Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры
Орындаған: Қ.Асылбекова
Балдысу ауылы
Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен,құрамымен таныстыру.5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып,балалардың білім дағдыларын қалыптастыру.Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
2. Оқушылардың ой-өрісін,тілін логикалық ойлау қабілетін дамытып өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
3. Ойын дұрыс айта білуге,шығармашылық еңбек етуге,ұйымшылдыққа, мақсатқа жете білуге баулу.Ұлттық ханталапай ойынын дәріптеп, қазақтың патриот ұлдары мен қыздары болуға тәрбиелеу.Ұлттық болмысқа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: тапсырмалар орындау,санау,ойын,санамақ
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: цифрлар,суреттер,гүл күлтешелері, геометриялық фигуралар,ойыншық суреттері,асық,алма.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеп,сабаққа назарын аудару
ә)Психологиялық сәт
Біз қандаймыз,қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
-Балалар,қазір қандай сабақ?
-Математика сабағы
-Көңіл-күйлерің қалай?
ІІ. Ойын сабақ
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Сендер
«Ханталапай» ойынын білесіңдер ме? Ұлттық ойынымызды математика сабағында ойнап көрелік.Әр бір тапсырманы кім дұрыс орындаса сол асық жинайды.Ханталапайды ұтады.Асық беру арқылы марапаттап,еңбектерін бағалап отыру.
Ой шақыру
-Аптаның бесінші күні қалай аталады?
-Жұма
-Жылдың бесінші айы қандай ай?
-Мамыр.
-Ендеше,мамыр айындағы гүлді еске алайық.
-Ал балалар, мына гүлдерге көңіл аударайықшы!
Тақтада тұр қызыл гүл,
Әр беретін көңілге,
Күлтелерін ашайық
Сандарға біз қарайық.
(гүл күлтелерінен сандарды танып оқу,жазу)
Мағынаны тану
І-----І 1 см
І----------І 2 см
І---------------І 3 см
І--------------------І 4 см
І-------------------------І 5 см
(көрнекілікпен көрсету)
-Олай болса, 5 цифрын ауада жазайық.
Дәптермен жұмыс
5 5 5
4 + 1 = 5
-Біз сандарды оқып,есімізге түсірдік. Олай болса, санамақ айтайық.
Бір дегенім –білім
Төрт пен беске ілін.
Екі дегенім – еңбек
Еңбекпенен іс өнбек.
Үш дегенім- үміт
Жайдары жүр күліп.
Төрт дегенім – төзім
Сабырлы бол өзің.
Бес дегенім – бесік
Шықтым содан өсіп.
Оқулықпен жұмыс
«Кім зерек?» ойынын ойнайық,балалар.
№1 тапсырма
4+1= 5 2+3 =5
1+4 =5 3+2 =5
5-1 =4 5-2 =3
5-4 =1 5-3 =2
№2 тапсырма
Үйлерге орналастыр:
3 4 5
3 1 4 1
1 4
Сергіту сәті
Қане,қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық,-деп бірнеше рет айтып балалар сергіп алады.
№3 тапсырма Сана : Ойыншықтарды санау
1 2 3 4 5 5 4 3 2 1
№4 тапсырмада кеспе қағаздар таратамын санап, салыстыру
«Артық,кем» ойыны
Мақсаты: логикалық ой-өрістерін дамыту.
Таңбалары түсіп қалған сандар жазылған кеспе қағаз таратамын,ал балалар керекті артық,кем таңбаларын қояды.
4> 3 5>4 3<4 3>2 2<3 2>1 4<5
№5 тапсырмада геометриялық фигураларды атау,қабырғаларының
ұзындығын өлшеу.
Мұнда, «Фигураны тап» ойынын ойнатамын.
Қорытынды: - Балалар,бүгінгі сабақта қандай цифрмен таныс болдық?
- Математикалық жұмбақ шешейікші
Бес алманың үшеуін, Досың сұрап алды.Айтшы, сонда нешеуі Өз қолыңда қалады?-деп жауабын тапқан балаларды мақтап,мадақтау.
Сабақта көрсеткен белсенділіктеріне алғыс айтамын,кім қанша асық жинады? Асықтарды санау,сақаны сол оқушыға сыйлау.Осылайша ұлттық ойынымыз «Ханталапай » ойынын
оқушыларға ұғындыру.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі