Өлең, жыр, ақындар

Scratch программасында жоба құру

Цифрлық сауаттылық пәнінен біріктірілген 1, 3-сыныптарға арналған бірпәндік сабақ жоспары

 

 

 

1-сынып

3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Scratch программасында жоба құру

Ақпаратты іздеу

Сабақтың мақсаты:

1.1.2.2 Scratch программасында жоба құру.

1.1.2.4  Компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану.

3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Интернеттің іздеу жүйелерін қолдану;

3.3.2.1 желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;

Сабақтың көрнекілігі:

Плакат, жұмбақ, видеоролик,компьютер

Оқыту әдістері:

сұрақ, талдау, практикалық жұмыс, кесте

Сабақ барысы

І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Ұйымдастыру кезеңі

«Жұмбақты шеш»

1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок)

2. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)

4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)

5. Қағазға тойматын құрылғы (принтер)

6. Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)

ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.

Түсіну

Scratch бағдарламалау ортасының атауы ерекше, осы бағдарламаның  эмблемасы – кішкентай Scratch (орысша-царапка, қазақша- тырнауыш) деп аталатын мысықтың баласы. Бағдарлама оны басып, жазып шығарудың орнына кодтың блоктарын біріктіру жолымен жасалады. Scratchті қолдану оңай және жеңіл, сонымен қатар басқа бағдарламалау тілдерінің қолданысқа қажетті негізгі идеяларын сізге үйретеді. Бұл көпплатформалы өнім, яғни оны Windows, Linux және тағы басқа да операциялық жүйелерде орната беруге болады. 

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

Scratch программасына қатысты сөздерді белгіле

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

1. Ғаламтор қай жылы, қай елде пайда болды?

2. Ғаламторда  қанша уақыт отыруға болады?

 3. Бұл құрылғылар не деп аталады? Ол бізге не үшін қажет?

 

Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.

https://www.youtube.com/watch?v=kt6Hnr61Gm0

 видеороликті көру.

Оқушылармен бірлесе отырып сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын тұжырымдау

2-тапсырма

Оқулықтан тыс тапсырмалар

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары

Жауабын жаз

Практикалық тапсырма

 1. Word Pad редакторын іске қосыңыз.

 2. Жұмыс үстеліндегі Абай Құнанбаев суретін мәтіндік редакторға орналастырыңыз.

 3. Сурет астына Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңін жазыңыз.

 4. Жұмысыңызды сақтаңыз.

ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

БЕКІТУ КЕЗЕҢІ

 

Кестеде берілген ақпараттарды оқи отырып,жауаптардың дұрыс нұсқасын жаз.

Ғаламтордан суретті сақтау үшін жанама мәзірден Суретті ....ретінде сақтау командасын таңдаймыз.

Иә/Жоқ

Ғаламтордан ақпарат жүктегенде  ол Құжаттар бумасында сақталады.

Иә/Жоқ

Мәтінді көшіру үшін жанама мәзірден Көшіру Қиып алу Қою командаларыy қолданамыз.

Иә/Жоқ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз