Мақсаты:
Білімділік студенттердің алған білімдерін, игерген қабілеттерін қолдана отырып қорытындылау.
Тәрбиелік таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын ояту, эмоцияларын басқаруға, тұлға ретінде өзін өзі дамытуға тәрбиелеу.
Дамытушылық студенттердің шығармашылық, экономикалық ойлау қабілеттрін дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой жинақтау, танымдық ойлау, тренинг
Сабақ түрі: ойын сабағы
Пәнаралық байланыс: Экономикалық теория негіздері, АҚН (ақша, қаржы, несие), Бизнеспен танысу
Көрнекілік:
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
II Негізгі бөлім
Сабақ жоспары:
4. «Экономикалық сұрақтар» көрермендермен ойын
5. «Ипподром»
6. «Білгір»
7. «Видеосұрақ»
8. «Қорытындылау»
9. Үй тапсырмасы
Сабақ мазмұны
Мұғалім: Қайырлы күн құрметті әріптестер, студенттер және ойынға қатысушылар!
Нарықтық қатынастардың қарқынды дамуы қабылданатын шешімдердің сапасына қойылатын талаптардың қатаңдығын талап етеді. Қабылданатын шешімдердің негізі болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы, сонымен қатар меншікті және қарыз капиталының жағдай мен мөлшері туралы ақпарат саналады. Ал бұл ақпараттар бухгалтерлік есепті жүргізу үрдісі барысында қалптасып жинақталады және топтасады.
Бухгалтерлік ақпарат экономикалық жән қаржылық талдау жұмыстары барысында, шаруашылық субъектілердің дамуын болжау және жоспарлау, кәсіпкерлік істің сандық сапалық көрсткіштерін бақылау кезінде кеңінен қолданылады.
Қазіргі уақытта бұл міндеттерді шешу нарықтық қатынастардың қалыптасу және даму мәселелерімен және экономиканың көп салалығымен байланысты күрделене түсуде.
Бухгалтерлік ақпараттың сапасымен жылдамдығы кәсіпорында бухгалтерлік есептің қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына және бухгалтерлік есеп саласындағы мамандармен бухгалтерлік қызмет іс әрекетінің қаншалықты тиімді жүргізілуіне тікелей қатысты.
Бұл мәселелерді шешу болашақ мамандардың бухгалтерлік есептің базалық түсініктерін, мақсаттарымен міндеттерін оқып үйренген, бухгалтерлік есептің әдістерін, принциптерін меңгерген жағдайда ғана мүмкін.
Және бүгінгі ойынымызда студенттеріміздің алған білімдерін ойын барысында байқап, бағалайтын боламыз, яғни ақшаның көмегімен. Бізге оған әділқазылар алқасы көмектесетін болады. (Әділқазылар алқасы құрамы таныстырылады)
Ойын барысында топтың бағаларын есептеу үшін, әр топ «Қорытындыны есептеу тізімдемесін» толтырып отырады және жинаған ақша көлемі есептеледі. Ең көп қаражат жинаған топ жеңімпаз аталып, мадақтамалармен марапатталады және «Ең үздік бухгалтер» анықталады.
Топ құрамы:
Ойынға екі команда қатысады. (Топ құрамы таныстырылады)
1. «Сәлемдесу» (20 мин)
Жүргізуші: Екі топтың сәлемдесуін тыңдаймыз. Ең жоғарғы баға 500-1000 теңге.
Бірінші болып сәлемдесуді сұраққа бірінші жауап берген топ бастайды. Топ жетекшілері шақырылады.
Сұрақ: Баланстың оң жақ бөлігі қалай аталады? (Жауап: Пассив)
Сәлемдесу соңында қазылар алқасы бағаларын береді.
2. «Бухгалтерлік есеп тарихы» (10 мин)
Бұл ойында 3 тапсырма беріледі. Ең жоғарғы баға 2000 теңге.
1 топ: 1. Ең алғаш бухгалтер атағын алған кім? Христофор Штехер
2. «Халықаралық бухгалтерлер гербін» ойлап тапқан кім? Жан Батист Дюмарше
3. 929149-373594=555555
2 топ: 1. «Шоттар мен жазулар туралы трактат» еңбегінің авторы Лука Пачоли
2. Халықаралық бухгалтерлер таңбасындағы «күн» бейнесі нені білдіреді?
Субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің ашықтығын.
3. 249571+305984=555555
3. «Ойлан тап!» (15 мин)
Әр топқа 5 есептен тұратын карточкамен толтыруға арналған кесте беріледі. Есепті шығаруға 10 минут уақыт бөлінеді. Ең жоғарғы баға 5000 теңге.
1. Бухгалтерлік баланс құру.
1. Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты – 95000 тг.
2. Тауарлар – 5000 тг.
3. Жабдықтаушыларға кредиторлық борыш – 7000 тг.
4. Қызметкерлерге еңбекақы бойынша борыщ – 15000 тг.
5. Сатып алушылардың дебиторлық борышы – 3000 тг.
6. Меншікті капитал -81000тг.
2. Шоттар корреспонденциясын құру
1. Ағымдағы банктік шоттан қызметкерлерге еңбекақы бойынша борыш төленді – 15000 тг.
2. Ағымдағы банктік шотқа сатып алушылардың дебиторлық борышы түсті – 1500 тг.
3. «Ағымдағы банктік шот», «Қызметкерлерге еңбекақы бойынша борыш», «сатып алушылардың дебиторлық борышы» шотының соңғы қалдығын анықтау.
4. Баланс құру
5. Баланстағы өзгерістің типін анықтау
4. «Экономикалық сұрақтар» көрермендермен ойын.
Жүргізуші: Ал қазір көрермендерге сұрақтар қоямыз. Дұрыс жауап берген көрерменге сыйлықтар беріп, «Ең білгір көрерменді» анықтайтын боламыз.
1. Ақшаның құнсыздануы (Инфляция)
2. Міндетті зейнетақы төлемінің мөлшері (10%)
3. Уақытша бос ақша қаржыларын жинақтап, несие беретін қаржы мекемесі (Банк)
4. Бухгалтерлік есептің неше әдісі бар? (8)
5. Баланстың бөлімдері (Актив, Пассив)
6. Әр бір шығарылған автобусқа мемлекет тарапынан субсидияның бөлінуі неге әкеледі (Автобус ұсынысының көбеюіне)
7. «Алдаркөсе» ертегісінде Алдар жұмыс жасамайды, жұмыссыздықтың көбеюіне оның қандай әсері бар (Ешқандай)
8. Ең төменгі жалақы (21364 теңге)
9. Қазақстан, Ресей, Беларусия мемлекеттері бірігіп қандай одақ құрды? (Еуразиялық Экономикалық Одақ)
10. Еңбекақыдан ұсталатын салық (Жеке табыс салығы)
5. «Ипподром» (5 мин)
Ойыншыларға қазақ және орыс тілінде терминдер беріледі, оның ағылшын тіліндегі аудармасы көрермендерге беріледі, яғни топ ойыншылары терминдердің ағылшын тіліндегі дұрыс аудармасын табуы қажет. Ең жоғарғы баға 5000 теңге.
1. Пайда - Прибыль – Profit
2. Еңбекақы -Заработная плата -Wages
3. Сақтандыру – Страхование - Insurance
4. Шот - Счет – Account
5. Бухгалтер- Бухгалтер -Accountant
6. Ақша - Деньги - Money
7. Салық - Налог - Tax
8. Өнім өндіруге, қызмет көрсетуге жұмсалынған уақыт өлшемін өлшеуге арналған өлшем – еңбек
9. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәлімет
– реквизит
10. Актив=меншікті капитал+міндеттемелер
6. «Білгір» (10 мин)
Ойыншыларға 2 тапсырма беріледі. Ең жоғарғы баға 10000 теңге.
1. Экранда бейнеленген фотобейнелердің ішінен Ұлттық экономика министрін тауып, аты-жөнін атаңыз. Ерболат Асқарбекұлы Досаев
2. Тауар станциясынан «Бәйтерек» кәсіпорнына телефонмен жүк вагоны келгенін хабарлайды.
Сұрақ: Қабылданған ақпарат бухгалтерлік есеп шоттарында қалай бейнеленеді?
Телефон қоңырауы ақпараттарды шоттарда бейнелеуге негіз болып табылмайды.
1. Экранда бейнеленген фотобейнелердің ішінен Қаржы министрін тауып, аты-жөнін атаңыз. Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы
2. Геродот «Хеопс пирамидасында пирамида құрылысындағы жұмысшыларға жалпы құны 1500 талантты (40 тонна күміс) құрайтын, қанша сарымсақ, пияз және басқада азықтардың берілгендігі жазылған», - деп жазған.
Сұрақ: Бухгалтерлік есеп әдісінің қай элементі жөнінде айтылған?
Калькуляция
7. «Видеосұрақ» (10 мин)
Еуразиялық Банк АҚ Бөлшек бөлімінің (несие беру, ипотека, карточка, анықтама қызметтерімен айналысады) маманы Искалиева Гульайым Нұрболқызы сұрақ қояды. Ең жоғарғы баға 100 ақыш доллары.
1. ҚР Ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілейтін орган? ҚР Ұлттық банкі
8. «Қорытындылау» (10 мин)
9. Үй тапсырмасы «Менің мамандығым» тақырыбына эссе жазу. (10 мин)
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі