Шоқан Шыңғысұлы кешегінің ұраны, бүгіннің арманы, келешектің еншісі. Мәңгі болу – мәңгілік арман. Мәңгіге шектеме болмайтыны секілді, мәңгілік елге айналу өркениетке ілескен бұл күннің толқынында жүрген жұрттың арманы. Мәңгілік ұрпақтың шекарасын айқындады, «әлмисақтан» деп сөз бастайтын атам қазақтың қай тұсын алып қарасақ та мәңгілік болудың мақсаты айқындалады, тайға басқан таңбадай із тастады.
Алматы облысы Талдықорған қаласы Шоқан Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия аясында «Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел» атты Республикалық кіші ғылыми форум өтті. Мақсаты, оқушылардың интелектуалды, танымдық, шығармашылық бастамаларын қолдау, оларды шығармашылық және зерттеу қызметтеріне тарта отырып белсендіру. Ағартушы – ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың ғылыми ізденістері мен шығармашылығын зерттеу. Шараны ұйымдастырушылар: Джиренбаева Гүлнар Нұржанқызы - мектеп директоры; Кенжегулова Ақмарал Алтынбекқызы – директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары; Сембаева Ляйля Айтжанқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Форумға Алматы облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері Дихамбаева Ж.А, Ауэзова А.А; Шоқан музейінің директоры-Абишева С.Н; профессор ҚазҰПУ, география ғылымының докторы, академик-Бейсенова А.С; Қостанай облысы Әулиекөл аудан әкімдігінің №28 Құсмұрын орта мектеп директоры-Кубекова И.К; Құсмұрын орта мектептің география пәнінің мұғалімі, шоқантанушы-Кайыпбаева Б.К қатысты. Шоқан қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, саяхатшы, этнограф, шығыстанушы, ұлы ағартушы. Ол саналы ғұмырын сан саланы зерттеуге арнаған. Шоқан сан қырлы. Географ, этнограф, тарихшы, фольклортанушы, саяхатшы, суретші. Бар-жоғы 30 жыл өмірінде Орталық Азия мен қазақ халқының өмірін, тарихын, тұрмысын зерттеп құнды еңбектер жазды. Артына мол мұра қалдырды. Сол мұраны иеленген ұрпақ оның есімін ұмытпақ емес. Бүгінге дейін Шоқан туралы том-том кітап жазылды, түрлі кинолар шықты, талай мәрте мәслихаттар өтті. Аталмыш шарада соның бірі.
№10 мектептің ұжымы оқушылармен ұлы тұлға ғұмырына қайта саяхат жасады. Білімгерлер арнау өлеңдерін оқып, өнерлерін ортаға салды. Қыркүйек айында мектеп ұжымы Шоқанның өмірдерегі мен еңбектерін зерттеген. Олар арнайы топ құрып, Шоқанның туған жеріне Қостанай облысына барған. Шарада сол жұмыстардың нәтижелері айтылып, алдағы мақсаттар талқыланды.
1835 жылы Құсмұрын округының Күнтимес қыстауында дүниеге келген Шоқан Уәлиханов небәрі 30 жыл ғана өмір сүрді. Ол қамшының сабындай қысқа ғұмырында төрткіл дүниені таң қалдыра білді. Омбыдағы сібір кадет корпусына оқуға келгенде Шоқан 12 жаста болған екен, ал 15-ке толғанда оны ресей зиялы қауымы болашақ ғалым деп таныды. Жабық ел саналатын Қашқарияға қауіпті саяхатынан жазылған естеліктер ресей патшалығымен қатар, әлемнің басқа да алпауыт елдерінің қызығушылығын тудырған. Қалай екені белгісіз, осы еңбектерінің сиясы кеппей жатып, Лондонда ағылшын тілінде басылып шығады. Шоқан Шыңғысұлы - орталық азияны батысқа танытқан алғашқы зерттеушінің бірі.
Туған ел тарихын түгендеген, тұлғалар тізімінде «Аққан жұлдыз» атанған ғалым – Шоқан Уәлиханов жайында молырақ мағұлмат алып, еліміздің табиғатын зерттеу кезінде табылған қолжазбаларды, ұлтымыздың этнографиялық ұғымдарын біліп, саяси және құқықтық, тарих ілімінде із қалдырған, әдебиетіміздің қайнар көзі болған, даланың дара, дарын иесі жөнінде жазылған рухани құндылықтарға кез бола аладық.
Жиренбаева Гүлнар Нұржанқызы, Ш.Уалиханов атындағы №10 орта мектеп –гимназиясының директоры
Саналардың сағыныш тауын қопарған, - деп ақындарымыз жырлағандай халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында және Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына байланысты ғылымими ізденістерін, шығармасын зерттеу жұмыстарын ары қарай жүргізу. Ал қойған міндеттеріміз Шоқан Уәлихановтың шығармашылық зерттеуімен айналысатын республикалық оқушылар арасындағы ғылыми қоғамдарын шығармашылық қарым -қатынасын орнату.
Кубекова Индира Кенжетайқызы, Қостанай облысы «Әулиекөл аудан әкімдігінің»№28 орта мектеп директоры
Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың 180-жылдығына байланысты оқушылардың интелектуалды шығармашылық бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған формуға үлкен алғысымды білдіремін. Өйткені өскелең ұрпақ біздің болашағымыз. Шоқан – саяхатшы. П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы екенінің дәлелі. Қанатын жоғары қақты - деп Шоқанды қазақ халқының ғана емес, жалпы ғаламның азаматы ретінде таниды. Ия, айта берсек, Шоқан таусылмайтын жыр, сарқылмайтын сыр. Халқымыздың ұлы перзенті, өз елінің теңдігі мен өрлеп дамуы, елдік дәрежесі туралы армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асырып, егеменді еліміз дүниежүзілік өркениетті елдердің қатарында тұрғанын мақтанышпен айта аламыз. Еліміздің шоқтығы биіктей түссін, Шоқандай жастар арқылы көркейіп, гүлдене берсін!
Дихамбаева Жанар Ауезқызы, Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің әдіскері
«Шоқан Уалиханов Шығысты зерттеу әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да орны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры жайында ұлы және маңызды жаңалықтар ашар деп күткен еді. Бірақ, Шоқан Уалиханов бар жоғы отыз жасында біздің үмітімізді үзіп кетті»-деп жазады орыс ғалымдарының бірі Н.И.Веселовский. Шынында да қазақ даласының барлық өмір саласының жарық болуын арман еткен ағартушы дүниеге келген еді. Ол шоқан Шыңғысұлы еді. Қазақ даласының тәуелсіздігі мен бірлігі үшін күрескен қазақ тарихында ерекше орын алған Абылай ханның ұрпағы еді. Ағартушы ғалымның дүниеге келген ХІХ ғасырдың 40-60 жылдары қазақ елінің Ресей империясының отарына толық айналып, өктем жұрт жергілікті халықты қанап-шаншып, бұратана халықты шылауына айналдырған кезі еді. Шоқан Шыңғысұлы шыққан орта-сол заманның ағымына қарай бейімделген ел аралық қарым-қатынасты адал ниетпен сақтаған орта.
Бейсенова Алия Сарсенқызы, профессор ҚазҰПУ, география ғылымының докторы
Жұлдыздай жарқ еткен тарихшы, публицист, лингвист, географ, археолог, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дінін,тілін және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді. Бір сөзбен айтсақ, Шоқан – ғұлама. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен. Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым - Шоқан Уәлиханов.
Кайпбаева Бәкен Кабекқызы, Қостанай облысы, география пәнінің мұғалімі, шоқантанушы
Шоқан Уалихановтың бойындағы ерекше зеректік пен ыждаһаттылықты Омбы қаласындағы кадет корпусының шәкірті атанған кезден-ақ мұғалімдері ерте мойындаған. «Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел» - деп сөз зергері Ғабит Мүсірепов осылай жазған екен. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында баға жетпес мұра қалдырған Шоқан Шыңғысұлы бүгінде жас ұрпаққа баға жетпес қазына дер едім. Н.Веселовскийдің өте дәл айқындап айтқанындай, ғылым көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өте шыққан Шоқан Уәлихановтың жасын тағдыры, жарқын ғұмыры өз замандастарын, әсіресе, өзінің зиялы орыс достарын қалай қайран қалдыра қызықтырса, кейінгі замандардың да неше толқын ұрпағын нақ сондай тағылымды һәм тылсым нұрлы тартымдылықпен баураудан жазбай келеді дер едік.
Әр дәуір зиялысы ертеңінің жарқын болуы үшін күресті. Әр дәуір мәңгілік болудың өз әлінше сырын айтты. Бүгінгі күнде сол жалғасты. Елдің ертеңі үшін мәңгілік ел болашағы үшін, мәңгілік елдің тілдің қанат жаймағы үшін білім нәрімен әлеуеттеніп, мәңгілік мұрат ұстанбақ керек.
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі