,- ортада «Сканер» тобы.


Тобының жоғын мұңдайтын,
Ертеңі жайлы ойлайтын.
Болашақтың арманын,
Бүгіннен бастап сайлайтын,- «Модем» тобын ортаға шақырайық.
Ендігі сөз кезегі топтардың таныстыруларында.


Бүгінгі сайысымыз 7 кезеннең тұрады. Олай болса сайыс барысымен таныстырамыз (Слайд шоу)
Сайыс кезеңдері.

1-кезең. «Таныстыру»

2-кезең. «Полиглот»

3-кезең. «Білгенге маржан»

4-кезең. «Түсін мені»

5-кезең. «Кім жылдам?»

6-кезең. «Шын жүйрікте шаршау жоқ»

7-кезең. «Үй тапсырмасы»


Көрермен жиналған бұл тамашаға ,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолынды, білімді жас талантқа,-дей отырып, бірінші кезеңді бастаймыз.

 1-кезең «Таыстыру» кезеңі. Топтар өздерін таныстырып топтың ұранын айтады.  (1,2,3 ұпай)


1. Топтың аты: «Принтер»
1-оқушы.

 Армысыңдар ақ көңілді көрермен,
Келіп қалдық сайыстарға өлеңмен.
Әділ - қазы алқасына мың сәлем,
Хабары бар есеппенен өнерден!


2-оқушы.

Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы әнімді арнадым.
Информатика – ғылымдардың патшасы
Ой - сананың түсінетін астарын.

3-оқушы.

Ех, «Принтер» атқарасың жұмысты.
Сенсіз бастамаймыз бір істі.
Драйверлік бағдарлама боламыз,
Орнатылған компьютерге келісті.

4-оқушы.

Болашаққа бірге қадам басамыз,
Білімменен асулардан асамыз,
Жарыстарға үмітпенен қарап - ап,
Сәттілікті жолдас қылып аламыз!

5-6 оқушы.

Топтың ұраны:
Сәттілік тілейміз біз жарыста.
Қане, достым сенде сайыстан қалыспа!
«Принтерміз» Чарлз Беббидж құраған,
Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста.

2. Топтың аты: Сканер

1-оқушы.

 Жүректің жалынымен,
Қал сұрап амандасып,
Сіздермен қауыштырған,
Информатика апталығы.

2-оқушы.
Принтер мен Модем топтары
Қарсылас емес бізге.
Достармыз біз әрқашан
Жазылмас жұбы мүлде.


3-оқушы.
Сен барда ұмытпаймыз біз.
Мектептің қызық шақтарын.
Сканер тобы ұмтыл алға,
Шыға бер биік шыңға.
 

4-оқушы.
ХХІ ғасыр
Технология заманы.
Ақпараттар Бүгінде
Информатика саласы.
Ұмтылыңдар сендер де
Информатиканы білуге.
Кибернетикасы атасы
Норберт Винер ізімен.

5-6-оқушы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.

3. Біздің топ: Модем
 

1-оқушы.
Амандасып алайық
Жалпыңызбен халайық
Модем тобы келгенде,
Қол соғып қарсы алайық.

2-оқушы.
Модемдерді көргенде
Интернетке кіргенде,
Білесіңдер пайдасын
Сол кездерде сендер де.

3-оқушы.
Модем деген керегі,
Интернеттің тірегі.
Кез келгені біледі,
Модемдерді үнемі.

4-оқушы.

Ғылымдардың патшасы,
Жаңа өмір қақпасы,
Компьютерді өмірде
Қолданады баршасы.

5-оқушы.
Қорытынды кеш бүгінгі,
Топтар өзіне сенімді.
Тілейміз біз сәттілік
Қарсыласқа бүгінгі.

6-оқушы.

Біздің ұран:
Егеменді елімнің ұланымыз,
Тәртіпті болп, жақсы оқу ұранымыз.
 

2 - кезең. «Полиглот» кезеңі. Бұл кезеңде оқушыларға сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтың жауабын 3 тілде жауап беру қажет (қазақша, орысша, ағылшынша). (1,2,3 ұпай)

1-топ:

1) ...кеме  білім теңіз?/мектеп, школа, school/

2) Өнер алды қызыл .../тіл, язык, language/

3) Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?/терезе, окно, Windows/

4) Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін аламыз?/көшіру, копировать,copy/

 

2-топ:

1) Графиктік курсорды басқаруды жеңілдетін құрылғы?/тышқан, мышка,  mouse/

2) Әр түрлі обьектілер орналасқан Windows экраны? /жұмыс үстелі, рабочий область, Work table/

3) Сурет салу қаламы?/қарындаш, карандаш, pencil/

4) Батырманы енгізу құрылғысы?/пернетақта, клавиатура, keyboard/
 

3-топ:

1) Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? Басып шығарғыш/ принтер/ a printer

2) 1 байт неше биттен тұрады? Сегіз/ восемь/ eight

3) Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады? cебет/ корзина/ basket

4) Қоршаған әлем туралы мәлімет? Ақпарат/ информация / information

 

3-кезең. «Білгенге маржан» кезеңі.  Оқушылар берілген ақпараттың өлшем бірліктерін табуы керек. (Дұрыс жауап 1 ұпай)

1-топ:

 Мәтіндік ақпаратты сақтау үшін 84000 бит керек. Егер әр бетте 30 жол, 70 символ болса, мәтіннің қанша бет болатынын анықтаңдар.

Жауабы: 5 бет.

 

2-топ:

Мәтін компьютердің ¼ килобайт жадын алады. Бұл мәтінде қанша символ бар екенін есептеңдер.

Жауабы: 256 символ.

 

3-топ:

Оқулықта 210 бет бар, бір бетте 43 жол, ал әр жолда 70 символ бар делік, егер мұнда сурет жоқ деп есептесек, онда кітапта қанша символ, қанша Кбайт  ақпарат бар.

Жауабы:  617 Кбайт.

 

4-кезең. «Түсін мені» кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар кезек-кезек бір-біріне көрсетпей, интерактивті тақтада көрсетілген информатикаға қатысты суреттерді басқа топ мүшелеріне тұспалдап жеткізулері керек, басқа топ мүшелері оның қандай сурет екенін айтады.

 

1-топ: жүйелі блок, колонка,  принтер, флешка, микрафон, есепшот

 

2-топ: монитор, құлаққап, сканер, ақпарат, бейне камера, интернет

 

3-топ: тінтуір, пернетақта, модем, wifi , ноутбук, планшет

 

5-кезең. «Кім жылдам?» кезеңі. Бұл кезеңде топтарға үш түсті шарлар беріледі топтар бір түсті таңдайды, шарлардың ішінде сызықтық, тармақтық және циклдік алгоритмдердің командалары жазылған қағаздар салынған. Оқушылар шарды жарып ішіндегі қағазда жазылған алгоритмнің командаларын рет-ретімен орналастырып шығу керек.

1-топ: «Су қайнату алгоритмі» сызықтық алгоритм

Басы

нанның бір тілімін

кесемін

май жағамын

ірімшіктің бір тілімін

кесемін

нанның бетіне қоямын

Соңы.

 

 

2-топ: «Ауа райына қарай киіну алгоритмі»  тармақтық алгоритм

Басы

Егер

сыртта жаңбыр болса

онда

етік киемін,

болмаса

туфли киемін

Соңы.

 

 

3-топ:         циклдік алгоритм

 

«Қоржыннан қызыл асық алу алгоритмі» циклдік алгоритм

Басы

қоржынға қолды салу. Көк...

асық алынды.

Қоржынға қолды салу

Сары асық алынды.

Қоржынға қолды салу. Қызыл...

асық алынды. Соңы.

Соңы.

 

 

6-кезең.  «Шын жүйрікте шаршау жоқ  » кезеңі

Ойынның шарты: Әр топқа 6 сұрақтан қойылады.  Әр дұрыс жауап 1 ұпай деп саналады. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.

 

1-топ:

1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда болды.(ия)

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

 

2-топ:

1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)

3. «Информатика» пәні ЭЕМ — нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)

4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)

6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

 

3-топ:

Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)

Процессор — ол компьютердің миы. (ия)

5.  Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)

6.  Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

 

 

 

7-кезең. «Үй тапсырмасы» кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар үйден дайындап келген роботтың модельдерін көрсетіп, оның жасалу жолын және оны қайда пайдалануға болатынын түсіндіріп беруі керек.

 

 

Жетпесіне жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға-мың алғыс-деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.

(Сайыстың соңында ең көп ұпай алған топ анықталып, марапатталады.)

Қорытындылау!

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!!!

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер