Өлең, жыр, ақындар

Сабырсыз, арсыз, еріншек

Күні: 17.11.15

Тақырыбы: Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев.

Мақсаты:

Білімділік:  Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.

Тәрбиелік: адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу,адамгершілік  құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: көркем мәтіннен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.

Түрі: аралас сабақ (жарыс). Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, қорытындылау.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Психологиялық жаттығу

  • Әрқайсысың өздеріңді  қандай адам болуым керек деп ойлайсындар?(оқушы  ойы)
  • «жақсы сөз –жан азығы »дейді қазақ. Мына жүрекшені бір-бірімізге бере отырып ,қандай адам  болу керектігін  білдіретін  тілегімізді айтайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:   «Алма теру » ойыны

  1. Спандияр Көбеев кім?
  2. Ол мектепке алынған  кезін  қалай есіне алды?
  3. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр? 
  4. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?
  5.  Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?
  6. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті?
  7. Болыс пен байлардың  әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
  8. Әңгіме неге  «Орындалған арман»     деп аталған

                             Шығарма оқыту «Менің  арманым»

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Тақтаға немесе интерактивті тақтаға:

«... Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс - көнсеңіз»

  • Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
  • Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
  • Абайдың тағы қандай шығармалары бар?
  • Абай ата туралы не білеміз?
  • Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты -  Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін  Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Операциялық-орындаушылық кезең.(оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру.)

Абай Құнанбаев

1845 - 1904

 

Семей өңірінде туылған

 

Абайдың Энциклопедиясы, өлеңдер жинағы бар.

 

Ұлы ақын

 

Алматы қаласында ескерткіші бар.

 

 

  1. Абай Құнанбаев туралы қосымша мәлімет:

Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан , әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.

Жарыс сабақ. (оқушыларды 4 топқа бөлу). Тақырыбы: «Абай ауылына саяхат»

І топ – «Абайдың өлеңдері»

ІІ топ – «Абайдың қарасөздері»

ІІІ топ - «Абайдың табиғат туралы өлеңдері»

ІҮ топ – Абайдың әндері. (Топ басшысы сайланып, бағалау парағы беріліп, балалардың атын жазып, жауап бергендерге + (плюс) таңбасын қойып отырады.)

1 – тапсырма .

І топ – «Абайдың өлеңдері»

ІІ топ – Абайдың 3-ші қарасөзін оқып, түсінгенін айтады.

ІІІ топ - Абай табиғат өлеңдерін оқу

ІҮ топ – Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» немесе «Көзімнің  қарасы» әнін орындайды.

 3. Оқулықпен жұмыс 
Кітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей дауыстап оқыту( балаларға мәнерлеп оқыту). 
4. Өлеңнің идеясын ашу 
- Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр? 
- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті, 
ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты..... 
- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? 
- Адамның жағымсыз мінез - құлықтары 
- Балалар, сендер Абай аталарыңның адамның мінез-құлқын жырлайтын тағы қандай өлеңдерін білесіңдер? 
- «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі. Осы өлеңді кім жатқа айтады? 
( Оқушылардан сұрау) 
- Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер? 
- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,.... 
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде? 
- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады. 
- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар? 
- Адамгершілік туралы. - Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен. 
Осы орайда үшінші қара сөзден үзінді тыңдайық. 
- Балалар, сендер Абай аталарыңның адамның мінез-құлқын жырлайтын тағы қандай өлеңдерін білесіңдер? 
- «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі. Осы өлеңді кім жатқа айтады? 
( Оқушылардан сұрау) 
1 – тапсырма 
« Кім шапшаң ?» ойынын жүргізейік. Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» және « Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін салыстыра отырып, адамның жағымды, жағымсыз қылықтарын жазу. 
(Әр оқушыға вен диаграммасы сызылған бет таратылады). 

Адамның мінез - құлықтары

2 – тапсырма.  Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, мына кестені толтыр.

 

 

 

Жағымсыз

 

Жағымды

                                                                                                                                                   

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ...

 

Сабырлы, арлы, еңбекқор, сыпайы, білімді, ақылды ...

 

Өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншек,бекер мал шашпақ ...

 

Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, алауыз,...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталған өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.
ІV. Сабақты бекіту: 
- Бүгінгі өткен өлеңімізде ақын адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды? 
- Қандай мінез – құлықтарды бойымызға сіңіруіміз керек? 
(Адамның мінез – құлықтары кестесін пайдалып қайталап шығу.) 
V. -Абай рухы - туған тілдің тірегі. 
Абай рухы - қазағымның жүрегі. 
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып, 
Намысыңды қамшыласын үнемі - 
деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған бүгінгі сабақты қорытындылай келе (бағаларын айту, мадақтау) 
- Бүгінгі сабақ ұнады ма? 
- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық. 
Үйге: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама , өлеңді жаттау

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің саны, яғни плюстері саналады. Оқушылар өздерінің жауаптарына ауызша баға береді.  Жарыс қорытындысы шығарылады.

ҮІІ.  Қорыту. «Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?», «Нені білмей қалдым?» сұрақтарына  жауап беру.

ҮІІІ.  Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу, 2. Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз