Өлең, жыр, ақындар

Тері-сипап сезу мүшесі

Астана қаласы № 44 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Калменбаева Кунсулу Мирамовна.

 

Тақырыбы: «Тері –сипап сезу мүшесі».                                                                                                                                            

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды  тері-сипап сезу мүшесімен таныстыру.Сырттағы дүние мен заттарды  қалай сезетінін түсіндіру.Тері күту ережесімен таныстыру.

Дамытушылық: Алған білімдерін өз тәжірибесінде  қолдана білу дағдысын және өз бетінше  ойлау қабілетін  дамыту.

Тәрбиелік: Теріні күтуге ,терінің  бізге не үшін  керектігінің  мәнін түсінуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Кітаптағы суреттер,қағаз,ине,қайшы, жұмсақ ойыншық,темір.

Сабақтың әдістері: Түсіндірмелі-иллюстративтік,әңгімелесу,өз бетімен жұмыс.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты таныстыру сабағы.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,керекті құрал-жабдықтарды шығартқызу.

Психологиялық тренинг:

«Кім нені жақсы көреді?»

«Мен балмұздақ жақсы көремін,мен қызыл түс жақсы көремін,мен теледидар көруді жақсы көремін, мен ақ түсті жақсы көремін, мен алманы жақсы көремін,мен ойнауды жақсы көремін».Оқушылар ұнатса, орнынан тұрады,ұнатпаса, отырады.

 

II.Жаңа сабақ:

-Біздің денеміздің сыртқы қабаты қалай аталады?

-Тері.

Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тері-сипап сезу мүшесі».Егер бізде тері болмаса біздің денеміз тек қана еттен тұрушы еді, біз не киім,не заттарды ұстай алмаушы едік, өзімізді қорғай алмас едік.Әрбір зат денемізге тигенде біз тітіркеніп теріміз арқылы сеземіз. Біздің теріміз шаш пен тырнақтан тұрады. Кактуске немесе токқа қосылып тұрған үтікке қолыңды тигізсең, кактустың тікенді,ал үтіктің ыстық екенін білесің. Алақаныңмен қағаз бетін сипасаң,оның тегіс, салқын екенін сезесің.Сен қатты, жұмсақ,бұдыр заттарды анықтай аласың.Осының бәрін теріңмен сезесің.

   Тері-сипап сезу мүшесі.

Тері бізді кіретін,тесетін,кесетін,күйдіретін,қатты заттардан сақтандырады. Сондықтан теріні күту ережесін білу керек.

-Жуыну;

-Дененің ашық бөлімдерін (қол,бет,мойын) күнде сабындап жуу;

-Тамақтанар алдында қолды сабындап жуу;

-Ортақ сүлгі мен ысқылағышты пайдаланбау.

-Тырнақты алып отыру.

Әйтпесе,теріде жара пайда болады.Егер жара пайда болса, дәрігерге көрсету керек.

 

III.Сергіту жаттығуы.

Таңертең тұрамын,

Беті,қолды жуамын.

Айнаға қараймын,

Шашымды тараймын.

Сөмкемді аламын,

Мектепке барамын.

 

IV.Тәжірибе.

Қайшыны, инені,темірді ұстатқызып, қағазды алақанмен сипап, жұмсақ ойыншықты ұстап көру.

 

V.Суретпен жұмыс.

-Суретке қарайық.Не көріп тұрмыз?

-Балаларды,тігіп, кесіп жатқан, қуыршақ,алма,пышақты.

-Суретте үшкір, өткір заттар бар ма?

-Бар.

-Атаңыздаршы.

-Пышақ,ине,қайшы.Олар өткір сондықтан осы заттармен абайлап жұмыс істеу керек.

-Заттың қатты,жұмсақ екенін қалай анықтауға болады?

-Ұстап,сипап көргенде.

-Қағаздың бетінің тегіс екенін қалай анықтаймыз?

-Алақанмен сипағанда.

 

VI.Дәптермен жұмыс:

-Қане, дәптерге қарайықшы.

-Суретте не көріп тұрмыз?

-Күн,қар,аққала,шәйнек,үтік,шыршаның үстіндегі қар.

-Ал енді суық заттарды көк, ал ыстық заттарды қызыл нүктемен белгіле.

-Суық заттар қайсысы?

-Қар,аққала,шыршаның үстіндегі қар.

-Ыстық заттар қайсысы?

-Күн,шәйнек,үтік.

 

VII.Сурет бойынша әңгіме құрау.

-Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Балаларды.

-Оларға ат қойыңдаршы.

-Альбина, Айдар,Саят.

-Олар не істеп жүр?

-Далада серуендеп жүр.

-Қандай мезгіл?

-Күз.

-Үшкір болып тұрған не?

-Кірпі.

Альбина, Айдар,Саят серуендеп келе жатқанда, Айдар кірпіні сипап көргісі келеді де, ұстап қалғанда қолын зақымдап алады,ал қыздар оған көмекке келеді.

 

VIII.Қорытынды:

Рефлексия.

  1. Бүгін қандай тақырып өттік?
  2. Қандай жұмыс атқардыңдар?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз