БІЛІМ МЕНІҢ ТІЛІМДЕ
(ертеңгілік)
Соның ішінде баланың мектепке алғаш келгені үлкен қуаныш. Себебі, мектеп –білім ордасы. Білімді, оқымысты, ғалым болуды кім армандамайды? Білімді болу үшін тәрбие, өнеге, тіл, ізденіс, талап керек. Баланың білімге талпынысы мектепке келуден, тіл үйренуден, ұжыммен араласудан басталады. Сондықтан, бұл ертеңгілігімізді біз «Білім менің тілімде» деген тақырыпта өткізбекпіз.
Ортаға бүлдіршіндерді шақырайық (тізім бойынша)
Ұл баланың әкесі: О, халайық! Мектепке ұлым барды!
Туған жердің бір гүлі,
Секілді ғой жан балам.
Мектебінде үлгілі,
Болар ма деп толғанам!
Қыз баланың анасы:
Табар көңіл қалауын,
Қуар жолын білімнің.
Бөлісіңдер, ағайын,
Қуанышын баламның. (Шашу шашылады)
Балалардың әдеби монтажы:
Алтыға толам биыл мен,
Оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына,
Мектепке барам, мектепке барам асыға!
Қуанды, әжем, қуанды,
Қададамымда құп алды.
Бетімнен сүйіп тұрып ол,
Көзінің жасын шығарды.
Қуанды, атам, қуанды,
Қадамымды құп алды.
Телефон соқты Үржарға,
Құттықтайын деп құдамды.
Ұйқысы мен деп қанбаған,
Қуанды менің жан анам.
Жасалған тойға жарқырап,
Маған бір айтты арнап ән.
Қуанды әкем, достары,
Қуаныш әнін бастады.
Жиылды үйге әкемнің,
Әпке мен қарындастары.
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Күнде бестік аламыз.
Мен Нұрасыл деген баламын,
Ағаның тілін аламын.
Ойынды үйге қалдырып,
Оқуға кетіп барамын.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
Қуыршақтар ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Бұзау, қозы, құлыншақ,
Ұйықта десек, ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса,
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызамын бұрышқа.
Қызықпын-ау өзім де,
Мақтанарым шамалы.
Үйге келген кезімде,
Кеткім келмей қалады.
Жан әжемнің жанында,
Тіпті рахат секілді.
Айтады ұйықтар алдында,
Ертегіні не түрлі.
Ал, мектепке бармасам,
Тұра алмаймын тағы да,
Мұнда қызық әрқашан,
Келем сосын сағына.
Үй жақсы ма, мектеп пе?
Білмей жүрмін сол жағын.
Екеуіне сондықтаан
Ортақ бала боламын:
Күндіз оқып мектепте,
Түнде үйге қонамын.
Математика пәнінен:
Санау үшін заттарды:
Қалам, дәптер, хаттарды...
Тану үшін сағатты,
Болу үшін сауатты,
Білу керек сандарды.
Жазу үшін сандарды,
Білу керек таңбаны.
Түрлі түрі, сиқы бар,
Ол таңбалар-цифрлар.
Цифрмен жаз сандарды.
Интерактивты тақтадан «Лото» ойынын ойнату.
10 көлеміндегі сандарды қосу азайту, салыстыру.
Кел, демалайық! (сергіту сәті)
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.
Тіл дамыту пәні:
Жұмбақтар шешу.
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
Қолы жоқ, сурет салады.
Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)
Ти десем, тимейді.
Тиме десем, тиеді. (ерін)
Оқусыз білі жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Сауат ашы сабағы:
Буындарды оқыту.
Сөздерді оқыту, буынға бөлу.
Қоржыннан алынған сөздермен сөйлем құрау.
Көркем әдебиеті сабағы:
«Қожанасырдың айды аспанға шығаруы»
«Саңырауқұлақтың саясы»
«Алдар көсе мен бай баласы»
Музыка мен Ырғақ сабақтары:
Соңында бата сұрау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі