Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру;
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, жан-жақты ойлауға үйрету;
Тәрбиелігі: Оқушыларды сауатты жазуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, іздену, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, ағылшын тілі
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, бағалауға арналған жұлдызшалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, дара тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым – қазақ тілім!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларға жазып келген сөйлемдерін оқыту. Талдау.
Өткен тақырыпты бекіту (лото ойыны слайд)
Жақсы. Олай болса дәптерлерімізді жинаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады: Сенің атың кім? Нешінші сыныпта оқисың?
Оқулықтағы ережені хормен айту.
Ендеше, балалар біз бүгін сіздермен сөйлемнің екінші түрі сұраулы сөйлеммен танысамыз. Сұраулы сөйлем деп біреу немесе бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.
ІV. Оқулықпен жұмыс. 175-жаттығу
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
Аққулар – қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың үш түрі: сұңқылдақ аққу, кіші аққу, сыбырлақ аққу кездеседі. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
V. Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің жадын жазамыз. Қазір жылдың күз мезгілі.
Күз мезгілінің қай айы?
Қараша.
Қараша айында қандай атаулы күндер бар?
15-қараша ұлттық валюта күні. Яғни төл теңгемізге биыл 21 жыл. (видеоролик көрсету)
Көркем жазу сәті.
Тт
Табиғат тәрбиесі
176-жаттығу. Тақтамен жұмыс
Мәтінді тізбектеп оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
Татулық, достық туралы қандай мақал-мәтел білеміз?
VI. Сергіту сәті. (слайдпен)
VII. 178-жаттығу. Өлеңді диалог арқылы мәнерлеп оқу.
-Қандай сөйлемдер оқыдыңдар?
-Сұраулы сөйлем қалай оқылады?
VIII. 179-жаттығу. Шығармашылық тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрап жазайық.
IX. Сабақты қорыту «Адасқан сөйлемдер»
Ойынның шарты: берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйшігіне орналастыру.
Құстардың түрі өте көп. Бүгін сыныпта кім кезекші? Жасасын бейбітшілік! Бүгін мектепке барасың ба?
«Балық аулау» ойыны:
Үйге тапсырма: 177-жаттығу. Мына жағдайларды білу үшін сөйлемдер құра.
Оқушыларды бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі