Өлең, жыр, ақындар

Практикалық жұмыс № 1 «Киіз үй. Тұрғын үйдің дизайны»

                                                                                                                                     Бижанова Индира Накеновна

технология пәнінің пәнінің мұғалімі

№39 қазақ орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 1 «Киіз үй. Тұрғын үйдің дизайны» Нарықтағы тауар мен қызмет көрсетудегі сұраныс пен ұсыныс заңы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының үйлері,нарықтағы тауар мен қызмет көрсетудегі ұсыныс пен сұраныс туралы түсінік беру.

- Оқушылардың ойлау қабілеттерін.ой-өрістерін дамыту.

- Пәнге қызығушылығын ояту, эстетикалық талғаммен жасалуына мән беру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: үйлердің макеттері,суреттері,плакаттар.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылығын ояту этапында ВЕНН диаграммасы стратегиясын қолдану.

                                 Айырмашылықтары              Ұқсастықтары

 

Айырмашылықтары

Ұқсастықтары

Киіз үй

Тұрғын үй

Киіз үй

Тұрғын үй

1.Дөңгелек;

2.Жинамалы;

3.Бір бөлмелі....

1 Төртбұрышты;

2.Жиналмайды,салынады;

3. Бөлмелері көп....

1.Тұруға болады.

2.Жылы;

1.Тұруға болады.

2.Жылы;

 

 

 

ІІ. Мағынаны тану этапында ІІІ топқа бөліп, үш мәтін беремін.

І топқа- Киіз үй дизайны;

ІІ топқа –Тұрғын үй дизайны;

ІІІ топқа –Нарықтағы тауар мен қызмет көрсетудегі сұраныс пен ұсыныс заңы .

Мәтінді оқуға 10 минут беріледі.  Осы уақытта алдарыңыздағы ақпаратты қазір өз жанұяларыңа барғанда  жеткізе алатын болыңыздар.

Әр топ орталарынан бір оқушы шығарып,түсініктерін айтады. Келесі оқушы толықтыруға болады.

Бір-біріне жіңішке және жуан сұрақтар қойып ,сабақты бекіту.

ІІІ. Ой толғаныс этапында «Қабырға газеті» стратегиясын қолдану.

Экономика.Сұраныс заңы-ол,тұтынушының белгілі бір жерде және белглі уақытта өнім,әлде қызмет көрсетудегі сатып алуға тілегі және мүмкіндігі. Егер сіздің модельді аяқ киім сатып алу ойыңызда болып,бірақ оны сатып алуға қаражатыңыз болмаса,онда экономистер мұны сұраныс демейді,оны тілек деп атайды.Ал сіздің дәл осы мақсатта жұмсай алатын ақшаңыз болса,онда тілек сұранысқа айналады. Сұраныс заңы әрбір қойылған бағада сатылып алынған тауарлар мен қызмет көрсетулердің санымен бағасының арасындағы байланысты баяндайды.Яғни,ол барлығы бірдей жағдайда төмен бағалы тауарларды көбірек сатуға болатындығын айтады.

Ұсыныс заңы. Экономистер сатушының белгілі бір жерде, белгілі уақытта тұтынушыға сата алатын заттарының санын ұсыныс деп атайды.Осындай мәліметтерді жинақтап көрсететін таблица –ұсыныс кестесі деп аталады.Ұсыныс заңы бойынша сатушылар жоғары бағамен көп тауар және төмен бағамен аз тауар сатуға ұсынады.

Сабақты оқушылардың суреттері арқылы бекіту,бағалау.

Үйге  тапсырма : «Киіз және тұрғын үйдің  дизайны» туралы эссе жазу.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз