Тыныбекова Айнұр Еркінқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Бұлақ орта мектебі
Тақырыбы: «Қазақстанның болашағы - білімді ұрпағында»
Мақсаты:
1.Оқушылардың білімдерін көрсету,есте сақтауға үйрету.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін, өзін-өзі бақылауды үйрену.
3.Мақсатын жетілдіруге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, байланыстырып сөйлеуге,өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,плакаттағы суреттер т.б.
Барысы:
Әуен ойнап тұрады.
-Сәлеметсіздер құрметті оқушылар, қонақтар! «Қазақстанның болашағы-білімді ұрпағында» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз!
Ал,келіңдер,келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қытысып көріңдер.
-Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен,мақал-мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма.
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей ойын «жарыс» түрінде өтеді.
1.Сабақ Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен басталады. Әнұран айту.
2. Әділқазылар алқасын сайлау.
3.Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1 топ: «Арлы»
Ұраны: Ел ертеңі сіз бен біз,
Елге қызмет етеміз.
2 топ: «Бірлік»
Ұраны: Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ойынның барысы:
1. «Білгенге маржан»
Оқушылар кітап астында жасырылған сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1.Елбасымыз кім?
2.Өзін-өзі тану пәнінің авторы кім?
3.Неше жыл мезгілі бар?
4.Туған өлке жайлы өлеңді оқы?
5.Қандай ертегіден үзінді? (Мақта қыз бен мысық)
6. «Ана тілі» өлеңін оқу.
7.Қандай сабақта біз бір-бірімізге тілектер айтамыз?
8.М.Жұмабаевтың өлеңінен үзінді оқы.
2. «Кім жылдам?»
1 топтың сұрақтары:
2 топтың сұрақтары:
3. «Санамақ». Математика еліне саяхат.
4. «Суреттер сыр шертеді»
Суреттер құрастыру және шыққан суретке байланысты өлең оқу.
5. «Ойлан тап»
А,Т әріптеріне кім көп сөз құрайды.
6. «Суреттерді жалғастыр» бұл бөлімде оқушылар кім жылдам суреттерді аяқтайды сол жеңіске жетеді.
7. «Сиқырлы сандық» бұл бөлімде жұмбақ жасырылады, оқушылар шешуін табулары керек.
Зоопаркке бардың ба?
Қандай аң көрдің,
Қалтасы қарнында.
(Кенгуру)
Адамдай ақырады,
Тік жүріп отырады.
Ара ұясын бұзады,
Илеуді сапырады.
(Аю)
Жолақ-жолақ ала,
Ат көрдің бе, бала?
(Зебра)
Салған үйін тастан,
Тесіп шығып,шыққан.
(Балапан)
Ойынның соңында әділқазылар алқасы қорытындысын шығарып, оқушылар марапатталады.Алғыс хат беріледі.
Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз аяқталды.
«Бүгінгі білім-ертеңгі байлығымыз».
Ән: «Елім менің» әнін қою.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі