Күні,айы,жылы:30 қараша 2020 жыл
Білім саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ц» және «Ч». Сөйлеудегі дыбыстау мәдениеті.
Мақсаты
Білімділік: Дыбыстар жайлы білімдерін толықтыру. Балаларға «Ц» және «ч» дыбыстарының артикуляциясын буындар мен сөздерде көрсету.
Дамутушылық: Тыныс ала дыбыстауды, дауыс күші мен екпінін өзгерте білуді, ақырын не қатты, баяу не тез сөйлеуді, дыбыстық қабылдауды жетілдіру; еркін қарым-қатынас дағдысын дамыту.
Тәрбиешік: Көпшілік орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастыру.
Қөрнекілік-құралдар: демонстрациялық құрал, сөйлеуді дамыту дәптері, доптар. Әйгерім Қалаубаеваның әнін қою.
Оқу қызметі:
І. Ұйымдастырушылық: Тәрбиеші балаларға бүгінгі оқу қызметімізді көңілді жүретін және айналасындағы барлық адамдардың көңілді болғандарын қалайтын адам туралы болатындығын айта отырып, «Ол адамның кім екенін білгілерің келеді ме?» – деп сұрақ қояды. Балалар қызығушылық танытып, кейіпкердің, яғни, көңілді адамның кім екенін білгілері келетінін жеткізеді. Тәрбиеші көңіл күйлерің көтерілсін деп, Әйгерім Қалаубаеваның «Көңілді күн» әні арқылы бір билеп алуларына ұсыныс білдіреді. Ал балалар әнге сергіп, көңіл күйлерін көтереді. Жақсы көңіл күймен бүгінгі кейіпкермен танысуға шақырады.
ІІ.Негізгі бөлім: Демонстрациялық құралмен жұмыс (күлдіргіштің суреті, қолында түрлі түсті доптар және чемоданның суреті). Тәрбиеші балалардан суреттен кімді көріп тұрғандарын, оның көңіл күйі, қолындағы заттары және оның түстері, ол қайда қызмет жасайды және оны қайдан көргендерін сұрайды. Ал балалар суреттен күлдіргішті көріп тұрғандарын, оның көңілді екенін, қолында түрлі түсті доптарының бар екенін (түстерін атайды) және оны цирктен көруге болатынын баяндайды. Тәрбиеші циркте, тағы басқа мәдени көпшілік орындарда өздерін қалай ұстау керек екенін сұрап, балалардың жауаптарын толықтырады. Ал балалар циркте, мәдени көпшілік орындарда айғайлап сөйлемеу, өздері білетін ережелерді естеріне түсіріп айтады. Тәрбиеші: Кәне, бәріміз «цирк», «цирк», «цирк» деп қайталайықшы. Балалар 3 түрлі дауыспен қайталайды (қатты, орташа, төмен) («Ц» дыбысының дұрыс дыбысталуын қадағалау). Тәрбиеші «цирк» сөзінде бірінші болып естіліп тұрған қандай дыбыс екендігін сұрайды? Балалар «цирк» сөзінде алғашқы болып «ц» дыбысы естілетінін баяндайды. «Ц» дыбысын бірге қайталап айтады. Тәрбиеші:«Ц» дыбысын дұрыс естіп айту үшін буын ішінде келтіріп жаттықтыру, ца це, цу, ци буындарын қайталауды талап ету: Ци-ци-ци-цирк Ци-ци-ци-мотоцикл Це-це-це-цех 40 Це-це-це-цемент Циркте қандай аңдар мен жануарлар өнер көрсететінін сұрайды (олардың қимылқозғалысын салуды ұсынады). Ал балалар циркте: аю, күшік, піл, арыстандар, жылқылар тағы басқа өнер көрсететінін баяндай отырып, қимылын салып көрсетуге асығады. Енді балалардың назарын суреттегі күлдіргіштің жанындағы чемоданға аудару. Тәрбиеші балалардан ол заттың атауын және оның күлдіргішке қажеттілігін сұрай отырып, чемодан туралы әңгімелеу (оның пішіні, түсі). Балалар, ол заттың чемодан екенін және оның қажеттілігі туралы пішінін, түсін әңгімелеуге атсалысады. – Чемодан сөзінің басында естілетін «Ч» дыбысын қайталайықшы. Балалар «Ч» дыбысын педагогпен бірге қайталайды. Буындар мен сөздерді қайталап, «Ч» дыбысын айтуға жаттығады. «Ч» дыбысын дұрыс естіп ажырату үшін буын ішінде келтіріп, жаттықтыру: Че-че-че – чек Че-че-че – чемодан Чи-чи-чи – чипсы Чи-чи-чи – Чикаго т.б Күлдіргіштің доптары туралы тақпағымызды қайталап, сергіту жаттығуын жасату. Сергіту жатығуы: Домала, доп, домала, Балшыққа тек жолама. Жек көремін оныңды, Бүлдіресің қолымды. Секіріп өр, ордан да, Секіріп өт жолдан да, Қуса күшік жетпесін. Мәшине басып кетпесін. (Ө.Ақылбеков) Балалар қимылын келтіре отырып жасайды. Тәрбиеші балаларға ойын ойнайтындығын айтады.
Дидактикалық ойын: «Көленкесін тап»
Ойынның шаршы: Балалар берілген заттар көленкесін табу керек.
ІІІ.Қорытынды: Мақтап мадақтау.
Тексерген Г.К.Сагпазова
Күні,айы жылы:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі