Өлең, жыр, ақындар

Дауыссыз л мен р (119-123 жаттығулар.)

Жамбыл  облысы  Тұрар  Рысқұлов  ауданы   Өрнек ауылы   Алғабас  шағын  орталықты  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі    Жапарқұлова  Ақбота Бақытқызы                                                                              

 

 

 

Қазақ  тілі    2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р    (119-123 жаттығулар.)

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің  айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру, жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа  үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың  сөздік қорларын  ой  өрісін дамыту.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауатты  оқуға ,  көркем  жазуға  тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, топтастыру

Көрнекілігі: плакат, үлестірмелі  өағаз

Сабақтың барысы:       

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды  түгендеп  сабаққа  назар  аудару

 

 II. Үй  тапсырмасын  тексеру.  Үйге   берілген  118 – жаттығуды  тексеріп  оқытамын

ІІІ.  Өткен  материал  бойынша  түсінгендерін  зерттеу  кезеңі :

Семантикалық карта

 

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

 

Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің  айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру, жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа  үйрету.

Ү. Жаңа сабақты  түсіндіру  кезеңі :

Балалар  бүгін  біз   Дауыссыз л мен р  тақырыбымен  танысамыз   

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді - ?   Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.

Атап беріңдерші - ?      Қатаң,   ұяң,    үнді.

   - Қатаң дауыссыздар      ( қ, к, п, ф, с, т,х,ч, ц, ш, щ, һ;)

   - Ұяң дауыссыздар       ( б, в, г, ғ, д, ж, з;)

   - Үнді дауыссыздар       ( р, л, м, н, ң, й, у)

Л  мен Р әріптері  дауыссыз  дыбыстардың  қандай  түріне  жатады  екен?

Үнді дауыссыздарға   жатады

Оқулықпен жұмыс

Ережені хормен оқу.

Сөз  басындадағы  л, р  әріптерінің  алдынан  ы, і  естілгенімен, олар  жазылмайды:    лақ,   лауазым,   рет,   рас 

119- жаттығу Сөздерді көшіріп жазу.

120- жаттығу.  Мақалды жатқа жазу.  Сөз  басындағы л , р  әріптерінің  астын  сыз. 

Еңбек  түбі  -  рахат

Ағайынның  алтын  сарайынан

Ананың  жыртық  лашығы  артық

ҮІ. Түсінгендерін тексеру  кезеңі:

121-жаттығу.   Л  дыбысынан  басталатын  сөздерді  бір бөлек,  

 Р  дыбысынан  басталатын   сөздерді  бір бөлек  топтастырып  жаз.Бұл  сөздердің   жазылуын  есте  сақта.

                                                    

 

122-жаттығу Екі бағандағы  сөздерді салыстыр. ауызша

 

Лашын ,  лауазым,  лебіз                               Іле,  ілгіш,  ілесу,  ірі

Рақмет,  рақат,  рең,  рақым                        ірімшік,  ылди,  ылғал

 

ҮІІ. Сабақты бекіту.

1. Бүгін не өттік?

Л , Р  дыбысына сөздер  ойлап  айту,

 

 

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма:    Ереже  жаттау  123-жаттығу.   Ребусты  шешу

Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз