Өлең, жыр, ақындар

Механикалық жұмыс және энергия.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім  9.3В –Сақталу заңдары

Мектеп: №15 орта мектеп

Күні : 21.01.21

Мұғалімнің аты-жөні: Ошанова Б.А

 

Сынып : 9В

қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Механикалық жұмыс және энергия.

Оқу мақсаттары

9.2.3.1 -  механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік жолмен анықтау;

9.2.3.2 – жұмыс және энергияның байланысын түсіндіру,

Сабақ мақсаттары

-  механикалық жұмысты аналитикалық және графикалық жолымен анықтау;

 - жұмыс және энергияның байланысын түсіндіру;

 

Жетістік критерииі

- механикалық жұмысты аналитикалық және графикалық жолымен анықтайды;

 - жұмыс және энергияның байланысын түсіндіреді;

 

Тілдік мақсат

Пәндік терминдер мен сөздер:

Механическая работа

Механикалық жұмыс

Work

Мощность

Қуат

Power

Внутренняя энергия

Ішкі энергия

Internalenergy

Механикалық жұмыс …. өзгерісіне тең.

Жұмыс теріс мәнге ие болады, егер…

Тәуелділік графигі …

Құндылықты дарыту

Құндылықтарды дарыту   арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады.

Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау,функционалдық сауатылықты дамыту, өз біліміне деген жауапкершілік пен өзбетімен оқу дағдысын арттыру

АЖ  білімі мен түсінігі:  ұжымдық істеріне, әрекеттеріне жауапкершілік/ /Knowledge and understanding of the GG: responsibility for their actions, collective affairs

АЖ бағалау/GG values::қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас, ұжымдық іс-әрекетке жеке жауапкершілік/a tolerant attitude to the surrounding people, personal responsibility for the collective business.

АЖ дағды/ Skills GG: диалог құра білу,басқалардың пікіріне сыйластықпен қарау/ the ability to conduct a dialogue, to interact constructively with other people

Пән аралық байланыс

Математика

Бастапқы білімдері

Импульс,дене импульсі,күш импульсі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

Сабақтың басы

Lesson Beginning

0-10 мин

 

 

 

 

Оқушылармен амандасу.

Өткен тақырыптар бойынша қайталау тапсырмалары

«Кезбе диктор»

1) Ракета қандай отын есебінен ұшады деп ойлайсыз?

2) Отын энергиясы қандай энергия түріне айналатынын білесіз бе?

3) Бүгінгі сабақ қандай физикалық шамаларға байланысты өтіледі деп ойлайсыз?

  • : Дұрыс, бүгінгі сабақ жұмыс және энергия жөнінде болмақ! Олай болса,оқушылар топқа бөлінейік

 

Сабақтың ортасы

Middle of the lesson

11-14 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15-30 мин

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    31-38 мин

 

Белсенді оқыту әдісі: «Түйінді байланысын тап!» Тапсырма:(G)Мына берілген суреттердің ортақ байланыстарын атаңдар.

Оқушыларға суреттер ұсынылады:

 

 


 

        


 

 

Мына берілген суреттерде ортақ қандай іс-қимыл байланыстырып тұр.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттерді қалай байланыстыруға болады? Жауаптарынды түсіндіріндер.

 

 

 

 

 

                                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Оқушылар сұраққа жауап беріп сабақ тақырыбына шығады.

Сабақ мақсаттарын оқушылармен бірге қою.

Механикалық жұмыс және энергия.

-механикалық жұмысты аналитикалық және графикалық жолымен анықтау;

- жұмыс және энергияның байланысын түсіндіру;

 

Жеке жұмыс:

«Кейс-стади» әдісі

         Жұмысты жүргізу үшін бір  мәтін ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.

          Энергия ұғымы физикадағы ең күрделі ұғымдардың бірі және онымен байланысты мәселелер бүкіл физиканы қамтиды.

 Энергия ұғымы жұмыс ұғымымен тығыз байланысты, сондықтан механикалық жұмыс ұғымын кеңірек қамтып, нақтылай түсу керек. Күштің қандай да бір денеге түсірілген нүктесі күш бағытында қозғалысқа келетін болса ғана жұмыстың атқарылатынын баса айту керек.

     .

Механикалық жұмыс — күштің түсірілген нүктесінің орын ауыстыру бағытына проекциясының осы орын ауыстыру шамасына көбейтіндісіне тең күш әсерінің өлшемі.

 Біз қоршаған ортада қандай да бір күшпен (тартылыс, серпімділік, тебіліс т.б.) біріне-бірі әсер етуші денелерді кездестіреміз. Сонда денелер тек күштердің әсерінен орын ауыстырады. Олай болса, күштердің денелердің орын ауыстыруымен байланысты әсеріне сипаттама беру қажет болады.

 

Жағдайат:

1.Асан ерте тұрып жұмысқа жинала бастады.Күн суық жұмысқа бармаса болмайды.Сағат 7:30 да есік алдына шықса қар басып қалыпты,жолды ашуға кірісті, қолын бір -біріне ысқылап алып күрекпен қарды күрей бастады.

Бір мезетте денесі қызып бастағанын сезді,есік алдын таңғы жаттығу орнына жасады.Жұмысқа бару үшін аялдамаға келді,автобус кешігіп жатыр бойы мұздай бастады, ол секіріп екі аяғын бір –біріне ұрды.

Жұмысқа келсе жұмыс қызып кеткен екен,олда өз жұмысына кірісті.

Үйдің үшінші қабатына сылаұшыларға сылақ жеткеру керек, Асан қалың киініп алған үйдің үшінші қабатына екі барп келген соң ол қызып киімдерін шеше бастады.Жұмыс қызып жатыр Асан суықтыда сезінер емес.

 

2.Үй ішіне кіргеннен кейін Әуезде көпке дейін үнсіз бір орында тұрып қалды.Оң жақта сүйек төсек тұр, үй іші шашылып жатыр.Анасы жұмыстан оралуына жарты сағат уақыт қалған .Әуез неден бастарын білмей мең зең. Ол алдымен сүйек төсекке көрпелерді жинай бастады,содан соң сыпырғыны алып үй ішін сыпыра бастады.Тез қимылдаған үшін ба ол терлеп кетті.Анасы келетін уақытқа үйді жинап үлгерді.

-Уф деп есік алдына шыққаны сол еді есіп тұрған салқын  желден денесі қалтырап кетті.

 

3.Аяжан көп қабатты үйдің он алтыншы қабатында тұрады.Ол үнемі жедел сатымен көтеріліп жүретін.Бірде жедел саты түймесін басса ол жанбады,үйге кіру керек.

Аяжан ойланып тұрдыда жаяу баспалдақпен көтерілуге бел буды.Қолында сөмкесі бар.Көтеріліп келеді 7-ші қабатқа келгенде ол өзінің дем алуы қиындап шаршағанын сезді.Сөмкесіде ауырлап кеткендей болды.Аяжан денесі қызып киімдерінде ауырсынды.10-шы қабатқа келгенде ол отырып дем алды.Дем алғаннан соң біраз жеңілдегендей болды,қайта көтеріле бастады.

Дескриптор:

- механикалық жұмысты,жай жұмыстан ажыратады;

 - жұмыс және энергияның байланысын түсінеді

 

Кері байланыс. Топтар бір бірін бағалайды.

Сабақты пысықтау

«Өрмекші» әдіс

Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өрнекті, аяқтарына шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды,есеп шығарады.

  1. Дененің қозғалыс бағытында айнымалы күш әрекет етеді. Суретте денеге әсер еткен күштің жолына тәуелділік графигі берілген. Күштің атқарған жұмысын анықтаңдар.

берілген.  Қозғалыстың бірінші 6 метріндегі күштің атқарған жұмысын анықтаңдар.  

2. Құрылысшы 10кг  жәшікті бір орыннан 1м биіктікке көтеріп биіктігін өзгертпей 1000 см жылжытады ,

қайта орнына қояды осы кездегі әрбір нүктедегі орындалатын жұмысты және толық жұмысты анықтайық.

m=10 кг

h=1м

S=1000см=10м

т/к: А1 2-  А3 –Ат -?

3.Массасы 500г доп бір жерден екінші жерге жылжиды. Егер доп бірінші жерде 4 м/с жылдамдықпен, ал екінші жерге келгенде 2 м/с-пен қозғалған болса, сыртқы күштердің көмегімен қандай жұмыс атқарылғанын анықтаңыз?

  •  

-Есептің берілісін жазады;

-ХБЖ ға келтіреді;

-Шешуін табады;

Кері байланыс. Оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағалау.

Сабақтың соңы

End of the lesson

39-40 мин

Рефлексия

Сабаққа қортынды жасау (мақсаттар бойынша).

«Бес саусақ»әдісі

1Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4.  «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?

5 «Кішкентай  бөбек»-көңіл-күй ахуалы.     

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?  

 

Үй тапсырмасы:134 бетте Эксперименттік жұмыс

Жұмыс және энергины байланыстырып эссе жазу.

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

 

 

Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз