Өлең, жыр, ақындар

Ашық сабақ, Электронды кестеде мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану, 8 сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А бөлімАқпаратты электронды кестелерде өңдеу

Мектеп: А.С. Макаренко атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Джолымбекова А.С.

Сынып: 8

Қатысқандар

Қатыспағандар:

 

Сабақ тақырыбы

Электронды кестеде мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)

8.2.2.1 - Электронды кестеде есептерды шешу үшін мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану

 

Сабақ мақсаты

  •  Ұяшықты пішімдеу ұғымын анықтайды
  • Электронды кестеде есептерды шешу үшін мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолданады
  • Excel электрондық кестесінде ұяшықтардың пішімделуін орындайды

Бағалау критерийлері

  •  Ұяшықты пішімдеу тәсілдерін түсіндіреді
  • Формуланы жазу барысында түрлі пішімдерді және мәліметтер типтерін пайдаланады
  • Электрондық кестеде мәліметтердің әртүрлі форматтарын колданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Электронды кестеде ұяшықтарды пішімделуін қолдана алады

 

Арнайы лексика және терминология:

  • Ұяшықтарды пішімдеу
  • Пішім

 

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркесі:

  • Ұяшық немесе мәліметтер пішімін.......терезесін пайдаланып өзгертуге болады
  • Ұяшықты пішімдеу дегеніміз .....

Құндылықтарды дарыту

Жеке тапсырмаларды орындау барысында бастамашы, креативті және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған дағдылық құндылықтар. Топпен жұмыс істеу қабілеті.

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері (бояу, стиль)

Бастапқы білім

Кесте процессорында жұмыс істеуді біледі: электронды кестені форматтау,формаларды құру, әртүрлі мәліметтерді қолданалады.

 

 

 

 

 

Сабақ барысы

 

 

Сабақ кезеңдері:

 Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

 

 ресурстары

 

Сабақтың басы

0-5мин

 

 

 

 

 

 

 

1Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу.

Миға шабуыл.

2«Кім жылдам?» Өткен тақырыпты еске алу.

Оқушылардың электронды кестелердегі салыстырмалы, абсолютті сілтемелер, формула қою дағдыларын тексеру үшін берілген тапсырманы уақытқа орындауды сұрау. Бақылаудың негізгі талаптарын ескере отырып, оқушылар бірінің жұмысын бірі тексере алады.

Қабілеті жоғары оқушылар сыныптағы басқа оқушыларға кеңес бере алады.

 

Бағалау: Өзара бағалау. «Жетон»  (бағалау шәкілі беріледі)

  1. Топқа бөлу.

Сабақтың мақсатын ашу үшін Лот әдісін қолдана отырып топқа бөлемін. Себетте – (ұяшықты пішімдеу терезесінің 3 жапсырмасы бар) – Сан-Түзету, Бояу-Қаріп, Шегара-Қорғау. Оқушылар әрқайсысы себеттен таңдап алады. Топтасып отырады.

 

2. Жаңа тақырып пен мақсатты тұжырымдау

Әр топқа 2 суреттен беріледі.

Сан – Түзету

Бояу –Кәріп

       
   
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шегара – Қорғау

       
 
   
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
  • Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді).

Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушылар мұғаліммен біріге отырып тұжырымдайды және оқушылар өз ой-пікірлерімен бөліседі.

Дәптерлерің  ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыды.

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма

 

 

 

 

 

 

Бағалау шәкілі

 

 

Топтардын атауы

 

 

 

Презентация

Жапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

  1. Бірлескен оқу.  Топтық жұмыс.

Жаңа тақырып игеру және зерттеу мақсатында топтық жұмыс жүргіземын. Берілген  оқулықпен жұмыс орындайды. 

 

Бағалау: Мұғалім топтардың жұмыс істеуін қадағалап әр оқушының қабілеттерін зерттеп, кестеге түртіп отырады.

 

Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау парағы.

 

Оқушының аты-жөні

Оқушы 1

Оқушы 2

Оқушы 3

Идеялар ұсынады

 

 

 

Топ ішіндегі талғылауға белсенді қатысады

 

 

 

Топ басшыларына көмектеседі

 

 

 

Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды

 

 

 

Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды

 

 

 

 

Бұл тапсырма  жасау барысында оқушылар ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді.

 

4. Сергіту сәтті. Медитация «Орман»

Барлық сезімдеріңізді барынша арттыруға тырысыңыз. Мысалы, сіздің үйлестіруші орман - орман. Сіз шалғынды серуендеп жүргеніңізді және аяқтарыңыздың суық шуылын, көптеген құстардың дыбысын естисіз, сіз қарағайдың иісін сезесіз, таза ауаны толығымен дем аласыз. Сурет барынша жанданған болуы керек. 3-5 минут бойы медитация жасаңыз.

 

  1. Жеке жұмыс. 

Оқушылар таратпа материалдағы Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.

Тапсырмалар

1. Ұяшық пішімін сандық түрден қаржылық түрге қалай өзгертуге болатынын сипаттаңыз (KZT валюталық белгісін қолданып).

 

1) ________________________________________________________

2) ________________________________________________________

3) ________________________________________________________

4) ________________________________________________________

 

2. Төмендегі кестені қарастырыңыз.

Төмендегі ұяшықтардың пішімдерін анықтаңыз.

 

a) B3: ________________________

b) С5: ________________________

c) F3: ________________________

 

Дескрипторлар:  

  • ұяшықтардың пішімін бір түрден екінші түрге ауыстырады;
  • яшықтарда қолданылған мәліметтер пішімін анықтайды

 

Бағалау: «Бағдаршам». Өзара бағалау.

Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі:

- толықтай тапсырманы бітірсе жасыл түсті;

- бітуріге жақын сары түсті;

- тапсырманың жартысы орындаған қызыл түсті көтереді.

Түстер бойынша оқушылар: жасыл түстер– сары түске, сары түстері бар – қызыл түстілерге бір-біріне тапсырмаларды бітіруге көмектеседы.

 

  6. «20 секунд» әдісі. 

    Сабақты қорытынды барысында және кері-байланыс беру мақсатында қолдана отырып арнайы сұрақтар жасырып және ойлануға 20 секунд уақыт беріледі. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл әдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы секундтардан кейін зерек 4- 6 оқушының жауабы тыңдалып, олардың тез ойлау қабілетін дамытады. оқушылар өз жауаптарын қағаз бетіне түсіртеді.

  1. Ұяшықты пішімдеу дегеніміз не?
  2. Ұяшықты пішімдеудің қандай тәсілдерін білесіндер?
  3. Ұяшықты пішімдеу сұхбат терезесінде неше жапсырма бар? Атаңыз.

 

Дескриптор:

  • Ұяшықты пішімдеу ұғымын айтады
  • Ұяшықты пішімдеу тәсілдерін көрсетеді
  • Ұяшықты пішімдеу сұхбат терезесінде жапсырма санын  атайды.

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

Әуен

 

 

 

Қалыптастырушы бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрлі түсті карточкалар

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия.

Еске түсіру, оқушының өзіне сабақ барысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру мақсатында оқушылар экраннан қойылған сұрақтарға бір сөйлем арқылы жауап береді:

  • Бүгін мен білдім ... қызықты болды ...
  • бұл қиын болды ... Мен жұмыс жасадым ...
  • Мен түсіндім ... енді мен ...
  • Мен білдім ... Мен оны жасадым ...
  • Мен істей алдым... мен тырысамын ...

 

Презентация

 

 

Қосымша ақпарат

 

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 

     Дереккөзі тәсілі әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында сабағымда деректеркөздерін https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/standartty-funkcziyalardy-pajdalanuhttps://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/233-informatika/2710-excel-elektrondi-kestes.html; http://bilimdiler.kz/informatika/7801-zhmys-kestesn-avtomatty-trde-pshmdeu.html кейбір оқушыларға пайдалану үшін немесе жақсы жұмыс істеуіне қолдау көрсеттемін.

     Жылдам жұмыс істейтін немесе көмек қажет ететін оқушыларға тапсырма беремін.

     Бағалау тәсілі бойынша оқушы үнемі бағаланып отырады, сол арқылы өздерінің қателіктерін түзетіп немесе мадақтау арқылы уәжі артады.

     Оқытудын болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдаланамын. Бұл тәсілді талаптары әртүрлі оқушыларға қолданыламын.

 

        Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенің,  бағалау критерий арқылы: «Жетон» әдісімен өзара бағалайды.

        Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау парағы  арқылы, критерийлар мен дескрипторлар пайдалана отырып бағалауды жүргіземін.

         «Бағдаршам» арқылы оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенің көрсетудың жылдам тәсілін қолданамын.

Тапсырмаларды компьютерде орындау кезінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтау:

  • көзге жаттығу жасау;
  • дұрыс отыру ережесін сақтау.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз