Тәрбиеші: Бейсембинова Жанар Зиратбековна
"Георгиевка орта мектебі" КММ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық» «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, ойын сабақ
Тақырыбы: Ғажайып алаң.
Мақсаты: «Ғажайып алаң» атты ойын сабақ арқылы балалардың әр білім саласы бойынша алған білімдерін жаңа технологияны қолдана отырып тиянақтау, сұраққа толық жауап беруге, ойын шартын түсініп ойнауға үйрету. Сөздік қорларын, шеберліктерін дамыту. Өздерін дұрыс ұстауға, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын
Көрнекіліктер: Барабан, суреттер, слайд
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотиватциялық кезең |
Салеметсіңдер ме! Балалар? -Бүгін біз сендермен ойын алаңына жиналдық. Қараңдаршы қаншама көрермендер сендердің ойындарыңды көруге жиналған. -Қане бірінші көрермендермен амандасып алайық. Үлкенге де сіз, кішіге де сіз Баршаңызды құрметтеп Сәлем береміз біз -Балалар бүгін біз сендермен «Ғажайып алаң » деген ойын ойнаймыз. -Бұл ойында ойнау үшін біз сендермен білімді, ақылды, тапқыр болуымыз керек. Ол үшін сендерге мына бас киім көмектеседі. (балалар бастарына бас киімді киеді) -Міне біз дайынбыз. |
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз Баршаңызды құрметтеп Сәлем береміз біз Балалар бас киімді киіп алады. |
Ұйымдасты рушылық кезең |
-Балалар мына барабанды көріп тұрсыңдар ма? Бұл ғажайып алаң барабаны, осы барабанды айландыру арқылы біз әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз. -Барабанда сандар мен әріптер бар. Егер стрелке сандарға кеп тоқтаса біз тапсырамлар орындаймыз, ал егер стрелке «Б» деген әріпке кеп тоқтаса онда біздің ойынымыз тоқтап қалады. Егер ойынды жалғастырамыз десеңдер , онда сендер жасырын қонақтың жұмбағына жауап берулерің керек. Ал егер стрелке «О» деген әріпке кеп тоқтаса сендер суреттен ұлттық ойындарды атап, өздерің ақылдасып бір ойынды көрсетесіңдер. Стрелка айналған сайын сендердің ұпайларың өсіп отырады, Егер сендердің үпайларыңды санап соңынада сендерге мадақтама беремін. . Жарай ма балалар? Онда ойынымзыд бастаймыз. Барабанды айналдырамын, неше деген санға келіп түсті? Сұрақ: Экранға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрсыңдар? -Табиғат деген не? -Табиған нешеге бөлінеді? Қандай? -Табиғаттты қалай қорғаймыз? Д/О «Жәндіктермен құстарды ажырат?» (балалар жәндіктермен құстарды ажыратады. ) Сұрақ: Балалар экраннан не көріп тұрсыңдар? -Осылардың бәрін бір сөзбен қалай айтамыз? -Туымыздың түсі неге көк? Сұрақ: Мына ағаш нені еске түсіреді? -Жыл мезгілдерін атап шығайықшы? - Қар еріп, су көбеіп, Сай салаға ағады, Құстар әнін салады, Гүл бәйшешек ашады Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады? -Көктем айларын атап көрейікші? -Балалар енді осы көктем айын бір сөзбен суреттеп айтайықшы? -Енді жаз, күз, қыс айларын суреттейік? Сергіту сәті: Дүйсенбіде гүлдер ектім, Сейсенбіде алма тердім, Сәрсенбіде су акелдім. Бейсембіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап, Сенбіде мен саған бардым, Жексенбіде бір демалдым. Сұрақ: Балалар экраннан не көріп тұрсыңдар? -Дұрыс геометриялық фигуралар. Қандай? -Енді осы геометриялық фигуралардан бір дала жануарымен , үй жануарын жасай аламыз ба? -Қандай үй жануарын жасай аламыз? -Қандай дала жануарын жасай аламыз? Өте жақсы балалар. Сұрақ: Балалар қараңдаршы мына қоянның қолында неше гүл бар санап көрейікші? -Ал аюда ше? Осы қоянмен аюдың гүлін теңестңру үшін не істейміз? -Неше гүл жасаймыз? -Біз нешеуміз? Аюдың гүлі 9 болу үшін әр қайсымыз неше гүлден жасаймыз? -Өте жақсы балалар. Сұрақ: Балалар мын суреттер бар. Қане айтайықшы? Дыбыстық жаттығу: Ойын: «Қыз қуу», «Ақ серек, көк серек», «Арқан тарту. » |
Балалар тірбиешіні мұқият тыңдайды.
Аққу, ағаш, су. Табиғат. -Табиғат – адам өмір сүретін тіршілік етер ортасы. Тбиғатсыз өмір сүре алмайды. -Табиғат 2 ге бөлінеді. - қоқыс тастамаймыз, ағаш сындырмаймыз, от жақпаймыз. -Жәндіктерді бір жаққа, құстарды бір жаққа ажыратып қояды. - Ту , елтаңба - Рәміздер. -Аспанымыз ашық болсын деп. -Жыл мезгілдері. - Қыс, көктем, жаз, күз
-Көктем. -Наурыз, сәуір, мамыр. -Шуақты көктем, нұрлы көктем, жасыл көктем, жылы көктем. -жайдарлы жаз, әдемі жаз, гүлді жаз. -сары күз, жемісті күз. -ызғарлы қыс, суық қыс.
Дүйсенбіде гүлдер ектім, Сейсенбіде алма тердім, Сәрсенбіде су акелдім. Бейсембіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап, Сенбіде мен саған бардым, Жексенбіде бір демалдым.
-Гометриялық фигуралар. -сопақша, домалақ, төртбұрыш Ұшбұрыш. -Иә жасай аламыз. -мысық, қоян.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, гүл бар.
Аюда 1 ғана.
Аюға гүл жасаймыз. 8 гүл жасаймыз. Біз 8 баламыз. 1ден гүл жасаймыз. Балалар ермексаздан раушанг. лін жасайды. -Ашты-тәтті, кәрі-жас, Күн-түн, қыс-жаз.
Балалар өздеріне ұнаған бір ойын кқрсетеді. |
Рефлексия |
-Балалар сендерге ойын ұнады ма? -Ұнаса осы көңіл –күйлеріңді суретке салып көрсетіңдер? -Ал мен сендердің жинаға ұпайларыңды есептеп көрейін. |
Балалар өз көңіл күйлерін суретке салып көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жыл бойына алған білімдерін көрсете біледі.
Игереді: Ойын арқылы тапсырамаларды орындауды меңгереді.
Меңгереді: ойын ойнау техникасын меңгереді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі