Сабақтың тақырыбы: Шылауды қайталау
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: оқушыларға шылауды және оның түрлерін түсіндіріп, қайталап өтіп, өткен сабақпен бүгінгі сабақты байланыстырып түсіндіре кету. Түсіндіре отырып оқушылардың сабаққа деген ынтасын, сонымен қатар оқуға деген құштарлығын. Білімге деген қызығушылығын ояту;
2) дамытушылық: оқушылармен жаттығу жұмыстарын жасап, үй тапсырмасын сұрап, оларды топқа бөле отырып, топтастыру әдісін қолданып, СКТ технологиясы бойынша жұмыстар жасай отырып, балалардың сана-сезімін, ой-өрісін және ойлау қабілеттерін дамыту;
3) оқушыларды ең алдымен тыныш отыруға, сұрақтарға нақты жауап беруге, ойын толық, ашық, еркін түрде жеткізуге, дәптерге ұқыпты, берілген үй тапсырмасын күнделікті орындап жүруге, әрбір сабаққа мұқият қарап, тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: қайталау, бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: топқа бөлу, топтастыру әдісі, СКТ технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, плакат, жұмыс дәптерлері, қима қағаздар, кубик және т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-амандасу
-оқушыларды түгелдеу
-оқу-құралдарын түгелдеу
-сабаққа назар аударту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын сұрамас бұрын, оқушыларды үш топқа бөлемін:
1-інші топ: септеулік шылаулар
2-інші топ: жалғаулық шылаулар
3-інші топ: демеулік шылаулар
Сосын топ басшыларын таныстырып, оларға бағалау парағын беремін. Онда әр топтың басшылары өз тобындағы жақсы қатысқан адамдарды бағалайды. Енді үйге берген жаттығуды тексеремін де, 1-топтың 1 оқушысын шығарып, қалған екі топқа сұрақ қойып олардың не түсінгендерін бақылаймын. Үй тапсырмасын толық тексеріп болғаннан кейін, бүгінгі сабағымды өтуге кірісемін.
ІІІ. Негізгі бөлім. Әр топқа топтастыру әдісін беремін. Сендер топтарыңмен ақылдаса отырып, жазасыңдар. Сосын әр топтың топ басшылары тақтаға шығып, қалай топтастырып жасағандарын дәлелдеп, мысал келтіреді.
Осылай топтастыру әдісін өткіземін. Келесі кезекте СКТ технологиясы бойынша фонологиялық және математикалық талдау өткіземін. Талдауға артта отырған мұғалімдер сөз айтсын, соны 2-топтан бір-бір оқушы шығып талдайды. 3-топтағы оқушылар кубиктің көмегімен, бәрі топпен отырып, талдау жасайды. Талдап, тексеріп болғаннан кейін олармен ВЕНН-диограмма бойынша жұмыс жасаймыз. Бұған 2-топтың бір-бір оқушысы шығып ережесін және қандай түрі бар екенін жазып, айтып береді. Ал 3-топтың оқушысы шығып, ол екеуінің айрмашылығын табады.
Енді оқушыларға сұрақтар қойып сабақты бекітуге кірісемін.
ІV. Сабақты бекіту. Бүгін сабаққа жақсы атсалысқандарды және әр топтың басшысына берілген бағалау парағына қарап, тыңдап отырып бағалаймын. Уақыт аяқтала келе үйге тапсырма беремін.
V. Үйге тапсырма: әр топқа өз топтарының атын байланысты он сөйлем құрап келуге беремін.
VI. Қорытынды: осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі