Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Илясова Алма И
Тақырыбы : Біздің ту. 76-77-жаттығу (ашық сабақ) 1- сынып
Мақсаты :
Білімділік : Оқушылардың тасымал туралы білімдерін пысықтау. Мемлекеттік белгілердің бірі – ту туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға үйрету.Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіріп, тасымалдауға болмайтын сөздермен таныстыру.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын молайту сөйлеу қабілеттерін одан әрі дамыту. Сөздерді дұрыс тасымалдау машықтандыру.
Тәрбиелігі : Отанды сүюге ,туған еліміздің құндылықтарын бағалай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, ту суреті, Шәкен Ниязбековтың Тұманбай Молдағалиевтің суреті, тест сұрақтары .
Сабақтың әдісі : сұрақ –жауап,түсіндіру, көрнекілік, ойын, логикалық ойлау.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Пән аралық байланыс :математика пәнімен байланыстыру.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі :
Орнымыздан тұрайық, Амандасып алайық Жақсы оқып сабақты
Жақсы баға алайық.
2.Үй тапсырмасын сұрау .
Балалар үйге қандай тапсырма берілді / Интерактивті тақтадан Қазақстанның картасын көрсету /
«Қазақстан картасы »өлеңін мәнерлеп оқу.
3. Өлеңдегі жер аттарын жатқа айту, картадан көрсету.
3.Үй тапсырмасын бекіту. Интерактивті тақтамен жұмыс. Өткен материалдар бойынша білімдерін, бекіту арқылы білімдерін жан-жақты тексеру. Қызықты тапсырмалар орындату. «Дұрыс па?» дидактикалық ойын.
-Балалар ненің суретін көрдіңдер.
-Табиғат.
-Аспаны қандай?Көгілдір. –Осы түске ұқсас еліміздің қандай рәміздері бар? (немесе еліміздің картасын айтып жаңа тақырыпты ашу)
V. Кіріспе әңгіме өткізу.Егеменді еліміз туралы әңгімелету,ту, елтаңба әнұран жайлы білетіндерін айтқызу.
«Таңбасыз ел болмайды.
Найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Әр халықтың тарихына , салт-дәстүріне , мәдениетіне байланысты рәміздері болады. Рәміз дегеніміз- белгілі бір нәрсені суреттермен , таңбалармен сипаттап көрсетуден туатын шартты белгі. Кез келген мемлекеттің өз рәміздері болады. Сол сияқты біздің еліміздің де өз рәміздеріміз бар . Ол әнұран , елтаңба , ту . Ту аспан түстес түсі көк. Бүкіл дүниеге көк жүзі ,аспан әлемі ортақ. Аспанымыз ашық болсын деп туымыздың түсі көк. Күн бейбітшіліктің белгісі. Туда күннің болуы , күнде ортақ.Күн сәулесі бәріне нұрын шашады,сәулесін шашады. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс тәуелсіздіктің белгісі. Қыран – қасиетті, киелі құс.Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі салт-дәсүрдің , мәдениеттің және ұлттық өнердің бір көрнісі
Оқушылар өз ойларын айтады.Туды қадірлеп құрметтеуіміз керек.Туды қай жерлерден көресіңдер ?
Ту ол кез келген жерге тігілмейді. Ол мемлекеттік мекемелер үстінде, салтанатты мерекелерде, елімізге ресми қонақтар келгенде тігіледі.
Интерактивті тақтадан тудың суретін , Тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтың суретін көрсетіп ,таныстыру , ту туралы түсінік беру. (Видо ролик)
Онда бүгінгі өтетініміз «Біздің ту»
4.Жаңа сабақ.,Бүгін біз «Біздің ту» өлеңімен танысамыз және Тұманбай Молдағалиев туралы қысқаша мағлұмат бере келіп, өлеңді мәнерлеп оқып кезекпен өлеңді оқыту.Өлеңді мазмұндату және тасымалдауға келмейтін сөздер туралы білесіңдер
Тасымалдауға болмайтын сөздер туралы түсінік беру.
Ереже: Бір буынды сөздер, бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздерді жазу жолына сыймаған жағдайда тасымалдауға болмайды!
Тасымалданбайтын екі буынды сөздер:
Ондай сөздерді ешқашан да тасымалдауға болмайды.Оларды тұтастай жазу керек.
Енді осыны тереңірек түсіну үшін жаттығулар орындаймыз.
Сөздік жұмыс
Сергіту сәті:
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Дәптермен жұмыс
76-жаттығу:Өлеңді оқыту, талдау, көшіріп жазу, тасымалданбайтын сөздерді табу. Тасымалдауға келмейтін сөздердің астын сызғызу . Буын түрлерін ажырату.
77-жаттығу: Тасымалдауға болмайтын екі буынды сөздерді буынға бөліп оқыту.Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс.
VII.Бекіту кезеңі: (суреттер сөйлейді)
VIII.Үйге тапсырма:«Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқу.Тасымалданбайтын сөздер туралы біліп, есте сақтап келу.
Оқушы белсенділіктерін бағалау
Аяулым
Оте керемет