Назар аудар:
Шашты (әңгіме) Айгүл Кемелбаева
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Парасат пайымы |
Мектеп: «Бейнеу лицейі» КММ-сі |
Күні: |
Мүғалімнің аты-жөні: Ауданбаева Қамар Тұмашқызы |
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: |
А. Кемелбаева «Шашты» әңгімесі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
10.1.1.1 – әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; 10.1.3.1 – көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау және даралау. |
Сабақ мақсаттары: |
Көркем шығарманың сюжеттік – композициялық талдау жасау арқылы идеясын түсінеді; Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін даралау және жинақтау арқылы талдау жасайды. |
Бағалау критерийлері: |
Барлығы: Көркем шығарманың мазмұнын біледі, сюжеттік-композициялық талдау жасайды; Кейіпкерлеріне талдау жасайды. Көпшілігі: Көркем шығарманың тақырыбын, идеясын ашады. Кейіпкерлеріне жинақтау және даралау арқылы талдау жасайды. Кейбірі: Көркем шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасай отырып, идеясын ашады; Кейіпкерлеріне жинақтау және даралау арқылы талдау жасай отырып, өз көзқарасын білдіреді. |
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы |
Құндылықтарға баулу |
Ұлттық рухты көтеру, туған жерді сүю. Азаттықты қадірлеу. |
Алдыңғы оқу |
А.Кемелбаеваның өмір жолы. «Шашты» әңгімесі |
Сабақ барысы
Уақыт |
Мұғалімнің әректеті». |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 5 минут
1 минут
2 минут
Сабақтың ортасы
10 минут
10 минут
5 минут
2 минут
3минут
Сабақтың соңы
2 минут
|
Сәлеметсіздер ме, білім алушылар? Бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Өткен сабақты пысықтау мақсатында мына сұрақтарға жауап берейік.
Дұрыс айтасыздар. Ендеше жауабымызды тексеріп алайық.
«Ассоциация» әдісі
Дескриптор:
Қ/Б. «Бағдаршам» арқылы бағалаймын.
Үй тапсырмасын еске түсіріп болсақ, топқа бөлінейік. Қағаз қиындылары арқылы топқа бөлемін. 1-топ: Азаттық 2-топ: Еркіндік 3-топ: Ерлік
«Санаға сапар» әдісі.
Олай болса, біз бүгін Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің сюжеттік-композициясына талдау жасаймыз. Дескриптор:
Қ/Б.«Комментарий» әдісі арқылы білім алушыларға «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деген сөздер арқылы ауызша бағалаймын.
Олай болса, «Шашты» әңгімесін оқыған болсақ, сюжетіне талдау жасайық.
1-тапсырма. «Оқиға картасы» әдісі.
«Шашты» әңгімесінің сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасау үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
6.«Шашты» әңгімесінің идеясы қандай? «Шашты» әңгімесінің идеясы – қандай сын сағатта да ұлттық рухты төмендетпеу, елді, жерді сүю. 7.Әңгімеде кездесетін «Қай ноғайсың?» деп сұрауының мәні неде? Қазақ-ноғай қарым-қатынастарын зерделесек, екі халықтың этникалық және саяси байланыстары бар. Олар бұрыннан туыстас рулардан, тайпалардан құралады. 8. Бұрын осындай құлдық өмірді суреттеген қандай шығарма оқыдыңдар? Шыңғыс Айтматовтың «Найман Ана» шығармасындағы Жоламанның қасіреті мен Тасқұл қарттың қасіреті туралы не айтар едіңдер? Дескриптор:
Қ/Б. «Бас бармақ» арқылы бағалаймын.
Білім алушылар, біз көркем шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысымен таныстық. Енді осы оқиғаларды басынан өткізген кейіпкерлеріне талдау жасайық. Мен үш топқа үш түрлі тапсырма беремін. Әр топ өзіне берілген кейіпкерге талдау жасайды.
2-тапсырма. Топтық тапсырма
1-«Азаттық» тобы. SWOT талдауы. Тасқұл қарт образына талдау жасаңыздар.
Дескриптор:
Қ/Б. «Шапалақ» арқылы бағалаймын.
2-«Еркіндік» тобы. FILA әдісі. Кенжебек образына талдау жасаңыздар.
F(Дерек) - шығармадағы кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау. I (Пікір) – кейіпкер туралы өзіңіздің ой-пікіріңізді білдіріңіз. L(Сұрақ) – кейіпкердің образдық бейнесін ашатын сұрақтар дайындаңыз. A(Іс-әрекет) – автордың кейіпкердің бейнесін суреттеудегі қолданған тәсілін айтыңыз.
Дескриптор:
Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалаймын.
3-«Ерлік» тобы. ПОПС формуласы. Атажан байдың іс-әрекетіне өз көзқарастарыңызды білдіріңіз.
Бірінші сөйлем. «Менің ойымша...» Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны ... деп түсіндіремін.» Үшінші сөйлем. «Оны мен ... дәлелдермен, фактілермен дәлелдеймін.» Төртінші сөйлем. Осыған байланысты мен ... қорытындыға келдім.
Дескриптор:
Қ/Б. «Смайлик» әдісі арқылы бағалаймын.
Салыстырыңыз. Көркем шығармадағы кейіпкерлер арқылы қазақтар мен түрікмендердің образын жинақтаңыз. Ортақ қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсетіңіз. Дескриптор:
Қ/Б. «Марапаттау» әдісі арқылы бағалаймын. «Жарайсың!», «Ойлан», «Сенің қолыңнан келеді», «Керемет!» «Іздену керек» деген сыни-бағалау сөздері жазылған стикерлер арқылы бағалаймын. Арқылы бағалаймын.
Тарихқа тағзым
Кері байланыс. «ҚҚҚ» әдісі. Білім алушыларға кесте толтырту арқылы кері байланыс жүргіземін.
Дескриптор:
Қорытынды:
Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымыздан көптеген мәліметтер алдық деп ойлаймын. Құлдықтағы өмір, азаттық, ұлттық рух туралы білдік. Бүгінгі таңда адам құқығын қорғайтын, тәуелсіздігімізді айқындайтын Ата Заңымыз бар. Ол Заң толық сақталған кезде ғана, адамзат құқығы тең болады. Осы сабақты өзімнің өлең жолдарымен түйіндегім келіп отыр. Баспасын туған жерге жат таңбасын, Бөрі етектен, жағадан жау аттанбасын. Ана-бала бір-бірін жоқтамасын Адамзаттың құқығы тапталмасын. Оза білсін біліммен жастар алға, Бір ел қармақ салмасын басқаларға. Азулы әлсізге тіс батырмаса, Көңілден шер, көзіңнен жас тамар ма? Дүние тазарса екен сұмдығыңнан, Алмасын жаман әдет бір қырыңнан. Жаратқан сақтаса екен зұлымдықтан, Ұлыңды құл, қызыңды күң қылғаннан. Авторы: Көбегенова Болар
Сау болыңыздар!!!
|
Зейінін сабаққа аударады.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Берілген суреттер арқылы білімін ортаға салады. Жаңа сабақты болжайды.
Көркем шығармадағы оқиғаға сюжеті бойынша талдау жасайды. Тақырыбын, идеясын ашады.
Тасқұл қарт образына талдау жасайды.
Кенжебек образына талдау жасайды.
Атажан байдың іс-әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіреді.
Образдырды жинақтайды.
|
news/view/aigul_kemelbaeva__ shashti_angime__10577
https://sputnik
|
Назар аудар:
Шашты (әңгіме) Айгүл Кемелбаева
Азамат
Пайдама жарады