Өлең, жыр, ақындар

Біратомды спирттердің қасиеттері және қолданылуы.

 

Мұғалімнің аты-жөні

Жанмуханова Гульнар Каукановна

СКО Жамбыл ауданы «Преснов жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Сыныбы

11 сынып  ХИМИЯ

 

Сабақтың тақырыбы:

 

Біратомды спирттердің  қасиеттері және  қолданылуы.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия»  оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина.  11 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2015 жыл.

Жалпы мақсаты

Физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу және спирттердің қолданылуымен танысу

Күтілетін нәтиже

 Оқушылар спирттердің химиялық , физикалық қасиеттерін  біледі  және алған білімдерін күнделікті  өмірде  қолдана біледі. Химиялық реакция теңдеулерін жазу қабілеті қалыптасады.

Негізгі идеялар

Спирттердің  карбон қышқылдарымен әрекеттесіп, күрделі  эфирлердің түзілуін айтады. Зертханалық жұмыс орындап спирттердің адам ағзасына  зиян келтіретініне қоз жеткізеді. Физикалық қасиеттерін   технологиялық карта арқылы зерттейді.

Құрал-жабдықтар:

                                            

Интерактивті тақта, ЭО. Химия 11 сынып,  реактивтер, бағалау парағы, технологиялық карта                                   

 

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Жеке, жұптық, топтық жұмыстарға тапсырмалар

 

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Техника даярлығы

-Оқушылардың сабаққа даярлығы

-Оқушыларды түгелдеу

-Сергіту сәті « Егер сіздің...»

-Оқушыларды  сандар бойынша 4 топқа бөлу

-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Кіріспе бөлім

Үй жұмысын қайталау «Миға шабуыл»

№1 Брейнг ринг сұрақтары

№2 Спирттің формуласын тап!

№3 Реакцияларды аяқта

№1

1.Қандай органикалық қосылыстар спирттер деп аталады?

2.Спирттердің функционалдық тобы

3.Жалпы формуласы

4.Жұрнағы

5.Қарапайым өкілдері

 

№2  Спирттер қалай жіктеледі?

1.Спирттер құрамындағы гидроксил тобының санына байланысты біратомды және көпатомды- 1оқушы

2.Гидроксил тобымен байланысқан көмірсутек радикалының  табиғатына байланысты спирттер қаныққан,қанықпаған,ароматты болып бөлінеді

3.Гидроксил тобымен байланысқан көміртек радикалының табиғатына байланысты :

-біріншілік-пропанол-1

-екіншілік-пропанол-2

-үшіншілік-2-метилпропанол-2

 

Осы  оқушыларды бағалайық .Қандай өлшемдер бойынша?

-Жіктелудің дұрыстығы

-Мысалдардың дұрыс келтіруі

-Құрылымдық формулалардың  жазылуы

-Формулалардың аталуы

№3 тапсырма  Берілген формулалардың ішінен спирттердің формуласын көрсетіп,ата. Планшет ,бұл тапсырманы  орында отырып орындауға болады, планшет арқылы.

4 Реакцияларды аяқта (флипчарт)

ІІІ. Негізгі бөлім

Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

 Әр топқа технологиялық карта беріледі-Спирттердің физикалық қасиеттерін осы карта бойынша зерттейді

. Әр топ өзінің сұрақтарына жауап береді

1-Спирттердің түсі, агрегаттық күйі қандай?

2-Спирттердің судағы ергіштігі қандай шамаға байланысты? Метанолдың және   пропанолдың Мг салыстырыңдар?

3-Неліктен спирттердің қайнау температурасы оларға сәйкес көмірсутектерінің қайнау температурасынан жоғары болады?

4-Сіздердің алдарыңызда йодтық спиртінің ерітіндісі. Бұл арада спирттің қандай қасиеті негізделген?

Химиялық қасиеттері

Спирттердің химиялық қасиеттерін негізінен олардың құрамындағы ОН тобы анықтайды. Гидроксил тобындағы сутек атомы қозғалтқыш келеді.  R-O-H,Сутектің қозғалтқыш болу себебі,оттектің электртерістігі жоғары болғандықтан,оттек электрон тығыздығын өзіне қарай тартады,осыдан  О-Нбайланысы полюстенеді. Гидроксил тобындағы сутек атомы әлсіз қышқыл қасиет көрсетеді.

1.Спирттер белсенді металдармен әрекеттеседі

Қандай металдар белсенді? 

Не түзіледі? Бейнефильм.

-Қандай спиртпен  натрий шабытты әрекеттесті?

-Қандай спиртпен баяу әрекеттесті? Неліктен ? Неге байланысты?

 Химиялық реакция теңдеуін дәптерге  жазу. 

2.Күрделі эфирлердің түзілуі-этерификация реакциясы,күрделі эфирлермен біз басқа сабақтарда  танысамыз.

3.Дегидратация-жоғары t,спирттерге су тартқыш (күкірт қышқылы) заттар қосып қыздырса су және этилен газы түзіледі.

4. Дегидратация төменірек t жүргізсе,онда реакция молекулааралық өтеді, де жай эфирлер және су түзіледі.

5. Этанол мыс оксидімен тотығып, альдегид,  мыс, су түзіледі.

6.Спирттер жанады.  Көрсетілім-спирттің жануы

Эксперименттік бөлім.

Зертханалық тәжірибе №3 Этанолдың нәруыз молекуласына әсері. Не көрдіңдер? Не бақыладыңдар?

 Спирттердің қолданылуы.                                                                          

IV.Қорытынды бөлім

 №4 есеп

 Рефлексия

Бүгін сабақта мен білдім...

Қызықты болды...

Қиын болды...

Білгім келеді...

Бағалау парағын жинап бағалау

 

 

Үйге тапсырма беру: № 2,№7 есептер шығару

 

Оқушылардың іс-әрекеті

 

Оқушылар бүгінгі сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын алады топқа бөлініп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар берілген  тапсырмаларына жеке жауап береді. Берілген жауап нәтижесі бойынша өзін-өзі бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар технологиялық карта арқылы,оқулық бойынша спирттердің физикалық қасиеттерін меңгереді

Топ ішінде талқылайды. Топ атынан спикер қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнефильм көргеннен кейін сұрақтарға жауап береді, тақтаға  шығып реакцияларды жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар әдістемелік нұсқауды оқып тәжірибені орындайды, дәптерге жазады.

 

Оқушылар оқулық арқылы спирттердің қолданылуын өздері меңгереді. Топтық жұмыс.

Стратегия «Ойлан-жұптас-бөліс»

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз