Оспанова Асылзада Қарсақбайқызы
44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы Сырдария ауданы
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап, гүл
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер топтамасы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің бойыңда.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
а) - Қандай тапсырма берілді? – Кім кінәлі? Өлеңі (мәнерлеп оқыту, рольге бөліп ойнату, қара сөзбен мазмұнын сұрау).
ә) - Қандай әріппен таныстық? Ү
Балалар: Ү ү дыбысы мен әрпі.
Ү дыбысы қандай дыбыс?
Балалар: Жіңішке, дауысты
Үйрек, түлкі (суреттерін іліп, түсіп қалған әріпті жазу.)
Түсіп қалған әріпті тап
3. Бекіту сұрақтары.
1. Жалпы дыбыстар нешеге бөлінеді?- 2-ге, дауысты, дауыссыз
2. Дыбысты не істейміз?- естиміз, айтамыз.
3. Әріпті не істейміз?- көреміз, жазамыз
4. Әріптерден не құралады?- сөз
5. Сөзден не құралады?- сөйлем
6. Сөйлем қандай әріппен жазылады?- бас әріппен
4. Жаңа сабақ. - жақсы, жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздерге жұмбақ жасырайын
Аналарға сыйлайтын
Аралар бал жинайтын
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын. ( гүл )
(гүл суретін шығару)
Гүл – әсемдік символы.Гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз.
Гүл – дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? – Г
Г г дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?
Ғ ғ дыбысына.
Екеуінің айырмашылығы неде?
Ғ ғ дыбысының белінде сызығы бар.
- Адамдарды емдейді – дәрігер
- жердің кішірейтілген үлгісі - Глобус (Суреттерін шығару.)
Жұмбақ есеп:
Ағашта отыр 5 торғай,
Ұшып келді 3 торғай.
Беске үшті қосқанда,
Болды сонда неше торғай?
5 + 3-ті қосқанда қанша болады?
8 болады. (Сегіздің суретін ілу)
- Олай, болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г г дыбысы мен әрпі
Гі-гі айту
Г дыбысы туралы түсінік
1.дауыссыз дыбыс
2.сөзд.б.к
3.сөзд.орт.к
4.тіл арқылы жасалады
5.шұғыл айтылады
Оқулықпен жұмыс: Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Егін Егіз Кереге Шеге Шеңгел
Егеу Сегіз Бетеге Неге Мезгіл
Егін – егіс алқабы, бидай егетін алқап.
Егеу – үйге қажетті қолданылатын құрал.
Егіз – бірге туылған екі адам.
Сегіз – сан. Жетіден кейін келетін (математикадан алдағы уақытта өтеміз).
Кереге – киіз үйдің бөлшегі (шаңырақ, уық, кереге)
Бетеге – “шөптесін өсімдік (бетегеден биік, жусаннан аласа) “деген мақал бар.
Шеге – күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір – біріне біріктіру үшін шеге қағады.
Неге – сұрақ
Шеңгел – тікенді өсімдік.
Мезгіл – уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.
Сергіту Сәті:
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам.
Қолымызды қозғалтып,
Гүлдей болып жайқалам.
Н. Баймұхамедовтің «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.
Мұғалім оқиды, Екі оқушыға оқыту.
Ақкөгершін.
Ақкөгершін, көгершін
Қолғанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан
Бақыт құсы болсын деп,
Ұшырамын қолымнан.
Дәптермен жұмыс.
Ауада жазу, тақтада көрсету. Бас әріп, кіші әрпін жазу.
Терме диктант (г әрпі бар сөздерді теріп жаз)
Гүл, ай, сегіз, жаз, шеге,
Сабақты бекіту, бағалау.
Суреттерді қосқанда адамның атын табасыңдар
Сабақты қорыта келе балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық, Г г дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?
Гүлсім, шеге, шеңгел, егеу т.б.
Өте жақсы.Олай болса сабағымызға жақсы қатысқан балаларды гүлмен бағалап жіберейін.
Үйге тапсырма:
Оқулықтағы сөздерді, мәтінді оқып келу.
Дәптердегі үлгі бойынша жазып келу.
Сабағымызды «Ақ көгершін» әнімен аяқтаймыз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі