Өлең, жыр, ақындар

XXI ғасыр көшбасшысы

Есқалиева Саягүл Ағыбайқызы

Тарих пәнінің мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Бұлақ орта мектебі

 

«XXI ғасыр көшбасшысы»

Сабақтың мақсат-міндеттері:

  • оқушылардың алған білімдерін қайталау, бекіту, ой-өрісін арттыру, еркін шығармашылықпен айналысуына, пәнге деген қызығушылығына ықпал жасау
  • оқушылардың танымын арттыра отырып, ізденімпаздыққа, белсенділікке, табандылыққа баулу
  • оқушыларды жауаптылыққа, өз бетінше еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Пайдаланылған көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, М.Әуезовтың нақыл сөзі

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Балалар, бүгінгі  ашық сабағымыз «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыс түрінде өтеді және жарты жыл бойы алған білімдеріңді тексеруге арналады.

Сайысты бағалайтын әділқазылар алқасы таныстырылады.

     Білім сайысына қатысатын оқушылар саны- 6. Сайыстың нәтижесі 10 ұпаймен бағаланады.  Әр оқушы сұрақтың жауабын білетін болса, қолындағы жалаушаны бірден көтеріп  жауап береді. Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

І кезең – «Бәйге»

ІІ кезең – «Көкпар»

ІІІ кезең – «Ойлан, тап»

IV кезең – «Кім тапқыр?»

V кезең - «Жорға»                      

І кезең – «Бәйге»

  1. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (3-ке)
  2. Ежелгі тас ғасыры қалай аталады? (палеолит)
  3. Қазба жұмыстарын жүргізетін ғылым (археология)  
  4. Тарихтың атасы? (Геродот)
  5. Энеолит сөзі нені білдіреді? (мыс-тас ғасыры)
  6. Мезолит заманының үлкен жаңалығы? (Садақ пен жебені жасау)
  7. Микролит деген не? (М- ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастан құралған құрал)
  8. Қазақстан аумағында алғашқы адам шамамен бұдан қанша жыл бұрын пайда болды? (1 млн жыл бұрын)
  9. Ғалымдар Кения жерінен табылған алғашқы адамды қалай деп атады?

(епті адам)

  1. Жер беті күрт суи бастады? (100 мың жыл бұрын)
  2. Ең алғашқы адамдар питекантроп пен синантроптар ғылымда қалай аталады?

(тік жүретін адам)

  1. Алғашқы адамдардың кәсібі? (терімшілік)

ІІ кезең – «Көкпар»

  1. Б.з.б. 2 млн 600 мың жылдан - б.з.б. 12 мың жыл аралығы қалай аталады? (палеолит)
  2. Бұдан 100 мың жыл бұрын күрт суыған жер беті қай мыңжылдықтан бастап жылынып, мұздықтар ери бастады?  (13 мың жыл бұрын)
  3. Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құрал (бифас)
  4. Б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар аралығын қамтыған дәуір? (Неолит дәуірі)
  5. Энеолит дәуірінің кезеңі? (б.з.б 3000-1800 жыл)
  6. Ең алғашқы адамдар қолданған металл қандай? (мыс)
  7. Мыс пен қалайының қосындысынан не алынады? (қола)
  8. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді? (питекантроп)
  9. Ботай тұрағының табылған жері? (Солтүстік Қазақстан)
  10. Ежелгі адамдар өз білімдерін не арқылы хабарлады? (пиктография)
  11. Адамдардың наным-сенімі неге тәуелді болды? (кәсіп түріне)
  12. Неандерталь адамның табылған жері? (Германия)

Екі турдың қорытындысы шығарылып, екі оқушы кетеді, 4 оқушы қалады. 

ІІІ кезең – «Ойлан, тап»

Сайыскерлерге әрқайсысы 4 сұрақтан тұратын 4 тарау бойынша тапсырмалар беріледі. Сайыскерлер кезекпен әр тараудан қалаған ұпайды таңдап, жауап береді.

1-тарау. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

2-тарау. Қола дәуіріндегі Қазақстан

3-тарау. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан

4-тарау. Сақтар.

10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

Тас дәуірі                     

Қола дәуірі

Ерте темір дәуірі

Сақтар

 

 

 

1. Тас дәуірі.

   10. Қазақстан аумағынан неолиттің неше тұрақтары табылған? (800-ге жуық)

   20. Адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат

         құбылыстарымен байланыстыруы қалай аталады? (тотемизм)

   30. Мезолит дәуірінің кезеңі? (б.з.б. 12-5 мың жыл аралығы)

   40. Палеолиттің өзі нешеге бөлінді? (2-ге: ерте палеолит б.з.б. 2,6 млн жыл-

    б.з.б. 40 мың жыл аралығы, кейінгі палеолит б.з.б. 40-12 мың жылдар аралығы)

2. Қола дәуірі.

10. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің қамтыған уақыты? (б.з.б. 2мыңыншы жылдық

        -б.з.б 8 ғасыр аралығы)

20. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны (Нарым мен Қалба)

30. Ғалымдар қола дәуірінің ежелгі қаласы Арқайымды қай жерден тапты?

      (Қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облыс шекарасынан)

40. Кейінгі қола мәдениетін ата (Беғазы-Дәндібай мәдениеті)

3.Темір дәуірі.

10.Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі (Наурыз мейрамы)

20. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға

      көшу себебі (климаттың өзгеруі)

30. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана

      бастаған кезеңі? (б.з.б. 8 ғасырда)

40. Ерте темір дәуірі қай ғасырлар аралығын қамтиды? (б.з.б. 8 ғас. -б.з.-дың 6 ғасыр)

4. Сақтар.

10.Сақтар туралы мәлімет беретін жазба деректер сақталған елдер? (грек-рим, парсы)

20. Шошақ бөрікті сақтар , олардың орналасқан жері (тиграхауда, Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда)

30. Б.з.б. 530 жылы сақтарға парсы әскерлерін бастап келген патша? (Кир)

40.А.Македонскийдің сақ еліне жорығы қашан болды? (б.з.б. 4 ғасырдың 30-жылдары)

IV кезең – «Кім тапқыр?»

Тіл - тіршіліктің тірегі. Көп тіл білудің пайдасы көп. Сондықтан, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын, соның жауабын шешіп, орыс пен ағылшын тілдеріне аудару керек. Толық жауап – 30 ұпай, ал толық емес жауап 10 ұпаймен бағаланады.

  1. Оқтан жүйрік, қылыштан өткір (сөз)
  2. Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ таппайсың (тұз)
  3. Қазақтардың қасиетті саны (жеті)
  4. Мал патшасы (жылқы)
  5. Тіріден өлі туады, өліден тірі туады (жұмыртқа)
  6. Нан бар жерде .... бар (ән)
  7. Айтылған сөз, атылған ... тең (оқ)
  8. Жігіт бір сырлы, ... қырлы болсын (сегіз)

Кім айтқан? (тақтадағы жапырақтарды алып, ондағы жазылған сөздер кімдікі екенін айту)

   «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған» В.П.Алексеев

«Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» Грек авторы Ктесий

 «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ»   Помпей Трог

«Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі» Геродот

«Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым,елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер» Полиэн

«Сақтар грек горнизоны орналасқан Маракананы- қазіргі Самарқанды қоршауға алды. Македонский көмекке әскер жіберді.Спитамен шегінген сыңай танытты. Гректер «қорқып қашқан» көшпелілердің соңынан қуа жөнелгенде, Спитамен кері бұрылып шабуылға шықты... садақпен атып,түгел қырып салды» Арриан

Екі турдың қорытындысы шығарылып, екі оқушы кетеді, 2 оқушы қалады. 

V кезең - «Жорға»

А-нұсқасы

  1. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж. 16 желтоқсан)
  2. ҚР Тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)
  3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды. (1995 жыл 30 тамызда)
  4. Мемлекеттік Әнұранның авторлары кім?

(Сөзі Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаевтікі,әні: Ш.Қалдаяқовтікі)

  1. 2015 жыл қандай жыл деп аталды?  (Қазақстан халықы Ассамблеясының жылы)
  2. «Алтын киімді адам» қай жерден табылды? (Есік қорғаны, оңт. Қазақстан)
  3. 13 қола жебе табылған қорым (Шілікті қорымы)
  4. «Аң стилінің» пайда болған мерзімі? (б.з.б. 8 ғасыр)

 

Б-нұсқасы

  1. Мемлекеттік рәміздеріміз қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда )
  2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?

                (1991 жылы 2 қазанда)

  1. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кім?

                (Жандарбек Мәлібекұлы мен Шот-Аман Уәлиханов)

  1. Ұлттық теңгеміз айналымға шықты? (1993 жыл 15 қарашада )
  2. 2014 ж. қараша айында Президенттің халыққа арналған Жолдауының аты (Нұрлы жол- болашаққа бастар жол)
  3. «Шілікті алтын адамы» қай жерден табылды? (Шығ. Қазақстан)
  4. 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша қай обадан табылған? (Есік обасынан)
  5. 13 жирен жылқы табылған қорым? (Берел қорымы)

Егер екі оқушының ұпай сандары бірдей болған жағдайда, логикалық сұрақтар беру

Логикалық сұрақтар:

  1. Бөлмеде төрт бұрыш бар, әр бұрышта бір мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр, бөлмеде қанша мысық бар? (4 мысық)
  2. Төрт  жігіт бір етікте қалу үшін не істеу керек? (4-еуі де бір етіктерін шешу керек)
  3. Мына сандарды алып қараңыз 0-ден 9-ға дейін. Осылардың қосындысы көп пе, көбейтіндісі көп пе? (қосындысы)
  4. Ағашта «А» және «Б» отырған. «А» ұшып кетті,«Б» құлап қалды. Ағашта не қалды? (және)

Әділқазыларға сөз беру. Жеңімпазды анықтау. Марапаттау.

Мұғалімнің

«Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз – бақ әлдекімнің азығы» М.Әуезовтың сөзімен сабақты аяқтауы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз