Өлең, жыр, ақындар

Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары

Пән: Физикалық география. Сынып: 6

 

Сабақтың тақырыбы: Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өткен сабақтың негізінде оқушыларға жел туралы оның пайда болуы мен желдің түрлері жайлы мағлумат беру. Желдің жылдамдығы мен бағытын күшін анықтауды түсіндіру, маңызы мен зиянды жақтарын атап өту. Ауа массалары, түрлері туралы түінік беру.

  Дамытушылығы:Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілігі: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

  Сабақтың типі-  аралас

Сабақтың әдісі-  әңгімелесу,түсіндіру,баяндау.

 Сабақтың жабдықтау көрнекілігі –  инерактивті тақта.

Сабақтың барысы

     1. Ұйымдастыру кезеңі:            1.Білімділік міндеттері:

а) Жұмыс істеу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

ә) Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау

2.Сабақ кезеңінің мазмұны:

                                                                       а) Сәлемдесу

ә)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б)Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру:

 

Кім жылдам?

  • Атмосфералық қысымдегеніміз не?
  • Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне қанша салмақ түсіреді?
  • Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не?
  • Атмосфералық қысым биіктік бойынша қалай өзгереді?
  • Қысым температураға байланысты қалай өзгереді?
  • Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал

3.Үй тапсырмасын бекіту:

    4. Жаңа сабақ:

                   жоспар

1. Желдің пайда болу себебі

2 .Желдің жылдамдығы мен бағытын анықтау

3 .Жергілікті желдер

4. Жел өрнегі

5. Желді зерттеудің маңызы

 

    

  • Жел қалай пайда болады?
  • Ауа температурасы → Ауа қысымы → жел.
  • Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады.
  • Жылыған ауа жоғары көтеріліп, оның орнына салқын ауа төмен түседі.
  • Ауа бір жерден екінші жерге ауысып, салқын немесе жылуды алып барады.

 

Жер бетінің кез келген бір бөлігінде қысым жоғары болса, ол жердегі ауа қысымы төмен жаққа қарай  ауыса бастайды, яғни жел пайда болады

Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды

  • Жергілікті желдер
  • Бриз- (французша – жеңіл жел)теңіз жағалауында соғатын жел.
  • Күндізгі бриз
  • Түнгі бриз
  • Муссон – (арабша- маусым) теңіз жағалауында бағытын жыл ішінде ауыстырып соғатын жел.

 

  • Желді зерттеудің маңызы
  • Жел “көгілдір отын”

Ауа райы жер бетіндегі ауаның ауысып отыруына байланысты өзгереді. Ауаның қасиеті қалыптасатын жерінің ерекшелігіне байланысты. Полярлық аймақтардағы  ауа күн сәулесі аз түсетіндіктен қатты салқындайды. Экватор мен тропиктер маңындағы ауа жақсы қызады. Құрлықтың үстіндегі ауа құрғақ, мұхиттың үстіндегі ауа ылғалды болады. Тропосфераның бір-бірінен осындай қасиетті (температурасы, мөлдірлігі, ылғалдығы) жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері ауа массалары деп атайды.

 

Қазақстан жеріне

Қыста:  солтүстіктен арктикалық ауа өткенде аязды ауа райы орнайды. Батыстан, Атлант мұхит жағынан қоңыржай ендіктің теңіздік ауасы келгенде жылымық түседі және қар жауады.
Жазда: оңтүстіктен тропиктік ауаның келуіне байланысты аптап ыстық ауа райы түзіледі
.

 

5.Түсінігін тексеру:

   6.Үй тапсырмасын бекіту:

 

7.Үй тапсырмасы: §30.  93-94 бет.

§31.   96-97 бет.

 

    Білімді бағалау

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз