Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
«Рахат» бөбекжай-бақшасының ІІ санатты тәрбиешісі
Дузбаева Оразгул Макытовна
Мақсаты: Балалардың «Денсаулық» «Таным» «Коммуникация» «Әлеумет» «Шығармашылық»білім беру саласы бойынша алған білімдерін қорытындылау.
Балалардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру. Балалардың жан-жақты ойлауын, ізденуін дамытып, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, абакус, кеспе әріптер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.
Оқу-қызметі кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Балалар сәлем сөздің анасы амандасу,адамгершіліктің,әдептіліктің белгісі сондықтан алдыменен қонақтарымызбен амандасып алайық. -Ендеше балалар сабаққа дайынсыңдарма? -Олай болса бүгінгі оқу-қызметімізді бастаймыз. |
Балалар қонақтармен 3 тілде амандасады.
-ия |
Іздену-ұйымдастырушы |
-Бір жылда неше мезгіл бар? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Ендеше төрт мезгілге арнап қай ақын өлеңдер жазған? -Тағы қандай ақындарда білеміз?
-Абай Құнанбаев қай жылы,қай жерде туылған?
-А.Құнанбаевтың өлеңдерін білесіңдерме?
-Балалар көктем мезгілінде қандай мерекелер тойладық? -Ендеше балалар соңғы атап өткен мерекені есімізге түсірейік. -Ол қандай мереке еді? -Ұлы Отан соғысында жанын шүберекке түйіп, елін, жерін қорғаған қандай батырларды білеміз? -Жеңіс күні туралы қандай тақпақтар білеміз?
Балалар осы айтып жатқан тақпақтарыңның барлығы сөздерден құралады. -Ал сөз неден құралады? -Қазақ алфавитінде неше әріп бар? -Әріп және дыбыс дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді. -Дауысты және дауыссыз дыбыстарды атап өтейік? -Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? -Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? -Оларды қандай текшелермен белгілейміз? Біз өзіміз жаза да,оқи да аламыз олай болса алдарымыздағы суреттерге қарап сөздерді жазамыз оқимыз және дыбыстық талдау жасап,буынға бөлеміз.
-Келесі тапсырмамыз алдарымыздағы кеспе әріптерден сөйлем құрап жазамыз. -Табиғат нешеге бөлінеді?
-Жансыз табиғатқа нелер жатады?
-Жанды табиғатқа нелер жатады?
-Балалар табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
Қазақстантабиғаты бай және ерекше.Біздің кең байтақ далада өзен-көлдер де, жайқалған орман да, асқар биік таулар да бар. Ұлан-байтақ жерімізде аңдар мен құстар да мекендейді. -Балалар жыл құстарын және қыстап қалатын құстарды білеміз бе? Ендеше балалар қыстап қалатын құстарды бірінші топқа, жыл құстарын екінші топқа орналастырайық. -Балалар қазіргі таңда азайып бара жатқан құстарды, жануарларды, өсімдіктерді қалай сақтап қалады? -Қызыл кітапқа енген қандай жануарларды білесіңдер? -Ал қандай өсімдіктерді білеміз?Сергіту сәті Мынау- менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды, -Балалар сендер отбасыларыңмен серуендегенді жақсы көресіңдер ме? -Серуен кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? -Оқыс жағдай болған кезде кімдер көмектеседі? -Арнайы қызмет телефон нөмірлерін білесіңдер ме? Балалар мына суретке қараңдаршы. -Бұл суретте не бейнеленген? -Олар серуенге немен бара жатыр? -Балалар сендер көлік түрлерін білісіңдер ме? -Олар нешеге бөлінеді? -Суда, әуеде, жерде жүретін көліктер қалай аталады? -Көлікті жүргізетін адам қалай аталады? -Көлікпен адамдарды керекті жеріне жеткізетін маман иесі қалай аталады? -Басқа қандай мамандық иелерін білеміз? -Сендер қандай мамандық иелері болғыларың келеді?
-Балалар санамақ білесіңдерме?-Тақтаға есептер шығару.Ендеше балалар біз менталды арифметиканы естерімізге түсірейік.-Менталды арифметика дегеніміз не?
-Абакус дегеніміз не? -Қаламды қай қолда ұстаймыз?-Бас бармақ және сұқ саусақ қандай қызмет атқарады? Ойын: «Кім тапқыр?» Ойын шарты: фишкадағы тастарды санмен дұрыс және жылдам айту. Бір және екі таңбалы сандармен абакуста есептер шығарамыз. -Балалар біз қандай ертегілерді білеміз? -Олай болса мен бір ертегінің басын бастаймын, ал сендер кезекпен ары қарай жалғастырып, айтасыңдар. Балалар ойын ойнайық. Ойын: «Не қажет» Ойын шарты: Өсімдіктердің өсіп жетілуіне қажетті негізгі заттарды гүлдеріне орналастыру. |
-Төрт мезгіл бар
-Көктем
-Абай Құнанбаев -Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев. 1845 ж Семей облысы Шыңғысалатау өңірінде дүниеге келген. Адам болам десеңіз.Жыл мезгілдері туралы өлеңдерін жатқа айтып береді.
9-мамыр Жеңіс күні Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Бигелдинов Жеңіс күні туралы тақпақтар айтып береді.
-әріптерден құралады. -42 әріп бар Әріпті жазамыз,көреміз. Дыбысты естиміз, айтамыз. - дауысты және дауыссыз
-жуан және жіңішке
-Қатаң, ұяң, үнді -Дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз..
Табиғат екіге бөлінеді. Жанды және жансыз табиғат. Тас,құм,күн,ай,жер,тау.Олар өспейді,дем алмайды,қоректенбейді. Ағаш,гүл,шөп,жануарлар,адам.Олар өседі,дем алады,қоректенеді. Мақал-мәтелдер. 1.Жер қазына,су гауһар. 2.Табиғатты аяласаң, Табиғатта аянып қалмас. 3.Табиғат жер байлығы, Батырлар ер байлығы. 4.Ағаш тамырымен мықты, Адал дос жарымен мықты. 5.Бір тал кессең-он тал ек.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
101-өрт сөндіру. 102-полицияның қызметі. 103-жедел жәрдем қызметі.112-жедел құтқару қызметі.
ия
су көлігі,әуе көлігі,жер көлігі.
Жүргізуші Такси
Тігінші,құрылысшы, суретші, дәрігер,мұғалім
Ежелден келе жатқан ойша есептеу ми қыртысын дамыту. Тіктөртбұрышты есептеу құралы. Оң қолға ұстайды. Бас бармақ қосу, ал сұқ саусақ азайту қызметін атқарады. |
Рефлексті коррекциялаушы |
-Бүгінгі оқу-қызметіміз ұнадыма?-Қандай тапсырмалар орындадық? -Қай тапсырма көбірек ұнады? Жарайсыңдар балалар. |
Сұрақтарға жауап береді. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі