Өлең, жыр, ақындар

Отбасымен саяхат

Күні: 

Сабақ: қазақ тілі 9 сынып

Сабақтың тақырыбы:

  Отбасымен саяхат.

Жалпы мақсаты:

Оқушылар орындай алады:

Отбасымен саяхат жасағаны  туралы бір-бірімен бөлісе алады, септеулік шылауларды анықтай алады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар орындайды:

Отбасымен қалай саяхат жасағаны  туралы әңгімелейді,септеулік шылауларды анықтайды.

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ.

Жұмыс жасау түрі:

Топпен, жұппен, жеке, дарынды оқушымен жұмыс жасалады.

Көрнекілігі:

Постер, түсті фламастерлер, суреттер

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңі:

Мұғалімнің қызметі:

Оқушының қызметі:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық. Сергіту сәті:

«Амандасу»

 

 

 

 

Кезекшімен әңгімелесу:

Сыныпта кім жоқ? Бүгін нешесі?

Үй тапсырмасына не берілді?

Оқушылар орындарынан шеңберге тұрып, «Амандасу»  сергіту сәтін мұғалім айтып отырған дене мүшесімен амандасады.

Мұғалімнің сұрақтарына толық жауап береді.

Үй тапсырмасын тексеру:

Шымбұлақ қайда орналасқан?

Шымбұлаққа адамдар не үшін барады?

Адамдар көңілдерін қалай көтереді? 

Шымбұлақ туралы әңгімелеңдер.

  Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, Шымбқлақ туралы әңгімелейді.

Суретпен жұмыс:

-Балалар, суреттерде не көріп тұрсыздар?

- Бұл  көлік не үшін қажет?

-Қалай ойлайсыңдар, бұл жерде адамдар не істейді?

-Неге олай ойлайсыздар?

-Қалай ойлайсыңдар, сонда бүгінгі тақырыбымыз қандай?

-Өздеріңе осы сабақта қандай мақсат қояр едіңдер?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

 Сабақ тақырыбын анықтап, өздеріне мақсат қояды.

Негізгі бөлім:

Топқа бөліну:

 

 

 

 

 

Топпен жұмыс:

Топтарды бағалау және толықтыру:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорғау:

Енді топқа бөлінеміз. Таратылған суреттер бойынша үш топқа бөлініңіздер. Қалай бөліндіңдер?

Бүгінгі тақырыбымыз « Отбасымен саяхат», мақсатымыз отбасымызбен қалай және қайда саяхат жасауға болатыны  туралы бір- бірімен бөлісу.

І топ:Осы тақырып бойынша кластер жасап, сөйлемдер құрастырыңдар.

ІІ топ: Осы тақырып бойынша кластер жасап, сұрақтар  құрастырыңдар.

ІІІ топ: Осы тақырып бойынша кластер жасап,  диалог  құрастырыңдар.

Дарынды бала:  Отбасымен қалай демалуға болады? Сұрағына толық жауап беру.

« Ұшып жүрген постер» стратегиясы бойынша басқа топқа  постерлеріңді беріп, бір бірлеріңді тексеріп бағаласыңдар және толықтырасыңдар.

 

Топ басшыларын қорғауға шақырады.

Оқушылар таратылған көлік  суреттері бойынша бөлінеді.

 

 

 

 

Оқушылар кластер жасайды,сөйлемдер құрастырады,  басқа топтардың жұмыстарын тексеріп, бағалайды және толықтырады.

 

 

 

 

 

 

Топ басшылары постерлерін қорғайды.

 Мәтінмен  жұмыс:

Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Мазмұнын түсіндіріңдер.

Оқушылар мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды.

Дәптермен жұмыс:

Тапсырма. Септеулік шылауларды теріп алыңдар.

Қарқаралыдан Шыңғысқа шейін жүретін жол ұзақ. Абай бұдан әрі сұраған жоқ. Осыдан үш төрт күн өткенге шейңн Абай үйде болды. Абай өзі қорықтың шетінде  бір қыратқа таман шығып тұр еді. Абай осыдан әрі үндеген жоқ. Тәкежан  Абай туралы қатты сөйлеген. Жақып кеткеннен кейін Жидебайға қайта оралған кісі болған жоқ. Абай келген сайын олардың сабақтарын сұрастырып жүретін. Абай ауруды ұйықтату үшін балаларға айтқан боп,  «Мың бір түннің» біраз тарауын да айтып берді.

Тапсырманы дәптерге орындайды.

Қорытындылау:

Адамдар не үшін сахаттайды?

Саяхат жасауға қандай көлік өте қолайлы? Неге?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасы:

«Отбасымен саяхат» монолог құрастырыңдар, септеулік шылауларды қолданыңдар.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады

Рефлексия:

Стикерге өз сезімдеріңді жазып, постерлерге жабыстырыңдар.

 

Сабағымыз аяқталды, рақмет сау болыңыздар.


Пікірлер (3)

Гүлмира

Күшті

Илес Нурсая

Паидалы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз