Ас - атасы нан
Тұмышева Айнұр
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Ас - атасы нан».
Мақсаты: Балаларды диханшылардың көктем мезгіліндегі еңбегімен таныстыру, дайын нан дастарханға қандай жолмен келетінін мазмұнды суреттер, дидактикалық ойындар бойынша түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Білімділігі: Дәндерді қолдарымен ұстатып, топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қолмашықтарын жетілдіру. Еңбектерің жемісін көрсету. Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, трактор.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топыраққа тұқым егу, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.
Көрнекі құралдар: «Нан қайдан келеді?» сериялық суреттер, нан түрлерінің суреттері және піскен нан, ұн, диірмен, масақ, су, жыл мезгілдерінің суреттері. т. б.
Әрекет
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы.
Іздену кезеңі
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Суретпен жұмыс.
(Суреттерді слайд арқылы көрсету)
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Балалар шеңбер бойымен тұрады.
-Балалар, қараңдаршы, бүгінгі күн кешегі күннен ерекше шуағын төгіп тұрған сияқты, өйткені жер бетіндегі тіршіліктің барлығы осы күннен нәр алады.Қәне, біз де алтын күннен нәр алайық, жылу алайық, сол жылуды бір- бірімізге таратайық.
Күніміз жарқын болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Күніміз сәтті болсын,
Деніміз сау болсын.
Өте тамаша.Бойымыз жылынып, көңіліміз көтеріліп қалған сияқты.
Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?
Балалар мына суреттен нені көріп тұрмыз? Балалар көктемде бұл тракторлар жерді жыртып,оны тырмалап,жерге мынадай бидай дәнін себеді.(Балаларға бидайды көрсету)
Екінші суреттен нені көріп отырсыңдар? Егінді орып жүрген комбайн,ол бидайды орып,тазартып,көлікке салып береді.
Үшінші суреттен нені көріп отырмыз.Диірменнен балалар ұн тартып шығарады.(Ұнды көрсету)
Төртінші суреттен нені байқап отырсыңдар? Ұннан наубайханада әр түрлі андар пісіріп шығарады,оны дүкендерге балабақшаларға жібереді. (Дүкен сөресіндегі нандарды сурет арқылы көрсету)
Ал, енді теледидарға назар аударамыз видео
1. Жерді жыртады.
2. Дәндер өсе бастайды.
3. Бидайдың сабақтары пайда болады.
4. Оны сушылар не диқандар суғарады.
5. Бидайды орады, бастырады.
6. Машинамен элеваторға тасиды.
7. Диірменге апарып тартады.
8. Машиналар қап - қап ұнды тасиды.
9. Нан илейді. Нан пісіреді.
10. Нан таситын машинамен дайын нанды дүкенге әкеледі.
11. Дүкеншілер мен сатып алушылар дүкенде
12. Нан дастарханда.
- Міне, балалар күнделікті жеп жүрген нанымыз осындай ұзақ та қиын жолдан өтіп, біздің диқаншыларға, наубайшыларға, біздің дастарханымызға келеді екен.
О, адамдар, айтарым бар,
Нанды баспаңдар!
Онда қол жетпейтін аспан бар,
Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
Өтініп сұраймын,
Ана бол,дана бол,бала бол
Нанды баспаңдар.
Нанға үлкен жүрекпен қараңдар,
Нанды өмір деп санаңдар.
Нан болмаса,
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.
Міне, балалар біздің ақ дастарханымызға нан оңай келмейді екен,міне жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді екен.
Ал сендер күнделікті жеп жүрген нанды біз қайдан аламыз?
Аспазшы апай сендерге нанды қалай пісіретіндігін көргілерің келеді ме?
Сергіту сәті
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Сонымен нанды қалай қастерлейді екенбіз?
Тиым сөздер. Нан туралы қандай ырым, тиым сөздер білесіңдер?
1. Нанды бір қолыңмен үзбе!
2. Нанды жерге тастама!
3. Нанды текке лақтырма!
Балаларға стол үстінде жатқан суреттер арқылы құрастырту,ол суретте нанның қалай келетіні көрсетілген.Ол үшін суреттердің орын-орнын тауып қоюы керек.Сұрақтар қою арқылы балаларды ауызша бағалау.
Біз не білдік?
1. Нанның бидайдан өсетінін.
2. Нанды қастерлеу керектігін.
3. Ұннан әртүрлі тағам түрлері әзірленетінін.
4. Нан - адамның тіршілік қорегі.
5. Нан - дастарханға еңбекпен келеді.
Жылулық шеңбері. Қуанышты хабарлама. Мадақтау. Сау болыңдар.
|
Амандасады.
Көктем.
Үш ай бар
Көктемде жер жыртып жатқан трактор.
Егін орып жүрген комбайн тракторы.
Ұн шығаратын диірмен.
Нан пісіретін наубайхана.
Аспазшы апай пісіреді.
Әрине.
Нанды шашпаймыз,
Аяққа баспаймыз.
Тәрбиешімен қоса қимыл-қозғалыс жасайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Трактор, диірмен, комбайн мен бидайдың не екенін және нанның оңай жолмен келмейтіндігін білді.
Игередіі: Көктем, жер жырту, тырмалау, дән егу, комбайнмен ору, диірмен, наубайхана сөзедін және нанды қастерлеуді, шашпауды меңгерді.
Міңгереді: ойын барысында сөз, сөйлем құрай білу дағдыларын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі