Өлең, жыр, ақындар

Киімдер дүкеніне саяхат

Тақырыбы: « Киімдер дүкеніне саяхат»  
Міндеті: Балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету. Балалардың сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін дамыту. Балалардың ойлауын, жалпы және ұсақ қол моторикаларын дамыту . Ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету. 
Көрнекіліктер: Ұл бала және қыз бала бейнеленген сурет, ұл бала мен қыз баланың киімдері  (таратпа материалдар), қуыршақтың киімдері, киім қыстырғыштар, слайд материалдары, нейрожаттығуға араналған іздер. 
Кейіпкерлер: Қуыршақ
Ашық сабақ барысы:
Жылулық шеңбері:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бізге келген қонақпен,
Сәлемдесіп аламыз. 
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз
Тәрбиеші: Күзде күн қандай болады?
Балалар: жел, жаңбырлы болады.
Тәрбиеші: Біздер күзде  қалай киінуіміз керек?
Балалар: жылы.
Тәрбиеші: балалар киімдердің түрлері көп. Оларды жылы және жеңіл киімдер деп ажыратамыз. Әр мезгілде өзіне тән ауа-райы болғандықтан, киімдерді де жыл мезгілдеріне сай киеміз. Қане мына суретке қарап киімдердің атын атап, оларды топтастырайықшы. (Слайд көрсетеді)
Қалпақ, кеудеше, күрте, қолғап, тон, етік, жемпір, және т. б түрлері бар.
(тәрбиеші нұсқауымен балалар киімдердің атын атап өтеді)
Балалар: атайды.
Кенеттен желдің дауысы шығып топқа Қуыршақ кіріп келеді. Балалармен сәлемдеседі.
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Қуыршақ! Мынадай желді, жаңбырлы күнде  не істеп жүрсің? Жылы киімің қайда?
Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен бүгін далада қатты жел  мен жаңбыр болады деп ойламадым. Мынадай ауа-райына киімдерім дайын емес еді. Балалардан көмек сұрап келдім. Менімен  киімдер дүкеніне барып, осы мезгілге байланысты киімдер таңдасып жіберіңдерші! 
Тәрбиеші: көмектесемізбе балалар!
Балалар: Иә
Қуыршақ: олай болса балалар киімдер дүкеніне бару үшін бірнеше кедергілерден өтіп, тапсырмалар орындау керек. 
1-тапсырма «Нейрожаттығу»
Шарты: балалар едендегі аяқ іздерін баса отырып түстерін атап, іздерді басып өту. Қабырғадағы қолдар ізі бойынша қайталап басып өту керек. 
Балалар тапсырманы орындайды.
Қуыршақ: Жарайсыңдар балалар міне киім сататын дүкенге де келдік. Келесі  тапсырмаға көшейік.
2-тапсырма: «Шкафын тап»
Шарты: балалар қолдарына киім суретін алып, кегельді кедергілерден айналып өтіп, киімді жыл мезгіліне сай шкафты тауып іліп кету керек.
Балалар белсенді қатысады.
Қуыршақ: Қандай тамаша! Ендеше балалар , дүкендегі киімдерді жыл мезгілдеріне сай ажыратып үйренейік. Ал одан әрі жалғастырайық.
3- тапсырма: «Жыл мезгілдерін құрастыр»
Шарты: балалар түрлі пішінді кедергілерден секіріп өтіп. Үстел үстіндегі пазлдан жыл мезгілдерін құрап, сол мезгілдер бойынша қандай киімдер киетіні туралы әңгімелеу.
Балалар ынталанып әрекет жасап қатысады.
Қуыршақ: Өте тамаша! 
Тәрбиеші: Балалар  осы арада бір билеп сергіп алайық!
Сергіту сәті: «Жел»  музыкалық қимылдар.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы киімдер дүкенінде неше түрлі киімдер бар екен иә!?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Керемет ,ендеше одан әрі  Қуыршаққа киім таңдауды жалғастырайық.
4-тапсырма: «Қуыршақты киіндір»
Шарты: балалар түрлі шарларды жарып ішіндегі киім суретін жинап алып тақтадағы қуыршақты мезгілге сай киіндіру керек.
Қуыршақ: Рақмет балалар! Бүгін маған өте тамаша көмектестіңдер! Сендермен қоштасатын сәтте  келіп жетті! Келесі көріскенше сау болыңдар!
Балалар: Сау бол Қуыршақ!
Тәрбиеші: Сау бол Қуыршақ! Ал балалар бүгін біздер Қуыршаққа көмектесіп, үлкен жақсылық жасадық! 
Балалар киімді әрқашан мезгілге байланысты киіну керек. Әйтпесе суық тиіп ауырып қалуымыз мүмкін немесе ыңғасыздық тууы мүмкін.
- Бүгін біздер не үйрендік?
Балалар: жыл мезгіліне сай киінуді, киімдер түрлерін үйрендік.
Тәрбиеші: киімдерді қайдан алады екенбіз?
Балалар: киімдер дүкенінен!.
Тәрбиеші: өте тамаша , жарайсыңдар! Белсене қатысқандарың үшін мен сендерге «Ең үздік» атты смайликті таңбашаны беремін.
(тәрбиеші әр бір балалаға ең үздік жазулы смайлик таңбашасын таратып береді)

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз