Қазақ тілі оқытушысының 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы ЖШС «Наргиз» бөбек-жай балабақшасы
Топ: Балауса ортаңғы топ
Балалардың жасы:3 жастан.
Жоспардың құрылу кезеңі: қаңтар айы, 2022-2023 оқу жылы.
Юнусова Эльмира Розахуновна
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет |
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері |
Қаңтар |
Қазақ тілі |
- балаларды өз бетінше сөйлеуге үйрету; - түрлі балалар әрекетінде балалардың бір-бірімен сөйлесуіне жағдай жасау; әрбір баланың қызығушылығына мән беру, сұрақтарына жауап беру, жеке сөйлесу; - дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорды байыту. Тілдік дамытушы орта. Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, бірлескен әрекеттері туралы келісуге, ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды, естуді дамыту. Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту. Қазақ тіліне тән ә, ө, қ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу. Сөздік қор. Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («бөпе», «аға», «апа», «іні», «қарындас»), тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Тілдің грамматикалық құрылымы. Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт). Байланыстырып сөйлеу. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі