Өлең, жыр, ақындар

М.Жұмабаев Бесік жыры

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

 

Мектеп: Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№277 мектеп–лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Күні:  22.02.2021ж                                                  Мұғалімнің аты-жөні: Ефимова Д.Ю.

Сынып: 2 «Ә»                                                         Қатысқандар саны: 

                                                                                   Қатыспағандар саны: 

Сабақ тақырыбы

Ұйықта, бөпем, жата ғой!  Ы.Алтынсарин Бұл кім?   Әлди, әлди, аппағым!

М.Жұмабаев Бесік жыры

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1 – мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу

2.1.1.1 – шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

 Сабақ мақсаттары: 

Барлық оқушылар: . Өлеңді дауыстап  әрі түсініп оқиды .

Көптеген оқушылар: Өлеңді мәнерлеп оқиды, шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар: Өлең құрастырады,«Бесік жырының» не үшін, қандай мақсатта айтылатындығын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

- Мәтінді дауыстап, түсініп оқиды;

- Өлең құрастырады,«Бесік жырының» не үшін, қандай мақсатта айтылатындығын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: 

Ана, бала, бесік жыры, қамқорлық, ананың тілегі, ананың тілеуі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 

Бесік жырын кімдер айтады? Бесік жырын кімге арнап айтады? Анасы баласына қандай жылы сөздер айтады?

Құндылықтарды дарыту

Ананы құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар 

Қазақ тілі, математика, музыка пәндерінен Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті тарауын өтіп жатырмыз.

АКТ қолдану дағдылары 

 

Бастапқы білім

 Ана мен баланың қарым қатынасы жайлы және  Бесік жыры жайлы айта алады.

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 Ресурстар 

 

Сабақтың басы 

 7 мин

(ҰЖ)

Ынтымақтастық ахуалын құру

Сәлемдесу.

«Ой қозғау»

Соғылды міне, қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тіліп өзгеге,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам тастаймыз.

Сынып ережесі:

Бірін-бірі сыйлау,

Уақытты үнемдеу,

Белсенділік таныту.

Үй тапсырмасын пысықтау

«Ақиқат және жалған ойыны». Интербелсенді тақтада сұрақтар қойылады.

  1. Ертегілер 2 топқа бөлінеді

(3-ке бөлінеді-жалған)

  1. Ертегі «Құмырсқа және бидай дәні» деп аталады. (ақиқат)
  2. Ертегі кейіпкерлері: құмырсқа мен арыстан (жалған)
  3. Құмырсқа арқасындағы ауыр дәнді жерге түсіріп, дәннің сөзін тыңдап, демалып отырды (ақиқат)
  4. Құмырсқа бидай дәнін илеуіне алып кетті (жалған)
  5. Бидай дәні құмырсқаға берген сөзінде тұрды (ақиқат)
  6. «Құмырсқа және бидай дәні» ертегісі қиял-ғажайып ертегілері тобына жатады (ақиқат)
  7. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті тарауын өтіп жатырмыз (ақиқат)

 Сұрақ-жауап әдісі арқылы ой қозғау.

Олай болса балалар қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білеміз?

(Шілдехана, бесікке салу,тұсау кесу)

М. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:

Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу,шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы 

 28 мин

 

 

 

 

 

 

- Ширату тапсырмасы.

Жұмбақ өлең. «Бұл кім?»

      «Бала,бала,бала !» деп

       Түнде шошып оянған.

      Түн ұйқысын төрт бөліп,

      Түнде бесік таянған. (Ана)

Бұл өлең авторы Ы.Алтынсарин

Мен саған, сен маған әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.

-Ы. Алтынсарин кім еді?

-Ы. Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан..Балаларға арнап әр түрлі тақырыпта өлең, шағын әңгімелер жазды.

-Біз қандай шығармаларымен таныстық?

- «Кел, балалар, оқылық!», «Салақтық».

- Ыбырай Алтынсариннің өлеңі кімге арналған екен? /анаға арнаған/

ҚБ: Сұрақтарға толық әрі дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтаймын.

 -Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен ғажайып жан екен.

- Біздің бүгінгі сабағымыз да осы төңірегінде болмақ.

Ой қозғау – қызықты сәт әдісі арқылы (тәжірибе)

  Оқушылардың алдына ыдыс қойылады, яғни оның ішінде су болады және жанында күлтелері ашылмаған гүл беріледі, оның ішінде жасырылған сурет болады.Гүлді ыдыстағы суға салғанда күлтелері ашылып, оның ішінен бесіктің суреті шығады.

 

-Балалар, интербелсенді тақтаға назар аударайық.

Бейнеролик: Бесікке салу

-Бесікке кімді  жатқызамыз?

-Сәбиді ұйықтату үшін аналарымыз не істейді?

Олай болса бүгінгі сабағымызды Әлди, әлди, аппағым өлеңімен жалғастырайық.

Оқулықпен жұмыс.

Әлди, әлди, аппағым өлеңін іштей оқу және шумақтап оқу.

 

Сұрақ-жауап әдісі арқылы ой қозғау.

-Балалар бұл өлең не туралы?

-Бұл өлеңді қай кезде айтады деп ойлайсыңдар?

(бесікке нәрестені бөлерде, ұйықтайтын кезде)

МТ. Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті  ұқсас.Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлап сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандырады.Бесік жырын мазмұнына қарай уату жыры, ұйықтату жыры деп екіге бөліп қарастыруға болады.

Сергіту сәті: «Бесік жыры» бейнеролигін тамашалай отырып қимыл іс-әрекетпен көрсетеді.

 

Авторға саяхат әдісі бойынша автор туралы мәлімет беріледі.

Оқулықпен жұмыс.Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

                        «Бесік жыры»

Күнім, айым,                              Әлди бөпем,

Еркетайым,                                 Әлди бөпем,

Бөлейін енді.                              Ұйықта, жұм көзің.

Тыста дауыл,                              Құлыншақтар,

Жатқан ауыл,                              Қозы, лақтар –

Ұйқың да келді.                         Бәрі-ақ ұйқыда.

Жұмсақ бесік,                            Сен – жұлдызым,

Жылы төсек.                              Сен – көз нұрым,

Жата ғой, қозым.                       Кір тәтті ұйқыға.

 

Бағалау критерийлері:

- Мәтінді дауыстап, түсініп оқиды;

- Өлең құрастырады,«Бесік жырының» не үшін, қандай мақсатта айтылатындығын түсіндіреді.

Топтық жұмыс.

1–топ: Көп нүктенің орынына керекті сөздерді қойып өлең құрастыр.

.................................сыйлаймын,

.................................тыңдаймын.

.................................аламын,

.................................баламын.

Керекті сөздер: Айтқан тілді, үлкендерді, ақылдарын, мен әдепті.

2–топ: Өлең шумағын «шынжыр» әдісі арқылы орталастыр.

                                                     (дұрыс жауабы)

Әлди, әлди, аппағым,           Әлди, әлди, аппағым,

Жұртқа жаман болсада,        Қойдың жүні қалпағың.

Өзім сүйген аппағым!          Жұртқа жаман болсада,

Қойдың жүні қалпағың.       Өзім сүйген аппағым!

 

ҚБ  – Өзара бағалау.Топтар бір-бірін бас бармақпен бағалайды.

 

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындарды сәйкестендір

 

 

Көкпар                                              

Бесік жыры                                        Салт-дәстүрлер

Асық ату

Бәйге                                                         

Беташар

Шілдехана                                         Ұлттық ойындар

Арқан тартыс

Күрес

Тұсау кесу

 

Дескриптор:

-салт-дәстүрлерді тауып сәйкестендіреді;

-ұлттық ойындарды тауып сәйкестендіреді.

 

Бағалау: Өзара бағалау. Оқушылар интербелсенді тақтадан жауаптарын тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы 

 5 мин

 Сараланған тапсырма:

Бесік жыры қандай жырға жатады?

М.Жұмабаевтың қандай шығармасымен таныстық?

М.Жұмабаев кім?

  1. Мұғалім көмегін көп қажет ететін оқушылар:

Бесік жыры қандай жырға жататындығын айтады.

  1. Мұғалім көмегін орташа қажет ететін оқушылар:

М.Жұмабаевтың қандай шығармаларымен таныс екендіктерін айтады.

  1. Мұғалім көмегін аз қажет ететін оқушылар:

 М.Жұмабаевтың ақын, жазушы, ұстаз екендігін айтады.

Үйге тапсырма: «Әлди, әлди, аппағым» өлеңін жаттап келу.

Бағалау:

 

«Бағдаршам» - әдісі бойынша бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды.

Жасыл  – оң бағалау, маған ұнағаны, себебі…..;

Сары – ескерту, маған ұнамағаны, себебі…….

Қызыл  – болашаққа бағдар,маған ұнады, бірақ  келешекте көп мағұлмат алғым келеді…….

Мұғалімнің қорытындысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 

Оқушыларға берілетін тапсырмадан жеке нәтиже күтіледі. Оқушыларға мақсатқа байланысты тапсырма беріледі, алайда әртүрлі ресурстар ұсынылады.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын меңгеру барысында жеке тапсырма беремін.

 

 Сабақ бойынша рефлексия 

 Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 Сабақтың мақсаты оқу мақсатынан алынды және оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді.Сабақтың уақытылы кезеңдері толықтай сақталды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасына өзгерістер енгіздім.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, өздіктерінен жұмыс жасауы.

2: Қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі және оқушылардың өзара бірін-бірі бағалаулары.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Критерийлерді қадағалау, ескрипторлардың тиімділігі

2: Бірлескен әрекеттер және жағымды қарым қатынас

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ барысында әр оқушыны бақылай отырып, олардың оқып-үйренуі қалай өрбіп жатқандығын қадағалау қажет. Мұғалім оқушылардың қандай да бір жетістіктерге жеткенде жетістіктерін дамытып, қиындыққа тап болғанда оны қалай жеңу керек екендігін айтады. 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер