§22 Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық мәдени өмірдегі өзгерістер
Мерзімі: 7.12.2015 ж.
Сыныбы: 6 «Ә»
Ежелгі Қазақстан тарихы
Раскелдина Аида Еркиновна
тарих пәнінің мұғалімі
Текелі қаласы «№5 орта мектеп» КММ
Сабақтың тақырыбы: §22 Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық мәдени өмірдегі өзгерістер
Сабақтың мақсаты:
Жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алатын қола дәуірінің ерекшелігінің сабақта талдай отырып, тақырыпты түсіну, білу арқылы оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін, белсенділігін дамыту.
Сабақтың түрі: іздену
Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру,вендиограмма
Көрнекілік:суреттер,сызба,видео ролик
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
«Жұмбақ айна ойыны»
Ойынның мақсаты: Оқушының өзіне сенімділігін , өзін бағалауынкөтеру
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Андрон мәдениетінің таралу аймағы ?
- Андрондықтардың баспаналары ,тұрғын үйлері ?
- Андрондықтардың мойынға таққан тұмаршалары?
- 1914 жылы алғаш ескерткіш табылды қай қалада?
III. Жаңа сабақ .
Сабақтың жоспары:
- Отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы
- Кетпенді егіншілік
- Зергерлік өнер
- Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу
- Қола дәуірінің зерттелуі
Қола дәуірінің алғашқы кезеңіндегі елді мекендерде жиналған сүйектер, бұл уакытта Қазақстан жеріндегі тұрғындардың негізгі кәсіби үй маңында мал өсіретін отырықшы болды деуге болады. Соның нәтижесінде біртіндеп жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалыптаса бастады.Ендігі жерде малдың түліктік құрамы да өзгерді.Ұзақ жүріске және қысытық жайылымға төзімсіз ірі қара азайды ал оның есесіне қой мен жылқы саны көбейді.
- Егіншілік өз сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал өсіру мен салыстырғанда көмекші рөл атқарды. Бірақ ол тамақ өнімділерінің алудың маңызды көзіне айналды.
- Қола дәуірінде Қазақсатннды мекен еткен адамдар өзергерлік өнер туындыларында қалдырды.Олар, негізінен , қоладан жасалған әр түрлі әшекей бұйымдар : сақина,білезіктер , мойыншақтар т.б.
Алтыннан жасалған бұйымдардан бір жарым орамды алтын сырғалар да кездеседі. Оларды әйелдер самай шашаына қыстыратындықтан самай сырға деп аталады.
- Қола дәуіріндегі егіншілері үшін қыш ыдысының өз ісінің шеберлері жасаса, Қазақстан жерін мекендеген тайпаларда мұнымен көбінесе әйелдер айналысты.Ыдыс жасау үшін ең алдымен балшық өте мұқият таңдап алынды. Одан кейін балшық жібітіліп , иленетін болды. Ақырында иленген балшықты таспалап есіп, жіңішкерте созған.Жіңішке таспаларды бірінің үстіне бірін қолмен жапсыру арқылы әр түрлі ыдыстар жасаған. Ыдыстар түрлі өрнектермен безендірілген .
- Қола дәуірінің жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды.Сол жлы қазақтың біртуар энциклопидист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедитция құрды.Ә.Х. Марғұлан және оның шәкірттерінің зертеулері снәтижесінде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сыры ашылды.
- Металл өңдеу игерілді.
- Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады.
- Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.
IY.Сабақты бекіту:
- Отырықшы мен жартылай мал шаруашылығының айырмашылығы не?
- Картадан Андрон мәдениеті таралған жерлерді тап. Олардың бүгінгі күнде қай мемлекеттердің аумағына жататынын анықта.
- Қола дәуірінің ерекшелігін ата ?
- Қола дәуірдің қоғамдық құрылысына сипаттама беріңдер ?
- Қола дәуіріндегі тұрғындардың діни көзқарасы қандай болды?
- Кетпенді егіншілік деп қандай шаруашылықты айтады?
Рефлексия: ( кері байланыс )
Y. Бағалау:
YI. Үйге тапсырма: § 22 Қола дәуіріне байланысыты қосымша материяладар жинап келу.
МӨЛДІР
КҮШТІ
Индира
Керемет