Атырау облысы Исатай ауданы
Жаңа Жанбай бастауыш мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Қуанышева Шолпан
Қазақ тілі 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер және олардың жасалуы
Сабақтың мақсаты:
1. Қос сөздер және олардың жасалу жолдары туралы түсінік
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін дамыту.
3. Әдептілікке, мейірімлілікке тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, жұппен, тест, талдау, РАФТ, автор орындығы, салыстыру
Сабақ көрнекілігі: Кестелер, суреттер, үлестірмелі парақшалар
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Күтілетін иәтиже:Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады Жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау , өз көзқарасын жеткізу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі. Әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
2.Өткен сабақ бойынша жұмыс:
Тест
1.Күрделі сөз дегеніміз не ?
А) Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз.
Ә) Бір түбірден жасалған сөз.
2. Күрделі сөзді табыңыз
А) Үйдің шамы жанып тұр.
Ә) Ақбөкен – қызыл кітапқа енген жануар .
Б) Ол кеш келді.
3. Біріккен сөздер дегеніміз не?
А) Қыстырма сөздер.
Ә) Екі түбірден жасалған сөз.
Б) Бір түбірден жасалған сөз.
4. Біріккен сөздерді тап.
А) Мұнай
Ә) Алтыбақан
Б) Терек
5.Біріккен сөзді тап
А) Айман
Ә) Егін
Б) Сарыарқа
Кілті
1. А
2. Ә
3. Ә
4. Ә
5. Б
Жаңа сабақ:
Сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады. Қос сөздер дің арасына дефис (-) қойылып жазылады. Мысалы: ата –ана, кәрі -жас үп – үлкен, дүркін – дүркін, жарқ –жұрқ, бет –бетімен
Сылдыр - сылдыр, сыбдыр-сыбдыр, күрт-күрт, сырт-сырт, тарс-тарс
Бұл қос сөздер қалай жасалынған?
Бір сөздің қайталануы арқылы екенін оқушы байқайды. Өздері ереже қорытындылайды
Қос сөздер қалай жасалынады?.
Қосарлану, қайталану, күшейтпелі буын арқылы жасалынады
Кітаппен жұмыс: Ауызша 1 – жаттығу. Төмендегі күрделі сөздерді оқып, мағынасын түсіндір. Олардың қалай жасалғанын айт.
Алуан – алуан, бақа –шаян, үлкен – кіші, жап – жақсы, оқта – текте, былқ – сылқ, бү бүгін – ертең, көре – көре
Жұппен жұмыс:
1-жұп:2 – жаттығу.Сөйлемдерді көшіріпжазып, қос сөздің астын сызу.Қазы – қарта, жал – жая, бұрқ – бұрқ, кірген – мірген, жігіт – желең, кәрі – құртаңдар, тыпыр- тыпыр, азық-түлік, киім – кешек, құрал - сайман, шыбын – шіркей, құрт –құмырсқа.
2-жұп: 3 – жаттығу.Суретке қарап, заттардың атауын қос сөзбен айт. Сөйлем құрап жаз.
3-жұп: 4– жаттығу. Сөздерді мағынасына қарай тіркестіріп жазу.
Алыс – жақын, арпа – бидай, сарт – сұрт, жоғары – төмен, алпыс – жетпіс, ағайын – туған, қант – шәй, тату – тәтті.
Сергіту сәті:
Жеке жұмыс: Үлестірмелі парақшамен жұмыс:
«Сауаттылық хаты» Диктант түрінде орындайды. Тыныс белгісін қояды. Өзін-өзі тексереді.
5. Шығармашылық тапсырма:
1-жұп: Сурет бойынша қос сөздерді пайдаланып қыс көрінісін суретте
2-жұп: Сурет бойынша диалогтық әңгіме құрастыр:
3-жұп: РАФТ әдісі бойынша 1 шумақ өлең шығару
Р-рөл- жас ақын
А-аудитория-сынып
Ф-форма-өлең
Т-тақырып-«Тәуелсіздік жыр-әнім»
Оқушы өз ойын алдымен жұпта, ортаға салып, тақтаға әр жұптан бір оқушы шығып «Автор орындығында» қорғайды.
Ойын: «Кім зерек?»
1. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл.)
2. Астана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997жылы көшуіне байланысты)
3. Астанадағы ең басты қатынас жолы? (Республика даңғылы)
4. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат? (Астана – Тауэр)
5. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? (Атамекен)
6. «Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
7. Қала орталығындағы «Жыл мезгілдері» атты жасыл сквер неге бұлай аталған? (Ауданы 6,5гектар бұл сквердің түсі жылдың кез – келген мезгілінде өз атына сай болып тұрады)
8. «Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? (биіктігі 91метр, құс мүсінінің салмағы 2,5тонна)
9. Астана дәл іргесінен табылған ежелгі қаланың аты? (Бозоқ қаласы)
10. Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? (Түркия астанасы Анкарада.)
11. «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Әнұран ретінде қай жылы қабылданды? (2006 жылы 7-қантар.)
6.Сабақты қорыту:
-Бүгінгі сабақта не өтілді? - Сабақ несімен ұнады/ұнамады?
«Бүгінгі сабақтан алған әсерім...» рефлексия жазу
7. Үйге тапсырма: 5 – жаттығу
8.Оқушыларды бағалау: Әр жұп оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалату.
Сабақтан алған көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсету сұралады
Асылназ
Маған 10 мысал керек