Өлең, жыр, ақындар

Желсіз түнде жарық ай

Сабақтың тақырыбы:  Кітап графикасы. Абайдың шығармаларына  иллюстрация жасау.

Мақсаты:

білімділігі: Абайдың табиғат жайлы шығармалары туралы түсінік беру, графикалық жұмыстың  ерекшеліктеріне көңіл бөлу.  «Желсіз түнде жарық ай»өлеңінің мазмұнын түсіне отырып, иллюстрацияны графика түрінде бейнелеуді үйрету, әнді айтып үйрену.

дамытушылығы: шығарманы тұжырымдап, композициялық жағынан дұрыс орналастыра білуге, оны елестете отырып бейнелеуге баулу.
Әдебиетке деген түсінігін қалыптастыру, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
тәрбиелілігі: эстетикалық талғамын жетілдіру, әдемілікті сезе білуге, туған жерін, елін, табиғатын сүюге, салт - дәстүрлерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақ әдістері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістері – галереяға саяхат, кубизм, ассоциация

Сабақтың көрнекілігі: Слайд-шоу, суреттер, т.б.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қылқалам, қара тушь, майшам,  қарындаш.

Күтілетін нәтиже:

  • Абайдың  табиғат  туралы өлеңдерін біліп, түсінігін бейнелей алатын болады;
  • Иллюстрацияны графика түрінде бейнелеуді үйренеді;
  • «Желсіз түнде жарық ай» әнін айтып үйренеді;
  • Бірлесе жұмыс жасауды білетін болады.

Негізгі идеялар: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде табиғат көрінісі суреттелген. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұнына иллюстрацияны- графика түрінде орындайды. Түнгі табиғат көрінісін әдемі де, мағыналы етіп көрсетеді.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу.

ә) Оқушыларын түгендеу.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

«Галереяға саяхат» әдісі. Оқушылардың «Натюрморт» тақырыбындағы суреттері тақтаға ілінеді. Өздеріне ұнаған суретке сынып оқушыларымен мұғаліммен ақылдаса отырып стикер жапсыру арқылы баға береді.

Ой қозғау. Өткен сабақтарда графика өнері жайлы түсінік алдық.

«Кубизм» әдісімен сұрақтарға жауап беру.

1. Графика дегеніміз не?

2. «графика» сөзінің мағынасы не?

3. Графикада қандай құралдар қолданылады?

4. Гравюраның қандай түрлері бар?

5. Графиканың түрлерін ата.

6. Графикалық суреттің қандай түрлері бар?

Графиканың бір саласы кітап графикасымен танысамыз. Кітапты иллюстрациялау, безендіру мен құрылымын үйлестіреді. Кітаптың мұқабасы, ішіндегі суреті, жалпы безендірілуі, иллюстрациясы, көркем жазуы – кітап графикасына жатады. Кітаптағы мәтінмен қоса жүретін иллюстрацияның маңызы зор. Иллюстрация  оқырманға кітап мазмұнын жақсы түсінуге көмектеседі. Иллюстрация – көркем шығарма мазмұнына салынған сурет.

Бүгінгі сабақта Абай шығармаларына иллюстрация жасаймыз. Соның ішінде «Желсіз түнде жарық ай» шығармасымен танысып, әнін үйреніп, сурет саламыз.

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні тыңдатылады.

 

Ән-әуез пәні мұғалімі

-Балалар, бұл кімнің әні?

-Әннің аты қандай?

-Абай Құнанбаев кім?

- Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін тағы қандай өлеңдерін білесіздер?

- Өлеңнің «Желсіз түнде жарық ай» аталуының себебі неде?

Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.  Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Шын аты Ибраһим. Әкесі Құнанбай өз заманындағы беделді адамдардың бірі болған. Осындай текті ортадан шыққан Абайдан әкесі үлкен үміт күтеді. Жалпы Абай шығармалары 3 жүйемен өрбиді, бірі өз жанынан шығарған төл өлеңдері, екіншісі – қара сөздері, ал үшіншісі өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. Абайдың табиғатқа арналып жазылған тағы да бір әні бар. Орыс классигі М. Лермонтовтың «Горные вершины» деген өлеңін «Қараңғы түнде тау қалғып» деп аударып, оған ән жазған.

Абай әндері

«Желсіз түнде жарық ай»

«Сегіз аяқ»

«Көзімнің қарасы»

«Бойы бұлғаң»

«Өзгеге көңілім тоярсың»

Абай күйлері

Май түні

Торы жорға

Абайдың музыка сауаты болған жоқ, өзі шығарған ән-күйлерді нотаға түсіре алған жоқ.

Абай – аудармашы. Пушкиннен  - «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға хаты», Лермонтовтан «Қараңғы түнде тау қалғып»

Абай әндерінің ерекшелігіне тоқталайық. Абай әндерінің ерекшелігі

Буындық жағынан өзгеруі,

Әр әнінің өз мәтіні болды,

Ырғағы мен әуені романсқа ұқсас болуы

«Желсіз түнде жарық ай» - Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.

Шығарма алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

Абай бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам-танымының биіктігін танытады. 1935 жылы композитор Л. А. Хамиди Әрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға түсіріп алды. Алайда осы екі ән бір-бірінен тек өлеңнің 3-тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Енді Абайдың осы «Желсіз түнде жарық  ай» әнін айтып үйренеміз.

Желсіз түнде жарық-ай,

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып ән қосып,

Үрген итпен айтаққа

Келмеп пе едің жол тосып,

Жолығуға аулаққа.

 

Бейнелеу өнері мұғалімі:

Жаңа ғана «Желсіз түнде жарық  ай» әнін әуенмен айтып үйрендіңдер. Енді әннің мазмұнын асықпай қағаз бетіне түсірейік. Бұл өлеңде табиғат әсемдігін, көңіл күйдің толқуын байқаймыз. Табиғат сұлулығы шумақтардан байқалады.

Айдың шығуынан түн мезгілі екенін, қалың ағаш жапырағынан жаз мезгілі екенін біліп отырмыз.

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен күрілдеп, - деген шумақтардан ауыл көрінісін көріп отырмыз.

Берілген шумақтардан ауыл көрінісін елестету арқылы сурет салуға кірісейік. Бұл жұмысты графикалық әдіспен, яғни сызық және жарық-көлеңке арқылы көрсетеміз.

ІY. Өзіндік жұмыс. Топтық жұмыс.

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін (балауыз,тушьты пайдаланып) графика түрінде бейнелеу.

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

1. Ең алдымен ауыл көрінісін қағаз бетіне дұрыс орналастырыңыз.

2. Сызықтарды балауызбен басып шығыңыз, кейбір жазықтарды бояп та жіберуге болады.

3. Қағаз бетін тұтастай қара тушьпен қылқалам арқылы бояп шығыңыз.

Ескерту: Балауызбен жұмыс істегенде өте ұқыпты болу керек. Бояу әдісінде,сызық жүргізгенде, қайталап үстінен баса жүргізу қажет.

- Балалар бүгін графикалық жұмыстың бір түрімен таныстыңдар. Енді өздерің бос уақыттарыңда өздеріңе ұнаған тақырыптарды осы әдісті пайдалануларыңа болады.

Y.Сабақты бекіту.

Ән-әуез пәні мұғалімі

Ассоциация Абай кім?

Абай

 

 

 

 

 

ҮІІ. Бағалау.

 

Дайын жұмыстарды талқылау, үздік жұмыстарды смайликтермен бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма.

Графикалық сурет салу


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз