Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік мақсаты: мәтін туралы алған білім, білік дағдыларын іс- жүзінде шығармашылықпен сауатты қолдана білу, дағдыландыру.
2)Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды қауымдасып жұмыс істеуге, бірінің пікірін бірі зер салып тыңдауға, құрметтеуге әдепті және батыл сөйлеу-
ге, өзара сыйласуға үйрету.
3)Дамыту мақсаты: шығармашылық қабілетін, тіл байлығын байыту.
4)Көрнекіліктері: суреттер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Ой қозғау:
Топпен, жұппен жұмыс
3. Мағынаны түсіну:
Топпен жұмыс істеу
4. Қызығушылықты ояту. Оқушыларға сұрақ беру.
Қазір қай мезгіл? Қоршаған ортамызда қандай тіршілік көріністерін байқап жүрсіңдер?
-Қазір күз мезгілі.
-Егіншілер астық орып, жинап жатыр.
-Жан-жануарлар, жәндіктер індеріне тамақ тасып қысқа дайындалып жатыр.
5. Үй тапсырмасын қорыту:
Көп нүктенің орнына э,в,ф,г,щ,ц,х,һ әріптерін тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жазу.
Жи...аз, ...оккей, мулть...ильм, ...абар, тұ...ы, ...етка, ...ирк, мота...икл, ...елосипед, ...таж.
3. Сергіту минуты.
4 Жаңа сабақ:
1. Біз үшінші сыныпта оқимыз. Інжугүл – хош иісті өсімдік. Мирас ұшқыш болғысы келеді. (жай сөйлем).
2. Інжугүлдің гүл шоғының пішіні қоңырауға ұқсас. Оның гүлі аппақ. Тұқымы жануарлар арқылы таралады.
Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады.
Мәтінге ат қою – оны тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау.
Тақырып - мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Мәтіннің үш түрі болады: әңгімелеу пайымдау, сипаттау.
Мәтін үш бөліктен тұрады: кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, қорытынды бөлімі немесе соңы, т.б.
І топ. Мәтін түрі. Пайымдау (не үшін?)
Тақырыбы: Күзгі демалыс
ІІ топ. Мәтін түрі. Әңгімелеу (не істеді?)
Тақырыбы: Мейірімді арыстан.
ІІІ топ. Мәтін түрі. Сипаттау (қандай?)
Тақырыбы: Лашын
Тақтаға көрнекіліктер ілінеді.
Әр топтар жазған мәтіндерін оқиды.
Пайымдау
Мысалы: Күзгі демалыс
Күз келді. Жақында күзгі демалысқа шығамыз. Мен күзгі демалыста Алматыға баруды армандаймын. Алматыдағы «Қиял әлеміне» барғым келеді. Алматыда цирк, парк сияқты қызықты орындар көп.
Әңгімелеу
Мейірімді арыстан
Арыстан – жыртқыш аң. Мен арыстан туралы түс көрдім. Қалың орманда жүр екенмін. Бір сұр қасқыр мені жейін деп жатыр екен. Қорыққаннан көзімді жұмдым. Жанымда бетімді жалап арыс-
тан күліп отыр екен. Ұйқыдан тұрсам, жанымда мамам тұр. Мен арыстанның мейірімділігін мамама айттым.
Сипаттау
Лашын
Лашын – сұңқар тұқымдасына жататын жырт-
қыш құс. Лашынның ту сырты көк сұр немесе қара сұр, ал алқымы ақ сұрлау болып келеді. Көзі дөп-дөңгелек, қап-қара. Қанаты ұзын және сүйір, саусақтары салалы.
Оқулықпен жұмыс
2-жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Мәтінге ат тандау.
Тақырыбы: «Ас атасы – нан, нан атасы – дән».
Негізгі ойдың қысқаша атауы: Егіс даласында.
Мәтіннің мазмұның ашу.
3-жаттығу. Мәтінді сөйлемдерге ажыратып жаз.
4-жаттығу. Жаз мезгілімен қыс мезгілінің айырмашылығын суреттеу.
Сабақты қорыту:
Ой толғау
1-оқушы: Мәтін және оның түрлерін зерттеу-
ші ғалым
2-оқушы: Хабар жүргізуші
3-оқушы: Газет тілшісі
Хабар жүргізуші
-Қадірлі оқырмандар, сіздер бүгін «Жүздесу» хабарын көріп отырсыздар.
Хабарға қатысушы
-Мәтін және оның түрлерін зерттеуші ғалым – Исембек Жақсылық.
-Кешіріңіз сізге сұрақ қоюға бола ма?
-Мәтін дегеніміз не?
-Мәтіннің тақырыбы болады, ол байланыс-қан сөйлемдерден тұрады.
-Мәтіннің қандай түрлері бар?
-Мәтіннің пайымдау, әңгімелеу, сипаттау түрлері болады.
-Бүгінгі сабақта жазған мәтіндерден сізге қайсысы ұнады?
-Маған «Мейірімді арыстан» мәтіні ұнады.
-Неліктен?
-Мен арыстанды қатігез деп ойлаушы едім. Ал, мына әңгімеде арыстанды мейірімді етіп, қызықты әңгімелеген.
Газет тілшісі
Бүгін Амангелді атындағы метепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінде «Жүздесу» хабары болды.
Хабарға – Исембек Жақсылық қатысты. Жақсылық мәтін және оның түрлерін айтты.
Сабақта жазған әңгімелерден «Мейірімді арыстан» әңгімесі ұнапты. Себебі: Жақсылық арыс-
танды қатігез деп ойлапты. Ал, Жақсылық өзі «Күзгі демалыста» мәтінін жазыпты. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Үйге тапсырма: Өздері қалаған тақырыпта мәтін жазу
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі