Өлең, жыр, ақындар

Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез

Білім беру ұйымының атауы

Б. Қаратаев атындағы ЖОББМ

Бөлім:

7. Жасушалық цикл

Педагогтің Т. А. Ә.

Калкамбетова Турсынзада Насипкалиевна

Күні:

 

Сыныбы:  10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

10. 2. 2. 2 өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

  • Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу кезеңдерін ажыратады.
  • Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың түзілу ерекшелігін сипаттайды.

 

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт:

Педагогтің әрекеті:

Оқушының әрекеті:

Бағалау:

Ресурстар:

Сабақтың басы

7-минут

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
  2. "Сиқырлы алаң" әдісін пайдалана отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын. Топқа бөлінуге нұсқау жасаймын.

 

Оқушылар стикерге жазылған күтілетін нәтижесін сиқырлы алаңға жабыстыру арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптасады. 4 оқушыдан топқа бөлінеді. Әр топтан бір оқушы шығып, орындыққа отырып өткен тақырыпты сұрақтарға жауап беру арқылы еске түсіреді.

Өзін-өзі бағалау, ауызша мадақтау

Түрлі түсті стикерлер, оқулық, бағалау парақшасы

Жаңа сабаққа кіріспе

"Ширату жаттығулары"

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында  "Гаметогенез" тақырыбында бейнекөрсетілім көрсетемін.

Мұғалімнің түсіндіруі.

Гаметогенез- жыныс жасушаларының түзілу процесі. Жыныс жасушаларының барлығын гамета деп атаймыз. Аталық жыныс жасушаларының түзілу процесі "сперматогенез", ал аналық жыныс жасушаларының түзілу процесі "овогенез" деп атаймыз. Жыныс бездерінің түзілуі шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.

  • Көбею кезеңі.
  • Өсу кезеңі
  • Пісіп-жетілу кезеңі
  • Қалыптасу кезеңі

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма беремін және термин сөздермен жұмыс.

  • Гамета
  • Гаметогенез
  • Партеногенез
  • Спорогенез

Оқушылар бейнекөрсетілім арқылы түйген мәліметтерін ауызша айтуы қажет.

 

 

 

Оқулықты оқып танысып шығады. Термин сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Мақтау, мадақтау, қолдау көрсету

https://www. youtube. com/channel/UC25z67zXvW7NTwFzSuA_BBA

 

Оқулық

 

Сабақтың ортасы

Тапсырма 1.

Жұптық жұмыс

 Әдісі:  "Суреттер сөйлейді"

а)Өсімдік спорогенезі    б) Жануарлар гаметогенезі

1)                                          1)

2)                                         2)

3)                                        3)

4)                                       4)

Қолдауды орташа қажет ететін оқушыларға:

Оқулықтағы 123-124 суреттерді  ұсыну.

 

Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға:

 Берілген үлгі бойынша жануарлар гаметогенезі мен өсімдіктер спорогенезінің кезеңдеріндегі үрдісті тірек сөзін пайдалана отырып, суретпен сәйкестендіреді.

 1 )Жұмыртқа жасушасы

 2) Өсу кезеңі         

 3) Пісіп жетілу кезеңі

 4) Қалыптасу кезеңі               

 5) Спорогенез                 

 6) Гаметогенез

 7) Спермийлер

  8) Көбею

Суреттегі жануарлар гаметогенезі мен өсімдіктер спорогенезінің кезеңдеріндегі үрдісті сипаттайды.

Дескриптор:

Жалпы балл-3балл

 

Жануарлар гаметогенезі мен өсімдіктер спорогенезінің кезеңдеріндегі үрдісті сипаттайды.

Оқулық

 

Тапсырма 2.  

Топтық жұмыс

Әдісі:   "Кубизм стратегиясы "

Оқушылардың алдына мәтін беріледі сол мәтін бойынша тапсырмалар  беріледі

1-топ.

 2-топ.

Мәтін.

Атақты орыс генетигі Б. Л. Астауров жасанды партеногенездік жолмен көбею қабілеті бар жібек құртын алды. Жоғары температурамен әсер еткенде жібек құртының аналығында мейоз процесі жүрмей, диплоидты  хромосома жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы пайда болған. Осы жасушадан жұмыртқалары ірі болып келетін  аналықтар партеногенез жолымен дамыған. Мұндай әдістерді пайдаланып партеногенездік  жолмен жібек құртының аналықтарын алудың қазіргі кезде жібек өндіруде маңызы зор болып отыр.

Сұрақ: 1. Партеногенез дегеніміз не?

Сұрақ: 1\2

1. Гүлдері ұқсас бақбақ өсімдігі қызылша, темекінің кейбір түрлері партеногенез жолымен көбейеді.

Ия\жоқ

2. Пілдер, тышқантектес кемірушілер партеногенез жолымен көбейеді.

ия\жоқ

3. Көктем, жаз, күздің басында бітені мен дафнияда партеногенетикалық аналықтар дамиды.

ия\жоқ

Сұрақ: 1\3

 Партеногенез  үдерісі  күрделігүлділер, раушангүлділер, астық тұқымдастарында кездесуі мүмкін бе?

Әр топ алдарына берілген тапсырма критерийіне жауап береді.

Дескриптор:

Жалпы балл-3

 

  • Жынысты көбеюдің ерекше түрөзгерісін сипаттайды.
  • Өсімдіктер мен жануарлардағы партеногенез үдерісін ажыратады.

Оқулық

Сабақтың соңы

Жеке жұмыс

"Элективті тест"әдісі, "Kahoot"  бағдарламасы арқылы сабақты қорытындылау мақсатында гаметалардың қалыптасу ерекшеліктері туралы элективті тест сұрақтарына жауап береді. Осылайша тақырыпты оқушылар қаншалықты меңгергенін көруге болады.

 

Сабақ бойынша кері байланыс.

"Еркін микрофон" әдісі арқылы  оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлекциясын тыңдаймын.

 

Үйге тапсырма:

"Өсімдіктер мен жануарлардың гаметогенезі"тақырыбына шағын жоба жазыңдар, оқулықтың  9-16 беттерін оқу.

Оқушылар өздерінің  мобильді құрылғылары арқылы жасалған сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізген тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Дескриптор:

Гаметалардың қалыптасу ерекшеліктері туралы сипаттайды.

 

 

 

Балл жазылған түрлі-түсті алма стикерлері арқылы оқушылардың сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай бағаланады.

Жалпы балл-1-10

Интерактивті тақта

https://create. kahoot. it/details/1e04f373-ae50-4919-8cfb-60b214d2656e

 

 

Түрлі-түсті алма стикерлер


Пікірлер (1)

жәудір

күшті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз