Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Малбасова Күнімай
Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау!
Мақсаты: Орманды жерде тазалық сақтауға, өрттен қорғауға, айналаны қоршаған орта деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Білімділігі: Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі, орман тіршіліктегі маңызды қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Орман табиғат қазынасы, халық байлығы екендігі туралы дамыта білім бере отырып есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс – тәсілдері: іздену, сұрақ-жауап, сызба.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа қатысты оқу құралдарын тексеру, басқа да мәліметтер беру.
2. Үй тапсырмасын сұрау
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.
3. Үй жұмысын пысықтау
1. Қайық ағашының қандай пайдасы барын айтыңдаршы?
2.Орманның қамқоршы құстарын атаңдар?
3. Орманда қандай жыртқыш аңдар кездеседі?
Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру.
4. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз.
Орманнан қандай заттар алынады? Үстел, орындық, қарындаш, сызғыш, кітап сөрелері, есік, терезе жақтаулары.
Қағаз дайындайтын комбинаты: дәптер, газет, кітап.
Теміржолшы болса ағаш вагондар, темір жолдың астына салатын төсеніштер деп айтар еді.
Дәрі-дәрмек, татабиғи жолмен алынатын маталар жіптер алынады.
Орман ең алдымен адамның денсаулығы. Демалыс үйлері, тынығу орындары ағаш арасына салынады.
Ол жердің ауасы таза әрі шипалы. Ормандар болмаса ғаламшарымыздан оттегі адамдардың тыныс алуына жетпес еді.
Шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ.
Орман-тоғай баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы.
Сондықтан мемлекет ормандарды, тоғайларды қорғайды. Орманды жерлерде қорықтар ұйымдастырылып, оларды ағаш кесуге, жануарларды аулауға қатаң тиым салынған. Қазақстан жерінде он шақты қорық бар. Өсімдіктер мен жануарларды қорғауға алып, азайып кеткен түрлері «Қызыл кітап» міне осындай өсімдіктер мен жануарларды қорғауға шақырады.
5. Кітаппен жұмыс.
6. Сергіту сәті :
Табиғат ол – анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
7. Топпен жұмыс
1 топ орман туралы шығарма жазу.
2 топ мақал-мәтел айту.
3 топ орманның бір суретін салу.
8. Қорытынды:
Табиғаттың тарту еткен байлығы екндігін дәлелдеу үшін орманның маңызды қасиеттеріне көңіл бөлейікші.
Серикова Альмира
Өте керемет.