Өлең, жыр, ақындар

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

​ ​ ​ ​ ​ ​ Балалар неге сабақ оқығысы келмейді? Өйткені қызықсыз.​ Ал қалай қызықтырамыз?​
​ ​ ​ ​ ​ ​ Бұл жөнінде өзімнің жеке тәжірибемнен бірнеше тәсілді бөлісе кетуді жөн санадым:
1. Оқушыларға сабақ түсіндіргенде алдымен тақырыпты түсіндіремін.​ Кітаптағы мәтін бойынша емес,​ балалар өмірі естімеген ақпараттар бойынша. Мысалы,​ 7-сынып Қазақстан тарихы оқулығындағы «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының тарихи құндылығы неде?» -​ деген тақырыпты талдап,​ Мәшһүр Жүсіп пен Абай шығармашылығының ұқсастықтарын,​ діни көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін салыстырып шығамын.​
2. Абай мен Мәшһүр Жүсіптің алғаш оқуға барғандағы сәттерін қысқа да қызықты етіп салыстырып айтып беремін.
3. Мәшһүр Жүсіп өміріндегі тылсым оқиғаларға толы кереметтерді,​ аласапыранға толы өмірін,​ өмір бойы тоқтаусыз ел аралап жүріп (большевиктерден қашып),​ қазақ фольклорына қосқан 30 томдық зор үлесін оқушыларға таныстырамын.
4. Үй тапсырмасына оқулықтағы мәтінді бөліп беріп,​ қосымша ізденіп келген оқушыларға ең жоғары балл қоятынымды хабарлаймын.
5. Оқушылардың кейбірі Машекеңнің қайтыс болмай тұрып бір жыл бұрын ас беріп,​ өз жаназасын шығарғанын қабылдай алмай, бұлай жасау «дұрыс емес ❌» деп пікір білдірсе,​ кейбіреуі ол кісі «ерекше қасиетті»​ адам болған,​ сондықтан «кешірімді» деп баға беріп жатты.​
6. Келесі сабақта жазбаша тапсырманы түгел жинап алып, ғалым-этнограф Құрбанғали Халид жайлы оқулықта жоқ мәліметтерді таныстырдым.​ Ол кісінің қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі мен көнерген сөздерге толы өлеңдеріне этимологиялық талдау жасаймыз. «Тауарих-и хамса и шарки» («Шығыстың 5 мемлекетінің тарихы»)​ еңбегінің жалпы мазмұны жайлы қысқаша тоқталып,​ үнемі сапар үстінде жүрген адамның көптеген құнды тарихи мәліметтер жазып кеткенін үлгі қыламын.​
7. Мен үшін білім беру мақсаты, қатып қалған бағдарлама аясында ғана өрбімей,​ қызықты,​ пайдалы,​ тиімді болса ғана өз мәресіне жететін үдеріс.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жоғарыдағы тәсілдер несімен қызық?​ Несімен тартымды?
1. Балалар сабақ үстінде өздерін еркін сезінетіндей атмосфера қалыптастырып,​ әңгімелеу стилінде жүргіземін.
2. Арасында пікірталас тудыратын сұрақтар қоямын.
3. «Ең көңілсіз» үй тапсырмасын, «ең қызықты» үй тапсырмасына айналдырып,​ өз қиялымен дамытып орындап келген оқушыларды мақтап, жоғары балл қойып отырамын.
4. «Ең түсініксіз» мәтінді түсініп оқып келіп,​ түсінік айтқандарға да мақтауды аямаймын.
5. Мазмұндама жазғанда әдемі,​ көркем,​ қатесіз, үздік жазылған шығармаларды жиі үлгі қыламын.

Гүлмекен Қасенбай
20.07.2023















 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз