Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер қорын ұйымдастыру. Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды деректер қоймасын ұйымдастыру және оның терминологиясымен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулықтар
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру .
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Ақпаратты жүйенің ұғымы дегеніміз не?
• Білім дер базасын айқындау дегеніміз не?
Жаңа түсініктер:
Access мәліметтер базасы жөнінде негізгі мағлұматтар
Мәліметтер базасы (МБ)(деректер қоймасы) - белгілі бір пәндік аймаққа жататын объектілерді (процестерді, құбылыстарды, оқиғаларды), олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік аймақ дегеніміз мәліметтер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Microsoft Access 97/2000 СУБД-сы Windows 98/2000 ортасында жұмыс істейтін, жаңа буынға жататын реляциялық мәліметтер базасының 32-разрядты басқару жүйесі болып табылады. Оның Windows-технологиясының барлық жақсы қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсі бар. Access кестелер, формалар, сұраныстар, басылымдар, макростар және модулъдер сияқты мәліметтер базасының объектілерімен жұмыс істейді.
Кестелер - мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден және жазбалардан тұратын мәліметтер.
Кесте (Tables) - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.
Жазба (Record) - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір объект туралы толық мәлімет береді.
Өріс (Field) - кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.
Объектінің әрбір сипаты (қасиеті) белгілі бір өріс мәні болып табылады. Әрбір кесте үшін бастапқы түйінді мәнді, яғни негізгі (кілтті) өрісті анықтауға болады, ол әрбір жазбаны басқаларынан бөліп идентификациялау үшін пайдаланылады (әрбір жазба үшін бірегей мағынаны білдіреді) және ол бір немесе бірнеше өрістен тұруы мүмкін.
Түйінді өріс (ключевое поле) - кестедегі жазбаларды таңдап алу үшін мәндері қолданылатын негізгі өріс.
Кілт (ключ) немесе түйін - кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше түйінді өрістер.
Санауыш - кестедегі жазбалардың реттік нөмірлері орналасатын өріс.
Сұраныс (Queries) - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгілеген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.
Форма (Forms) - мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.
Басылым (отчет) - мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған нәтижелік құжаттар.
Индекс - индекстелетін өріс мәні арқылы кесте жазбаларын автоматты түрде сұрыптау тәсілі.
Жазбаны белгілеу аймағы - кесте жолын толық белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.
Өрісті белгілеу аймагы - өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті түгел белгілеу мүмкіндігін береді.
Конструктор - мәліметтер базасы объектілерінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) касиеттерін анықтау режимі.
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Деректер қоймасы дегеніміз не?
• Деректердің реляциялық қоймалары дегеніміз не?
• Кесте, өріс дегеніміз не?
Үйге тапсырма: -тақырып.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі